Сабақ тақырыбы Аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділер Оқу мақсаттары



Дата20.02.2020
өлшемі58,08 Kb.
#58482
түріСабақ
Байланысты:
5 ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚМЖ (ОРЫС КЛ) полный (1)




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі


Мектеп: №75ЖББМ

Мұғалімнің аты-жөні : Кеңесбекова Қ.Қ.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Күні:21.02.2020

Сынып: 5 «В»

Сабақ тақырыбы

Аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділер

Оқу мақсаттары

  • 5.1.3.1 Тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну.

  • 5.2.6.1 Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау.

  • 5.5.1.7 жазба жұмыстарында хабарлы сөйлемдердің жасалу жолдарын білу




Сабақ мақсаттары


Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар арқылы оқушыларға аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділер жайлы ақпарат беру

Бағалау критерийлері

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділер жайлы ақпарат береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділерді сипаттайды, қосымша мәліметтер береді.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды.Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастыра алады. Тірек сөздер мен суреттерді пайдалана отырып, сөйлем, постер құрастырады.


Сөздік қор

Ғарыш, аспан, күн, жұлдыз

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық.


Пәнаралық байланыстар

Физика, астраномия пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Аспан әлемі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
5 минут

Балалармен амандасамын. «Квест» әдісі арқылы топқа бөлемін.

«Жүректен-жүрекке» тренингін өткіземін (Оқушылар қолындағы затты бір-біріне беру арқылы жақсы тілектер тілейді).

Үй тапсырмасын тексеремін.

Сабақтың мақсатымен таныстырамын






Сабақ басы
30-минут

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділер жайлы сурет көрсетемін. Ой шақыру сұрақтарын қоямын: Балалар, бұлар кімдер деп ойлайсыңдар?

  1. Сөздікпен жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады.



  1. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

  2. Айтылым. Мәтін бойынша екі топқа 2 сұрақтан беремін.

  3. Айтылым. Іmektep сайтынан ғарыш туралы филім көрсетемін. Филім бойынша ия жоқ, артығын тап ойындарын ойнайды.(топ басшыларының жарысы)

5. Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 8-тапсырманы беремін. Лепті сөйлем, сұраулы сөйлем жасайды.

Сергіту сәті. Би « қ ы з ы л гүлім – ай »

Бекіту: Аспан әлемін зерттеген ғалымдар туралы тірек сөздер мен суреттер беремін. Постер жасайды.

Үйге тапсырма: 55-бет, 11-тапсырма



Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар.


Сабақтың соңы

5 мин


Формативті бағалау. Әрбір тапсырмадан соң жұлдызша беріп отырамын. Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауларына байланысты берген жұлдызшаларды санайды. Қай топта жұлдызша көп болса сол топ жеңіске жетеді.

Рефлексия: Күн шапақтарын таратамын, балалар сабақтан алған әсерлерін жазып тақтаға іледі


Күннің суреті, түрлі-түсті стикерлер



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарды өз бетінше жауап бере алады.







Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет