Сабақ Тақырыбы: Қатерсіз мезенхималық ісіктер



Дата30.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#175757
түріСабақ
Байланысты:
14-ші-апта-ЖалпыПА


14-ші ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Қатерсіз мезенхималық ісіктер.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Мезенхималық ісіктердің жалпы клиникалық-морфологиялық сипаттамасы. 2.Дәнекер тіннен дамитын қатерсіз және қатерлі ісіктер, олардың түрлері мен морфологиясы.
3. Тамырлардан дамитын қатерсіз және қатерлі ісіктер, олардың түрлері мен морфологиясы.
4. Бұлшықеттерден дамитын қатерсіз және қатерлі ісіктер, олардың түрлері мен морфологиясы.
5. Сүйектерден және буындардан дамитын қатерсіз және қатерлі ісіктер, олардың түрлері мен морфологиясы.


Макропрепараттарды сипаттау:

  1. Жатыр миоматозы. Жатырдың пішіні мен өлшемін, ісік түйіндерінің санын, консистенциясын, олардың локализациясын (субсероздық, интрамуралдық, субмукоздық), түйіндердің кескіндегі түсін сипаттаңыз.





Микропрепараттарды қарап, суретін салу:

  1. Жатыр лейомиомасы (Г-Э бояуы). Ісік паренхимасы мен стромасын сипаттаңыз. Ретсіз орналасқан бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарының қалыңдығының әртүрлі болуына назар аударыңыз.




2) Бауырдың каверналық гемангиомасы (Г-Э бояуы). Пішіні мен өлшемі әртүрлі, қабырғасы жұқа көк тамырлық қуыстарды (кавернозды), олардың қанмен толтырылғанын, ісіктің айналасындағы атрофияға ұшырыған бауыр тінімен шекарасын сипаттаңыз.





Дайындыққа арналған негізгі материал:

  1. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия. Аударған М.Т. Айтқұлов. - М: Гэотар-Медиа, 2014.

  2. Зайратьянц О.В. Патологиялық анатомия: атлас. /қазақ тіліне аударған Айтқұлов М.Т.– М.: Гэотар-Медиа, 2014.



https://drive.google.com/file/d/1YtxcUisNdQHQxSgREJQEpNqJlQrhU8AK/view

17-ші БОӨЖ


Тақырыбы: Жеке тіндер обыры – өкпе обыры, жатыр обыры.




Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Өкпе обыры – обыралды процестері, макроскопиялық түрлері, гистологиялық түрлері, метастаздануы, асқынулары.

  2. Жатыр денесінің обыры – обыралды процестері, макроскопиялық түрлері, гистологиялық түрлері, метастаздануы, асқынулары.



Макропрепараттарды сипаттау:

  1. Өкпе обыры. Ісіктің орналасуын, бронхпен байланысын сипаттаңыз. Ісіктің пішінін, өлшемін, түрін, консистенциясын және түсін сипаттаңыз. Ісіктің өсу сипатын, айналасындағы тіндермен шекарасын, макроскопиялық түрін, обырдың мүмкін болатын гистологиялық түрін анықтаңыз. Ракалды процестерді, мүмкін болатын асқынулары мен метастаздану жолдарын жазыңыз.





  1. 2) Жатыр денесінің обыры. Ісіктің орналасуын, сыртқы түрін, өлшемін, консистенциясын, түсі мен айналасындағы тіндермен шекарасын, өсу түрін сипаттаңыз, мүмкін болатын гистологиялық түрін жазыңыз. Ракалды процестерді, мүмкін болатын асқынулары мен метастаздану жолдарын жазыңыз.





Микропрепаратды қарап суретін салу:

  1. Жалпақ жасушалы қасаңдалатын рак (Г-Э бояуы). Ісіктің паренхимасы мен стромасын, атипиялық көпқабатты жалпақ эпителииді, эпителиидің қасаңдалу ошақтарын сипаттаңыз.






Дайындыққа арналған негізгі материал:
Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия. Аударған М.Т. Айтқұлов. - М: Гэотар-Медиа, 2014.
Зайратьянц О.В. Патологиялық анатомия: атлас. /қазақ тіліне аударған Айтқұлов М.Т.– М.: Гэотар-Медиа, 2014.

18-ші БОӨЖ




Тақырыбы: Мезенхималық қатерлі ісіктер.


Макропрепараттарды сипаттау:



  1. Аяқтың остеосаркомасы. Ісіктің көлемін, кескіндегі түрі мен түсін, айналасындағы тіндермен қатынасын сипаттаңыз, мүмкін болатын метастаздану жолдарын, асқынуларын жазыңыз.






Микропрепараттарды қарап олардың суретін салу:



  1. Дифференцацияланбаған ұршық жасушалы саркома. Пішіні әр түрлі ісік жасушаларын, олардың ядроларының әр түрлілігін, боялу интенсивтілігінің әр түрлілігін, ұршыққа ұқсас ісік жасушаларының көп болуын сипаттаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет