№17
Сабақ тақырыбы: Атмосфералық құбылыстар,олардың тірі организмге әсері
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушыларға атмосфералық қыбылыстар, жауын- шашын түрлері мен олардың пайда болу жолдары туралы түсінік беру;
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін , картамен , интерактивтік тақтамен оқулықпен жұмыс жасай білу,білім- білік дағдыларын жетілдіру, география пәніне қызығушылық қабілетін дамыту; жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғай білуге , жауапкершілік сезімін қалыптастыруға тәрбиелеу ; табиғат құбылысының апаттарынан сақтана білуге тәрбиелеу;
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап , сұрақ-жауап
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивтік тақта, кестелер
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын сұрау /миға шабуыл/
-гидросфера жердің қандай қабаты?
-жер бетіндегі тұщы су көлемі қанша?
-қанша мұхит бар?
-д.ж мұхиттың ең терең жері
-көлемі бойынша ең кішкентай мұхит?
-су айналым дегеніміз не?
-су неше күйде кездеседі?
Географиялық диктант
Географиялық диктант
Жердің су қабығы - .... . (гидросфера)
Бір литр теңіз суының құрамында .... грамм тұз болады. (35 грамм)
Емдік сулардың шығып жатқан жерін .... деп атайды. (арасан)
Табиғатта су неше күйде кездеседі. (қатты, сұйық, газ)
Ішуге жарамды суда тұздың неше грамы болуы керек. (1 грамм)
Гидросфераның құрамына .... жатады. (мұхит, өзен, көл, жерасты суы, батпақ сулары, мұздық, атмосферадағы су буы).
Ментальды карта
Д.ж су айналымының суретін салу
3.Жаңа сабақ
Атмосфера деп жердiң ауалық қабатын айтады. Ауа барлық жерде кездеседi: топырақта, жер астындағы кеңiстiкте және тiптi суда да бар. Атмосфера бiздiң планетаны қызып кетуден сақтап, тон сияқты қоршап жатады. Жер күн сәулесiнiң әсерiнен қызады, бiрақ күн сәулесiнiң бiр бөлiгi атмосферада ұсталынып, жер бетiне жетпей қалады. Сонымен бiрге атмосфера жер бетiнен ғаламшарға шығатын жылуды ұстап қалып, жердi суып кетуден сақтайды.
Казiргi кезде адамдар атмосфераны және атмосфералық құбылыстарды зерттейдi. Осы мақсатпен метеорологиялық стансылар салынады. Атмосфераның жағдайына арнайы кемелер мен ұшақтардан, жердiң метеориттер серiктерiнен бақылаулар жасалынады. Ауа тiрi организмге тыныс алу үшiн қажет.
Атмосфера күйi адамдардың шаруашылық қызметiне әрқашан әсер етедi. Онымен бiрге атмосфералық құбылыстар: нөсер, бұршақ жаңбыр, шаңды борандар түсуi, қатты желдер байланысты. Жауын-шашынның уақытында жер бетiне түсуiне және олардың мөлшерiне ауыл шаруашылық дақылдарының өнiмi тәуелдi.
Зиянды атмосфералық құбылыстар:
Қуаңшылық
Аңызақ
Үсік
Көктайғақ
Шаңды дауылдар
Көктемнің аяғы мен күздің басында арктикалық ауа массаларының енуіне байланысты болатын құбылыс.
Ауаның температурасы оºС-тан төмендеп, жер тоңазып қалады.
Егінге, жеміс ағаштарына көп зиян келтіреді.
Солтүстікте - әрбір 10 жылдың 5 жылында үсікке шалыну болады.
Оңтүстікте - әрбір 10 жылдың 4 жылында үсікке шалыну болады.
4.Бекіту
Географиялық диктант.
Сұрақтарға дұрыс жауаптың сандарын қой.
1.Қыста аязда тартылған сымға тұрып қалатын мұз қиыршықтары.
2.Күзде жанасқан заттарға ауадан бөлінетін су тамшылары.
3. Бұлттан температура 0градустан төмен болғанда түсетін жауын- шашын түрі.
4.Қүздін , қыста ауа температурасы төмендеп кеткен кезде , заттарға тұрып қалатын кристалды мұз.
5.Бұлттан сұйық күйінде түсетін жауын- шашын түрі.
Жауаптары:
1.қар 2.Жаңбыр 3.Қырау 4.Шық 5. Қылау
Кестені толтыр
Жауын- шашын түрлері
|
Қандай ауа- райында түседі?
|
Жылдың қандай мезгілінде түседі?
|
Жаңбыр
|
|
|
Қар
|
|
|
Бұршақ
|
|
|
5.Сабақты қорытындылау
6.Үй тапсырмасын беру. оқу мазмұндау, алдағы апта ішіндегі ауа райында болған құбылыстар туралы дәптерге жазып келу
7.Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |