Сабақ тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгерістер



бет39/60
Дата11.10.2023
өлшемі1,7 Mb.
#184683
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60
Байланысты:
3 сынып қмж кан

Бағалау критерийлері

Ойындар барысында қарапайым жаттығуларды дұрыс пайдаланады, белсенді қимылдайды, адамгершілік құндылықтар, патриоттық сезімді түсінеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
Оқушы назарын аудару


10 минут



Уақытты жоспарлау:
Дайындық бөлім: 8-10 мин.
Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу.
Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.
Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар. Мәнерлі жүрістер.
Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру.
Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды, бұлшық еттерді негізгі қимыл-қозғалыстарды орындауға дайындау.

Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.



Сабақтың ортасы
30 минут


И, К, Г) Пионербол ойынындаоқушылар допты екі қолмен лақтырып ,қағып алу шеберлігін дамытады.
Пионербол –командалық ойын .Әр командада
6 оқушыдан ойнайды. Екі команданы бөліп тұратын –волейбол торы.Ойын кезінде оқушылар тізелерін сәл бүгіп тұрады.Мұғалемнін берген белгісі бойынша бір команда ойынды бастайды. Ойыншылыр допты екі рет бір-біріне лақтырып беріп,үшінші ретінде тордан асырады.Допты екінші команданың бір ойыншысы жерге түсірмей қағып алуы керек .Сол ойыншы ойынды әрі қарай жалғастырады.Қай команда көп ұпай жинаса ,сол команда жеңіске жетеді.
Әр командада көп болғанда 6 ойыншыдан болуы керек.
Әр ойыншының өз орны болуы тиіс.
Мұғалім ысқырықпен белгі беру арқылы ойынды бастап, басқарып тұрады .
Допты әр команданың ойыншылары екі рет бір- бірлеріне лақтырып беріп,үшіншісінде тордан асырып лақтыруы керек .
Егер доп торға тисе немесе алаңнан шығып кетсе , онда да қарсылас командаға беріледі .
Ойын команданың біреуі 6-дан 10 ұпай алғанға дейін созылады .
(И, Г, Э) «Күн мен түн». Ойыншылар алаң ортасында бір-біріне арқасымен тұратын екі топқа бөлінеді, олардың аралығы 1,5 м. Бір топқа «Күн» атауы, екінші топқа «Түн» атауы беріледі. Әр топтың өз алаңында (10—12 м) үйі бар. Мұғалім кенеттен топ атауының біреуін атайды, мысалы «Күн!» Осы топтың ойыншылары өз үйлеріне жылдам жүгіріп барады, ал басқа топ қуып жетіп, оларды ұстайды. «Ұсталған» ойыншылар басқа топқа өтеді және т.б. Ойын бірнеше рет өткізіледі, содан кейін бірдей жүгірісте (үш немесе төрт) әр топтан ұсталған ойыншылар саны саналады.
Көбірек ойыншыларды ұстаған топ жеңеді.

Мұғалімге ысқырық, гимнастикалық маттар, фишкалар, нығыздалған доптар, кегльдер.


Үлкен, бос кеңістік.
Мұғалімге ысқырық, фишкалар, теннис доптары, кегльдер.
Ысқырық
Доп





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет