Құндылықтарды дарыту
|
Мультфильмдерде қозғалатын адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын қарастыру.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Әдебиет.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды
|
Бастапқы білім
|
Анимация, мультфильм түсініктерімен таныс.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
|
Сабақтың басы
|
Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.
|
|
Сабақтың ортасы
|
Әнгімелесу. Сұрақтар:
Қандай мультфильмдерді көруді ұнатасыңдар?
Мультфильмдер қалай жасалады деп ойлайсыздар?
Мультфильм мен бейнелеу өнерінің байланысы бар деп санайсыздар ма? Неге?
Әлемде пайда болған ең алғашқы мультфильмді білесіңдер ме?
1. Оқушыларға динамикалық бейненің пайда болу тарихы туралы бейнебаян көрсетіңіз.
Бейнефильмді тамашалай отыра, оқушылар мультфильмнің пайда болу тарихын, жылын, елін, алғашқы анимациялық фильм туралы ақпаратты скетчбукке тізіп, жазып отыруын сұраңыз.
Топтық жұмыс.
Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, тапсырмамен таныстыру ұсынылады.
|