Сабақ тақырыбы Қауіпсіздік техника ережелерін сақтау Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет152/163
Дата07.02.2022
өлшемі6,85 Mb.
#97123
түріСабақ
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   163
Байланысты:
6 сын ҚМЖ ұлдар

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
















Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?













































































































































САБАҚ:

Мектеп:

Күні

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқан саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Батереялы шырағыдан дайындау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.1-Табиғи, жасанды және конструктивті материалдарды өңдеу үшін пайдаланатынқозғалысты беру механизмдері мен қол электрлік құралдардың құрылысын анықтайды және сипаттайды
6.2.6.2-Қол электрлі құралдары мен жабдықтарымен қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін, еңбек гигиенасы ережелерін (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру мен тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу) білу және түсіндіру

Сабақтың мақсаты

электр энергиясын өндіру және оның тұрмыста қолданылуы жайлы түсінік беру.
Электротехникалық жұмыстарды орындағанда ұқыптылыққа, жауапкершілікке үйренеді

Бағалау критерийлері

Әр түрлі материалдармен жұмыс жасауды жалғастырады
оларды өңдеуге (лобзикпен кесу, музыкалық аспаптар жасау, сымнан бұйымдар жасау) дағдыларын дамытады
Нысандардың сиппаттамаларын зерттейді
Тәжірбиелік жұмыс жасау барысында қауіпсіздік еңбек ережесін сақтау қажеттілігін ескере отырып, сенімділік танытып, сапасына мән береді

Тілді кмақсаттар



  • Электрқұрылғылар - Электроприборы-electrical appliances

  • Қыл ара - лобзик - jig saw

  • Бұрғылаубиті- сверло - drill

  • монтаж пышағы - монтажный нож - mountingknife

  • Балға – молоток - a hammer

  • Қолмен жұмыс істеу ережелері - Правила работы с ручным - Rules of work with manual




Құндылықтарды дарыту

Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу.
Оқушылар арасында жақсы қарым-қатнас орнату.
Оқушылар бір- бірін тыңдай біліп,басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап,ойын жеткізе білу.
Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

Пәнаралықбайланыстар

Физика пәндерімен: Электр құрылғылармен жабдықтау
Математика: Өлшемдер қою және түсіру

АКТ қолдану дағдылары

Жұмысбарысындаматериалдарға негізделген суреттемелер мен жазбалар жасауда бейне ролик көрсетіледі

Бастапқы білім



Табиғи материалдардан дайындалатын бұйым нобайын орындау
Нобайларын және орындау жоспарын аудитория назарына ұсынады.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
1 кезең

Сабақтың ортасы


2 кезең

Үй тапсырмасын бекіту
«Кім біледі?» ойыны. Шартты белгілер түрлерін слайд арқылы сұрау (8 шартты белгі) «беске» білетін оқушы 1 сұраққа жауап беріп, қалғаның оқушылардан «кім біледі?» деп сұрайды.
Электр схемасы дегеніміз?
«Иә, жоқ» ойыны

Темір тоқ өткізе ме?
Ауа тоқ өткізе ме?
Әйнек тоқ өткізе ме?
Пластмасса тоқ өткізе ме?
Мыс сым тоқ өткізе ме?
Ағаш тоқ өткізе ме?
Ылғаш ағаш тоқ өткізе ме?
Резеңке тоқ өткізе ме?

Суретшілер жұмыстарының көшірмелері
И.

Сабақтың соңы



Электр аспаптарымен жұмыс істегенде, көптеген материалдарды пайдаланасыңдар. Олармен жұмыс істеу үшін арнайы аспаптар қолданылады.
Электр материалдарының қатарына электр сымы, түтікшелер, оқшаулауыш таспа, бау т.б. жататын болса, аспаптардың қатарына тістеуік, монтер пышағы, қысқаш, жұмыр қысқыш, бұрауыш т.б. жатады. Электр сымдарының ішкі қабаты мыс пен алюминийден, сыртқы қабаты тоқ өткізбейтін оқшаулауыштан жасалады.
Электр бауы иілгіш оқшаулауыш әзірленіп, тұрмыстық электр жабдықтары мен тоқ көзін жалғастырады. Ол екі немесе көп тоқ өткізгіштен тұрады. Сымдардың бәрі бір түтіктің ішінде орналасады. Оқшаулауыш таспалар мен түтіктер электр сымдарының жалғанған жерін оқшаулап тұрады.
Сымдарды кесу үшін тістеуікті қолданады. Оның сабы міндетті түрдеоқшаулауышпен қапталады. Монтердің пышағы сымнан оқшаулауышты алып тастау үшін қажет. Пышақтың сабы пластмассадан немесе ағаштан жасалады. Қысқаштар электр сымдарын майыстыру немесе бұрау үшін қажет. Бұрауыштың көмегімен электр жабдықтарын құрастырады. Оның сабы да ағаштан немесе пластмассадан жасалған.

Электрмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Ұқыпты, тәртіпті, өте сақ болыңдар: мұғалімнің ауызша және жазбаша нұсқауларын бұлжытпай орындап отырыңдар.
2. Жұмыс орындарыңды мұғалімнің рұқсатынсыз тастап кетпеңдер.
3. Электр аспаптарын, материалдар мен жабдықтарды жұмыс орындарыңа мұғалім көрсеткен тәртіппен жайғастырып қойыңдар.
4. Тапсырманы орындауда қажетсіз заттарды жұмыс орнында ұстамандар.
5. Ток көздерін мұғалімнің рұқсатынсыз қоспандар.
6. электр тізбектерін құрастырғанда, ауыстырып қосу тетігін жалғастырғанда, жөндегенде, ток көзі ажырап тұруы керек.
7. электр тогы көзінде, сондай-ақ электр қондырғысының басқа бөліктерінде кернеудің бар-жоғын бақылау үшін арнайы бақылау шамын немесе кернеу көрсеткіш аспапты пайдалан.
8. Егер жұмысшы электр желісіне жабысып қалса, оны құтқаруы үшін, тіпті электр желісін шауып тастауға да болатынын білген жөн.
9. Резеңке қолғап пен резеңке етік кию ток соғудан сақтайтынын естен шығармаған жөн.
Сарамандық жұмыс
Жеке
Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап
Жұмысқа қажет материалдар: құрастыруға қажетті бұрауыш т.б. электр патрондары
Жұмыстың мақсаты: Тұрмыста қолданылатын электр шамы патроны құрылысымен танысып, оларды құрастырып үйрену
Патрондар электр шамдарын электр тізбегіне қосу үшін қажет. Олардың төбеге, бекітілген және асып койылатын бірнеше түрі бар. Патрондардың корпусы ток өткізбейтін материалдардан әзірленген. Оның ішкі бөлігінде екі түйіспелі бұрауышы болады, ол металл пластиналарға бекітіледі.
Патрондардың құрылысымен танысу үшін суретті пайдаланып, мынадай іс-амалдарды орындаңдар:

1. Электр патронының корпусынан қақпағын ажыратып алыңдар, оның фарфордан жасалған өзегін шығарыңдар.
2. Өзектің құрылысымен танысып, оның түйіспелерін, түйіспе бұрауыштарын табыңдар.
3. Сымдарды жалғайтын жерлерді біліп алыңдар.
4. Өзектің орнына қайта бекітіп, қақпағын жабыңдар.
5. Патрон қақпағын бекітіңдер.
Ойын: сен маған мен саған
«Жұбын тап»
Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын табу.
Электр үстелі
Технологиялық бұрау
Жұмыс материалдар
Сымды таспа
Оқшаулауыш пышағы
Электротехникалық схемасы
Қауіпсіздік элемент
Гальваникалық карта
Монтер ережесі

«Дұрыс жауабы»
Электр схемасы
Технологиялық карта
Жұмыс үстелі
Сымды бұрау
Оқшаулауыш таспа
Электротехникалық схемасы
Қауіпсіздік ережесі
Гальваникалық элемент
Монтер пышағы




Сабақтың соңы
2-мин
кері байланыс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет