Басталуы
|
Сергіту жаттығуы
«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.
Жаңа топ құру
Топтарға бөлу.
А сық арқылы бөлу
Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды
1-топ: «Алтын асықтар»
2-топ: «Күміс асықтар»
3-топ: «Қола асықтар»
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
Бүгінгі сабағымызда Қазақстанның ХХ–ХХІ ғасырлардағы ғылым саласындағы жетістіктері туралы мəліметтер аласыңдар. Сонымен қатар Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған ұлы ғалым Қаныш Сəтбаевтың өмір жолымен танысасыңдар. Сабақтың соңында сабағымыздың қалай өткеніне жəне өзімізге баға береміз. Егер барлығын түсінсең, «өте жақсы», кейбір тұстары түсініксіз болса, «жақсы», ештеңе түсінбесең, «нашар» деген баға қоясыңдар. Барлығыңа сəттілік тілеймін.
|
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмала
ры
|
Ортасы
|
(Қазіргі қоғам ғылымның арқасында жеткен игіліктерден бас тарта алмайды. Адамдар қоғамда кездесетін мəселелерді шешу үшін ғылымның жетістіктерін пайдаланады).
(Ұ, Ж) «Мəтінді кідіріс жасап оқу»стратегиясы.
Оқулықтағы мəтінді тізбектей басынан бастап оқу.
Оқушылар мəтіннен үзінді оқиды жəне соған қатысты сұрақтарға жауап береді. Осылайша мəтінді үзінділерге бөліп оқиды.
Дескрипторы:
көрнекі тұлғалардың елімізге сіңірген еңбегі туралы
әңгімелеп береді;
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|