Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-5
6-7
|
Психологиялық ахуал орнату.
Табиғат – біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Табиғатты қорғайтын
Біз әдепті баламыз,
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Дүниетану сабағы,
Үйретеді талайды.
«Пликерс» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру.
Дескрипторы:
-тест сұрақтарына жауап береді;
-пликерс кілтін қолданады;
ҚБ «смайликтер»
“Криптограмма” әдісі. Сандардың ретіне сәйкес әріптерді жазып, сөз құрау.
Қ
|
А
|
С
|
Ы
|
М
|
Х
|
А
|
Н
|
5
|
7
|
9
|
13
|
15
|
19
|
23
|
27
|
Ж
|
Ә
|
Ң
|
Г
|
І
|
Р
|
Х
|
А
|
Н
|
2
|
4
|
6
|
8
|
10
|
12
|
14
|
16
|
18
|
Т
|
Ә
|
У
|
К
|
Е
|
Х
|
А
|
Н
|
22
|
33
|
44
|
55
|
66
|
77
|
88
|
99
|
Топқа бөлу.
1-топ: «Қасым хан»
2-топ: «Жәңгір хан»
3-топ: «Тәуке хан»
Топ басшылары сайланады, әр топқа бағалау парақшасы беріледі, топ мүшесі өз тобын бағалап отырады.
Дескрипторы:
«Криптограмма» әдісі бойынша сөздерді дұрыс құрайды;
Тақырыпқа кіріспе
Қазақ хандығының құрылуы туралы бейнежазбаны көру: «Қазақ хандығы қалай құрылды?».
Талқылауға арналған сұрақтар:
- "Мың өліп, мың тірілдік"сөзі нені білдіреді?
- Жәнібек пен Керей сұлтандар несімен танымал?
- Қазақ хандығының 550 жылдығы қашан атап өтілді?
- Бұл оқиға біздің еліміз үшін неге маңызды?
Дескрипторы:
- "Мың өліп, мың тірілдік"сөзі қандай мағына білдіретінін айтады;
- Жәнібек пен Керей сұлтандар несімен танымал екендігін баяндайды;
- Қазақ хандығының 550 жылдығы қашан атап өтілдігін біледі;
- Бұл оқиға біздің еліміз үшін маңызын айтады;
Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз «Қазақ жерінің даңқты хандары» деп аталады.
Сабақ мақсатына жетелеңіз.
Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
Сабақ мақсаты:
Ұлы хандармен танысу: Қасым хан, Тәуке хан және Жәңгір хан;
Хандардың Қазақстан тарихындағы рөлін түсіндіру.
3.3.4.1 тарихи мысалдармен хандардың, батырлардың, билердің маңызы туралы түсіндіру
«Таза тақта» әдісі
Бағалау критерийлері:
синквейннің мазмұны хан билігінің ерекшелігін көрсетеді.
ҚБ «Жұлдызшалар»
|
Оқушылар бірге айтады
Пликерс кілттері, бағыттау
Топпен жұмыс
Фломастерлер, қалам
А3 парағы
Бағалау парақшасы топ басшылар бағалау
Тақта, А3 парағы
Стикерлер
|
Сабақ ортасы
8-11
12-16
17-26
27-36
|
«Жорамалда» тапсырмасы (ҰЖ)
Оқушыларға сюжеттік суреттер көрсетіледі. Оқушылар өз жорамалдарын айтулары керек:
* Хандар немен айналысқан?
* Олар кімге қызмет етті?
* Оларды кім сайлады?
* Ханның маңызды істерінен бірінші орынға не қояр едің?
* Неліктен?
-Оқушыларға "Қазақ хандары" туралы видеофрагментін көрсетіңіз;
-Олардың жорамалдарын ханның нақты қызметімен салыстыруларын сұраңыз.
Бағалау критерийлері:
- хандардың Қазақ халқының өміріндегі рөлін түсіндіреді.
Дескрипторы:
- хандардың Қазақ халқының өміріндегі рөлін түсіндіреді;
-Олардың жорамалдарын ханның нақты қызметімен салыстыра алады;
-Сұрақтарға жауап береді;
ҚБ «Отшашу»
«Картамен жұмыс» тапсырмасы (Дәптермен жұмыс)
Оқушылар Керей мен Жәнібек хандар және Қасым хан заманындағы қазақ жерлерін көрсетіп, қорытынды жасауы қажет.
ҚБ\Өзін-өзі бағалау
Бағалау критерийлері:
әр түрлі уақыт кезеңінде Қазақ хандығының аумағын салыстырады.
Дескрипторы:
әр түрлі уақыт кезеңінде Қазақ хандығының аумағын салыстырады;
Керей мен Жәнібек хандар және Қасым хан заманындағы қазақ жерлерін көрсетеді;
ҚБ: «ӨӨБ»
«Тарихи мұражай» тапсырмасы (ТЖ)
№1 топ
Қасым хан туралы ақпаратты оқып-зерттеп, оның билігі заманында хандық аумағы қалай өзгергендігін картада көрсетеді.
Ресурстар: Қасым хан туралы ақпарат, Қазақ хандығының картасы.
№2 топ
Жәңгір хан туралы ақпаратты зерделейді және Орбұлақ шайқасы туралы әңгімелейді, постер құрады.
Ресурстар: Жәңгір хан туралы ақпарат, Орбұлақ шайқасының картасы, осы шайқас туралы ақпарат.
№3 топ
Тәуке хан туралы ақпаратты зерделейді және «Жеті жарғы» заңдары туралы көрініс көрсетеді.
Ресурстар: Тәуке хан туралы ақпарат, «Жеті жарғы» заңдарының жинағы.
Бағалау критерийлері:
- Тәуке, Жәңгір, Қасым хандар туралы әңгімелейді;
- хандардың Қазақ халқының өміріндегі рөлін түсіндіреді;
Дескрипторы:
- Тәуке, Жәңгір, Қасым хандар туралы әңгімелейді;
- хандардың Қазақ халқының өміріндегі рөлін түсіндіреді;
- Қазақ хандығының картасы бойынша жұмыс жасайды;
ҚБ «Бас бармақ».
Сергіту сәті: «Мен Қазақпын»
«Бейнебаян жаса» стратегиясы (ЖЖ)
Жұпта оқушылар Қазақ хандығының құрылуы туралы бейне клиптің сценарийін құрастырады.
Талаптар:
Бейнебаян кем дегенде 4 кадрдан тұру керек;
Қазақстанның мемлекет болып құрылу жолындағы негізгі кезеңдер қамтылуы тиіс.
Бағалау критерийі:
Қазақ хандығы құрылуындағы барлық маңызды оқиғаларды атап шығады.
Дескрипторы:
Қазақ хандығы құрылуындағы барлық маңызды оқиғаларды атап шығады;
Бейнебаян үзіндісінен сценарий құрады;
ҚБ «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.
Қалыптастырушы бағалау парағы
«Сенің таңдауың» тапсырмасы (жеке)
Оқушыларға екі тапсырманың біреуін таңдау ұсынылады:
№1 тапсырма
Қасым, Жәңгір және Тәуке хандарының билік жүргізу кезеңдеріне лайықты сурет не таңба түріндегі рәмізді ойлап табу керек.
Бағалау критерийлері:
-ойлап тапқан рәміздер аталған хандардың билік ету кезеңдерін көрсетеді.
№2 тапсырма
«Қасым»/ «Жәңгір»/ «Тәуке» тақырыбына синквейн құрау керек.
Бағалау критерийлері:
-синквейннің мазмұны хан билігінің ерекшелігін көрсетеді.
Дескрипторы:
ойлап тапқан рәміздер аталған хандардың билік ету кезеңдерін көрсетеді;
синквейннің мазмұны хан билігінің ерекшелігін көрсетеді;
ҚБ «Бағалау парақшасы»
«Таза тақта» әдісі
Бағалау критерийлері:
хандардың Қазақ халқының өміріндегі рөлін түсіндіре алды;
әр түрлі уақыт кезеңінде Қазақ хандығының аумағын салыстыра алды;
Тәуке, Жәңгір, Қасым хандар туралы әңгімеледі;
ойлап тапқан рәміздер арқылы аталған хандардың билік ету кезеңдерін көрсете білді;
синквейннің мазмұны бойынша хан билігінің ерекшелігін көрсете алды.
Топ басшылары бағалау парақшасындағы оқушылардың жинаған ұпайларын санайды.
|
Сюжетті суреттер
Әр кезеңдегі Қазақ хандығының картасы
Жұмыс дәптері
Ақпараттар, хандардың портреттері
Қазақ хандығының картасы, Орбұлақ шайқасы
«Жеті жарғы» заңдар жинағы
Би қимылдарын жасайды.
Постер, маркерлер, бос кадрлар шаблоны
Қарындаштар
Стикерлер
|
Сабақтың соңы
37-40
|
Рефлексия (жеке):
«Жалғастыр» стратегиясы
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Әр оқушы кезекпен ханның бас киімі суретін (мұрақты) бір-біріне бере отырып, сөйлемді жалғастырып аяқтайды:
«Мен өз ата-бабамды мақтан тұтамын, себебі ....»
Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, мараппатайды.
«Өсу ағашы» арқылы сабақ барысында қаншалықты түсінгендерін көрсетеді.
Мадақтау, марапаттау
3-топқа СD диск Қасым хан, Жәңгір хан, Тәуке хан туралы мультхикаялар.
|
Ханның тігілген бас киімі-мұрақ немесе оның суреті
(дидактикалық материал)
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Дифференциация таңдау тапсырмасы арқылы жүзеге асырылады (әдіст.нұсқ.қараңыз). Қабілеті жоғары оқушыларға "Қай ханға қатысты айтылғанын тап» (оқулықтағы тапсырма) тапсырмасында хандарды анықтауды ұсыныңыз.
Оқуда кедергісі бар оқушыларға "Сенің таңдауың" тапсырмасын орындауда синквейннің үлгісін немесе символдың үлгісін көрсете отырып, қолдау көрсетіңіз.
|
Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Оқушылардың дұрыс емес жауаптарын белгілеп, уақытылы конструктивтік кері байланыс беріңіз. "Сенің таңдауың" тапсырмасы барлығы бағалау парақшасы арқылы топ басшылары бағалап отырады.
|
Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.
|
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?
|
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|