Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа
|
Оқыту әдістері:
|
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
|
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.
|
Шарлар арқылы топтарға бөлу.
|
Қызығушылықты ояту
|
«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.
|
Талдау,жинақтау,қорыту
|
Жаңа тақырып
|
Жаңа сабақ.
Мұғалім:
Бүгінгі сабағымыз 3 бөлімнен тұрады. (Білемін бөлімі. Білдім бөлімі. Білгім келеді)синтаксисті қайталауға арналған жаттығулар болғандықтан, синтаксистен өткен материалдарды еске түсіріп алайық.
I. “Білемін” бөлімінде:
Өткен тақырыптарға шолу сұрақтар мен топтық жұмыс (сөз тіркестеріне талдау болады). (10-минут)
Сұрақтар.
1. Синтаксис қандай сала?
Синтаксис- сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың бір саласы.
2. Сөз тіркесі дегеніміз не?
Сөз тіркесі-кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуын сөз тіркесі дейміз.
3. Сөз тіркесінің айрықша белгілерін ата!
1. Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады.
2. Өзара грам-лық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына байланысады.
3. Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.
4. Сөз тіркесінің түрлерін ата!
Сөз тіркесінің екі түрі бар: есімді сөз тіркесі ж/е етістікті сөз тіркесі.
Есімді сөз тіркесі д/з- басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі. Мысалы: жаңа киім.
Етістікті сөз тіркесі д/з- басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі. Мысалы: жел соқты.
5. Сөз тіркесінің лексикалық-грамматикалық қатынасын ата!
Сөз тіркесінің лексикалық-грамматикалық қатынасы мыналар: Анықтауыштық қатынас, толықтауыштық қатынас, пысықтауыштық қатынас.
6. Сөздердің байланысу тәсілдерін ата!
Сөйлемдегі сөздер 4 түрлі тәсілмен байланысады.
1. Қосымша (жалғаулар)
2. Шылау.
3. Орын тәртібі.
4. Интонация. (дауыс ырғағы)
7. Сөздердің байланысу түрлерін ата!
Сөздердің байланысу түрлерінің 5 түрі бар:
1. Қиысу
2. Матасу
3. Меңгеру
4. Қабысу
5. Жанасу
Сұрақтарға жауап алынғаннан кейін, үш топқа сөз тіркестерін байланысу тәсілдеріне қарай талдау.
Топтық жұмыс. Сөз тіркестеріне талдау. (5-минут )
1 топқа: Ғалымды көрсеңіз- кімді көрсеңіз?-бағыныңқы сөз(ғалымды) басыңқы сөзге (көрсеңіз) бағына байланысқан, толықтауыштық қатынастағы етістікті меңгеру, тура объект мәнін білдіріп тұр.
2 топқа:Тағы ой салды- қашан ой салды? Орын тәртібі арқылы байланысқан жанасу, пысықтауыштық қатынаста мезгілдік мәнді білдіріп тұр, бағыңқы сынары(тағы)-үстеу, басыңқы сыңары (ой салды)- зат есім мен көмекші етістік.
3 топқа Бұлардың жағдайларын-кімнің жағдайларын?-меншіктілік-қатыстық мәндегі матаса байланысқан есімді сөз тіркесі, басыңқы сыңардағы тәуелдік жалғауы (жағдай-лар-ы-н)мен бағыныңқы сыңардағы ілік септік жалғауы (бұлар-дың) арқылы байланысқан.
(топтық жұмыстарын тақта алдында тексеру. Әр топтан бір оқушыдан шығады)
II. “Білдім ” бөлімінде
І. Оқулықпен жұмыс
|
Сергіту сәті
|
Афирмациялар
« Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді » ,« Мен жетістіктің адамымын » ,« Менің жағдайым күннен –күнге жақсаруда »
|
Оқушылар сергіп, демалады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |