1
|
Сабақ тақырыбы
|
Қазақ тілі мелмекеттік тіл
|
2
|
Сабақ мақсаты
|
А)білімділік – қазақ тілі пәнінің оқытылуының маңыздылығы мен қажеттілігі турасында білім дағдысын қалыптастыру, таным көкжиегін кеңейту;
Ә)тәрбиелік – Жаңа қазақстандық потриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік тілге деген құрметті асқақтату;
Б) дамытушылық – теория мен практиканы ұштастыру, сөздік қорын молайту, өз ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге үйрету, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
|
3
|
Сабақтың түрі
|
Аралас
|
4
|
Сабақтың типі
|
Жаңа сабақты меңгерту
|
5
|
Сабақ формасы
|
Жеке жұмыс, топтық жұмыс
|
6
|
Әдіс-тәсілдері
|
Түсіндіру, ой қозғау, сатылай талдау, сұрақ-жауап, дамыта оқыту
|
7
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақстан тарихы, Орыс тілі, Конституция
|
8
|
Қолданатын құрал-жабдықтар
|
Интерактивті тақта, тақта, бор, презентация(слайд), бейнеролик
|
9. Сабақ барысы
№
|
Атауы
|
Уақыты
|
Ұпай саны
|
1
|
Ұйымдастыру бөлімі. Топпен танусы
|
5 минут
|
|
2
|
Өткен сабақты қайталау. Бейнеролик
|
5 минут
|
|
3
|
Жаңа сабақ. Қазақ тілі мемлекеттік тіл
|
20 минут
|
|
4
|
Мәтінмен жұмыс
|
20 минут
|
|
5
|
Сергіту сәті. Қара жорға билеу
|
5 минут
|
|
6
|
Конспект жазу
|
6 минут
|
|
7
|
Білімді бекіту. Бейнеролика
|
10 минут
|
|
8
|
Қорытындылау
|
3 минут
|
|
9
|
Үйге тапсырма беру
|
3 минут
|
|
№
|
Жұмыс түрі
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Студенттің іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Күтілетін нәтежие
|
1
|
Ұйымдастыру бөлімі. Топпен танусы
|
Оқушылармен амандасып, жоқ студенттерді анықтайды, оқу құралдарын тексереді, аудиторияның тазалығына көңіл бөледі, білім алушылардың сабаққа дайындығына назар аударады.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын тақтаға жазып, мақсатымен таныстырады.
|
Амандасады, оқу құралдарын түгендейді, тыңдайды, сабақ тақырыбымен мақсатымен танысады.
|
|
Сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын ретке келтіруді әдетке айналдырады.
|
2
|
Өткен сабақты қайталау. Үй тапсырмасын тексеру
|
Қазақ тілі туралы бейнеролик көрсету. Өткен сабақтағы материалдарды еске түсіре отырып, жаңа сабақпен байланыстырып жаңа сабақ тақырыбына көшеді.
Үй тапсырмасын жеке-жеке тексеру, бір-бірінің есімдеріне деген құрметті қалысптастыру
|
Өткенді қайталап, оқытушының сұрақтарына жауап бере отырып, жаңа сабақтың тақырыбын табады.
Үй тапсырмасын оқиды.
|
|
Алдынға сабақты қайталай отырып жаңа сабақтың тақырыбын табу арқылы өткен сабақ есте жақсы сақталу негізінде сабақтарды сабақтастыруға үйренеді.
|
3
|
Жаңа сабақ.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл
|
Тірек сөздер арқылы сабақты түсіндіру (қосымша №1)
|
Тірек сөздерді есте сақтап, дәптерлеріне жазады
Тірек сөздер бойынша түсінгендерін айтады
|
|
Қазақ тіліне деген құрметке, ана тіл, мемлекеттік тіл тұрғысынан мәртебесінің биік екендігіне тәрбиелейді.
|
4
|
Мәтінмен жұмыс
|
Мәтінді оқушыларға оқытады. Мәтін бойынша келесі тапсырмалар орындалуын қадағалайды:
- Елбасының қандай сөзі кездеседі? (дәптерге көшіріп жаз)
- Біздің қандай құқығымыз сөз болады?
(жұптасып талқыландар)
- «Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек» кімнің сөзі?
(дәптерге көшіріп жаз)
- Жүсіп Баласағұнның сөзі қандай (дәптерге жазып, ауызша мағынасын аш)
- Мәтінді нақты қалай атауға болады? Не себепті?
|
|
|
|
4
|
Сергіту сәті. Қара жорға билеу
|
Білім алушыларды жұптастырып билетеді
|
Билейді
|
|
Денелері сергіп, көңіл-күйлері көтеріліп, демалып қалады.
|
5
|
Конспект. Қазақ тілінің қалыптасу тарихында кездесетің хронологиялық кесте
|
Қосымша №3
|
Жконспект жазады
|
|
Дұрыс жазу дағдысы мен жаңа ақпаратты толық түсіну қалыптасыды
|
6
|
Білімді бекіту. Бейнеролика
|
Қазақ тілі туралы бейнеролик көрсету.
|
Көргендерін түйіндейді
|
|
Қазақ тіл туралы жалпы ақпараттармен қаруланады, көру, есте сақтау қабілеттері дамиды
|
7
|
Қорытындылау
|
Сабақ барысында берілген ақпараттарды жинақтап қортындылайды. студенттердің сұрақтарын жауап береді.
|
Бүгінгі сабақ бойынша сұрақтар қояды
|
|
Ақпаратты ой өзегінен өткізіп қабылдауды дамытады
|
8
|
Үйге тапсырма беру
|
2001 жылдан 2015 жылға дейін мемлекеттік тілге қатысты хронологиялық кесте жасап келу
|
Тапсырманы дәптерлеріне жазып жатады
|
|
Жауапкершілікке баулиды
|
Қосымша № 1.
Мемлекеттік Тіл , мәртебесі конституцияда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Әдетте мемлекет негізін құраушы әрі жердің байырғы иесі болып саналатын халықтың тілі мемлекеттік тіл болып бекітіледі. Бірақ ұзақ уақыт отар болып, өз тілін ұмыта бастаған кейбір елдерде отарлаушы елдің тілі мемлекеттік тіл болып бекітілген.
Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады.Қазақ тілі түркі тілдерінің (солтүстік-шығыс ареал) қыпшақ тобына кіреді (татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8 ғ.ғ.), Жүсіп Баласағұнның «Қүтадғу білік” еңбегі, Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғатат түрік” еңбегі , Ахмет Йүгінекидің «Һибат Ұл һақайық” еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің «Хикметі” (10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы жазулардан алады.
Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі.
Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда.
Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі — әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.
Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.
Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), «Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген «Тіл туралы” Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр.
Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі қоғамдық өмірдің аса маңызды мынадай салаларында жүзеге асады: басқару, ақпарат, білім беру мен тәрбие ісі (мектепке дейінгі мекемелер, бастауыш, орта мектеп, жоғары мектеп), ғылым мен техника (ғылыми-зерттеу мекемелерде); қоғамдық ғылымдар, жаратылыстану мен нақты ғылымдар, техникалық және қолданбалы ғылым, экономика салаларында, ғылымның жалпыға ортақ салаларында, бұқаралық ақпарат құралдары саласында, іс жүргізу саласында; мемлекеттік, қоғамдық-саяси, мәдени мекемелер мен ұйымдарда; дене тәрбиесі, спорт, туризм, денсаулық сақтау мен емдеу мекемелерінде; қоғамдық тамақтандыру орындарында; өнер мекемелерінде (театр, кино); дипломатиялық қарым-қатынаста; әскери-патриоттық тәрбие және білім беру ісінде; шаруашылық жүргізу және ұйымдастыруда; өндіріс және өнеркәсіп орындарында; Қазақстан Республикасында өтетін республикалық, халықаралық құрылтай, конференция, мәжіліс, жиындар т.б.
Қосымша №2.
«Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады». Елбасы осылай деді. Мәңгілік ел болудың ұлттық жоспарын жария етті, 100 қадамды айқындады. Ал, тілдің мәңгілік болуы халық, атқарушы билік жалпы баршамызға қатысты. Баршамыздың жауапкершілігіміздегі үлкен міндет. Қазақ тілінде сөйлесек, құжаттарды қазақ тілінде толтырсақ және мекемелер соның ішінде мемлекеттік мекемелерден құжаттардың мемлекеттік тілде берілуін талап етсек, бірталай жұмыс істеген боламыз. Бұл біздің құқымыз. Өйткені «Тіл туралы» арнайы заңы бар мемлекетпіз. Осы орайда жалпы тіл дегеніміз не, оның құны мен маңызы қандай дегенге жауап іздеп көрсек:
«Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек». Сұлтанмахмұт Торайғыров осылай деп толғанды. Оқып отырып тіл тағдыры – ел тағдыры екендігін, ана тіліміз – біздің өткеніміз, бүгінгіміз бен болашағымыз екендігін одан сайын ұғына түсеміз. Ал, бүгінгінің шындығы ол көп ұлт тұратын мемлекетіміздің тұрақтығының кепіліне айналып келеді. Өзге ұлт өкілдері қазақ тілін білетіндігін мақтаныш тұта бастады. Жүсіп Баласағұн айтқан«Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік» дегені осы. Мемлекеттік тілдің мемлекеттік қызметтегі тынысы қаншалықты терең немесе «қақалып-шашалып» тұр дегенге келсек. Бұл тұста өңірлік ерекшеліктеріне қарай жер-жерлерде тілдің кемсітушілігі сезілмейді. Тіпті оңтүстік облыстарда құжаттандыруды жаппай мемлекеттік тілге көшіріп алған мемлекеттік мекемелер де бар. Бірақ сол құжаттар жоғарыға жөнелтілерде «шашалып» қалады. Себебі, орталық деңгейде құжаттарды орыс тілінде әзірлеп, оны қазақшаға аудару проблемасы әлі де орын алып отыр. Десе де, ауызды қу шүберекпен сүртуге болмайды. Мәселен, құжат жазуда дәлдік пен нақтылықты талап ететін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметінде де аударма есебінен жағдай біршама ілгері жылжыған. Бұл нені талап етеді? Әр мемлекеттік қызметші мәңгілік ел идеясына үлесімді қосамын десе тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылу үшін өзін-өзі қамшылауы керектігін ұғынуы керек. Қазақ тілінің ұлтаралық татулық тілі дәрежесіне көтеру керек. Біздің ана тіліміз оған әбден лайық. Ол үшін Елбасы тарапынан да, мемлекет тарапынан да барлық жағдай жасалған.
Үш тұғырлы тіл саясатында да мемлекеттік тілге басымдық беріп жатсақ, бізді сынап-мінемейді. Өзгелер үйр
Қосымша №3.
Қазақ тілінің қалыптасу тарихы, түркі тілдерінің негізгі бір тобы ретінде, ежелгі сақ (б.з.д.ғ.), үйсін және қаңлы тайпаларынан басталады. Орта ғасырларда, бірнеше феодалдық мемлекеттердің ресми тілі болып саналған түркі тілдерінің тобына кіреді.
VII-VIII ғ.ғ. – Батыс-түрік қағанаты;
- Түркеш қағанаты;
- Қарлұқ қағанаты.
IX-X ғ.ғ. – Оғыз мемлекеті;
- Қарахан мемлекеті;
- Қимақ мемлекеті.
XI-XII ғ.ғ. - Моңғол-татар шапқыншылығының нәтижесінде құрылған Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттерінің түрік-моңғол ресми тілі;
- Түркі тілдерінен бөліне бастау кезеңі және Дешті Қыпшақ мемлекетінің ресми тілі болып қалыптасуы.
XV-XVII ғ.ғ. – Қазақ ұлтының және Қазақ халықтарының ұлттық және ресми тілі ретінде қалыптасу кезеңінің аяқталуы;
XIX-XX ғ.ғ. – Ресей құрамындағы қазақ халқының ұлттық тілі.
1920 ж. 26.08. – Қазақ АКСР-ның ресми тілі.
1923 ж. 20.03. – Іс қағаздарды қазақ тілінде жүргізу жөнінде ҚазОАК- нің Декреті.
1933 ж. 15.05. – Республикалық терминологиялық комиссияның құрылуы.
1936 ж. 05.12. – Қазақ КСР-нің ресми тілі.
1957 ж. 05.11. – «Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жетілдіру туралы» Қазақ КСР-і министрлігінің қаулысы.
1989 ж. 22.03. – «Қазақ тілінің мәртебесін көтеру туралы» Қазақ КСР-і министрлігінің қаулысы.
1991 ж. 16.12. – ҚР Президентінің Жарлығымен қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды.
1995 ж. 25.09. – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: 7-бап – Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
1996 ж. 04.10. – ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұжырымдамасы мақұлданды.
1997 ж. 11.07. - ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңы қабылданды.
1998 ж. 05.10. - ҚР Президентінің Жарлығымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың Бағдарламасы» бекітілді.
1999 ж. 08.01. – Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2001 ж. 07.02. - ҚР Президентінің Жарлығымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы» бекітілді.
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Қазақтар ежелгі заманда руна жазбасын қолданған. 1912 жылдан 1930 жылға дейін араб жазу таңбасына, ал 1930 жылдан 1940 жылға дейін латын жазу таңбасына көшірілді. 1940 жылдан қазіргі уақытқа дейін кириллица жазу таңбасын қолданып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |