Ж Оқушылар жұптасып берілген екі деректі SWOT матрицасымен талдайды. Талдау барысында оқушыларды бүгінгі өмірмен байланыстыруға жетелеңіз. Анализді дұрыс контекстке бағыттаңыз.
Дескриптор:
Туыстық қатынастар мен рулық құрылымның күшті, әлсіз жақтарын талдап, мүмкіндіктер мен қауіп қатерлерін анықтайды
|
Қосымша 5
Қосымша 5
Слайд №11
|
Сабақтың ІІІ бөлімі
|
|
Барлық оқушы PEST формуласы бойынша қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасудың біріктіруші факторларын анықтайды
P - саяси фактор
|
|
E – экономикалық фактор
|
|
S – әлеуметтік фактор
|
|
T – технологиялық фактор
|
|
Дескриптор:
Ру-тайпалық қатынастарға әсер еткен факторларды анықтай алады
|
Қосымша 6
Слайд №12
Слайд №13
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия: «Ру», «туыстық», «жаһандану», «әлем» деген сөздерге ассоциация іздейді
Кері байланыс: «4Қ» тәсілімен оқуда қызық, қиын, қажет, құнды тұстарын стикерге белгілейді
|
Слайд №14
Слайд №15
|
Қосымша ақпарат:
|
E – mail: bnadirbaeva73@ mail.ru
87072472245
|
«Бекітемін»
ҚИТКолледж директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары
Ж.Қонақбаев
Бөлім: Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер
Тарау: Қазақ халқының шығу тегі
|
Қызылорда инженерлік техникалық колледжі
|
Мерзімі: « » ____ 2020 жыл
|
оқытушы: Надирбаева Бибигул.Сеилбековна
|
курс: І
|
тобы:
|
20 -07; 20-05; 20-04
|
Пәні:
|
Қазақстан тарихы
|
Сабақ тақырыбы
|
Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары
|
Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін «антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдалану;
этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындау
|
Сабақ мақсаты
|
Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық үдерістерді түсінеді.
Қазақ этносының қалыптасуы – көп ғасырларлық этникалық процестердің нәтижесі екенін ұғынады.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Оқушылар өздiгiнен жұмыс iстeй отырып, тақырыпты талдап қорытынды жасай бiлуге дағдыланады, танымдық ойлау, іздену қабілеттерін арттырады, топтық жұмыстар арқылы ынтымақтастыққа, өзін өзі реттеуге, сыни ойлауға үйренеді
|
Бағалау критерийлері:
|
Оқушылар:
Білу және түсіну
«антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын түсінеді.
Талдау
-Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістердің кезеңдерін белгілейді, түсіндіре алады.
-Қазақ халының қалыптасуына әсер еткен факторларды мәдени, тілдік, шаруашылық, саяси тұрғыда талдайды.
Рефлексия
«Қазақ халқының қалыптасуында қандай кезең шешуші рөл атқарды?» 150-200 сөз.
|
Тарихи концепт (фокус):
|
өзгеріс пен сабақтастық;
|
Тілдік мақсаттар:
|
1. қазақ этносының қалыптасуы қашан басталды? (айтылым дағдысы).
Пән лексикасы және терминология: Антропогенез, этногенез, этнос, халық, консолидация, этносаяси бірлестік, этноним
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;
қазақ этносының қалыптасуы.....
........ факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы...
Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…
|
Құндылықтарды дарыту
|
- патриотизм
- көшбасшылық
- төзімділік
- бостандық
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүниежүзі тарихы және география
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Ерте көшпелілер мемлекеттерінің қалыптасу тарихына қатысты қосымша қапарат іздеуде ғаламтор материалдарын қолдануға рұқсат етіледі.
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Ерте көшпенділер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті. Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығы және өзара байланысы туралы біледі.
|
Сабақ барысы
|
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)
|
Дереккөздер
|
|
Сабақтың басы
|
тақырыпқа байланысты негізгі кілтті сөздер жазылады. Оқушылар бұл ұғымдарға қатысты өз ойларын білдіреді.
«Этнос» «Этногенез», , «Антропогенез»
Оқушыларға сабаққа байланысты глоссарий беріледі.
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты тобы.
Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық, genozіs – шығу тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этникалық топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мыс., Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан.
Антропогенез – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді.
Глоттогенез -Тілдін пайда болуы және дамуы.
Этносаяси қауымдастық деп белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындарын айтады.
|
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ том. Атамұра, 2010 № 311. Қазақ халқының қалыптасуы /этногенезi/
http://lms.nci.kz/history/view?f=311&id=10&lang=kaz
Қазақ халқы шығу тегінің антропологиялық аспектілері
http://e-history.kz/ru/contents/view/500
Қазақстан аумағындағы этникалық процестер http://e-history.kz/ru/contents/view/432
Қазақ халқы қалыптасуының кезеңдері
http://www.almau.edu.kz/download/10839/iketnogenezkaznaroda.pdf
|
|
Сабақтың ортасы
10 мин
35 мин
|
Зерттеу сұрақтары:
1.Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық процестер қалай жүрді?
2. Қазақстандағы этникалық процестерді қандай кезеңдерге бөліп қарастырамыз?
3.Қазақстан аумағындағы этностардың қалыптасуына қандай факторлар әсер етті?
4. Қазақ халқы қалай қалыптасты?
Б Оқушыларға кез-келген этностың қалыптасуы белгілі бір даму үдерісінен өтетіні, шарықтау және күйзеліс кезеңдерін бастан кешіретіні туралы түсінік қалыптастыру. Этностың өмірлік циклін ұсыну:
1. территорияны анықтау;
2. территорияда бір немесе бірнеше этностардың өмір сүруі;
3. белгілі бір этностың пайда болуы туралы аңыз-дастандардың орын алуы;
4. этностың күшейе бастауы;
5. этностың шарықтау кезеңі;
6. этнос дамуының бәсеңденуі;
7. тұрақтылық.
Т Топтарға қазақ халқының қалыптасу үрдісін осы негізде көрсетуге тапсырма беріледі. Топтар өздерінің жұмыс нәтижелерін басқа топтардың жұмыстарымен салыстырады, айырмашылықтарын талдайды.
Топтарға ортақ сұрақ қойылады. Этностың негізгі белгілері қандай?
Оқушылардың жауаптарынан соң төмендегі этностық белгілерді ұсыну:
Этностың атауының қалыптасуы;
Аумақтық орналасуы, мекендеген аумағының қалыптасуы;
Этникалық сана, өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;
Ортақ тілдің қалыптасуы;
Нәсілдік белгілердің ұқсастығы, өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.
Ортақ мәдениет, өзіне тән мәдениетінің қалыптасуы.
Зерттеу және талдау
Т Ортақ сұрақтар беріп, талқылау ұйымдастыру:
Халықтың қалыптасуына қанша уақыт керек?
Қазақ халқының қалыптасу үдерісі қандай кезеңдерге бөлінеді?
Бұл кезеңде қандай тайпалар/ мемлекеттер өмір сүрді?
Бұл тайпалар/ мемлекеттер қазақ халқының қалыптасуында қандай рөл атқарды?
Топтар қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін зерттейді. Мақсаты ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтау. Мәтін таратылады.
1-топ Арғытүріктер дәуірі.
Қазақ халқы қалыптасыуының ежелгі тарихи кезеңі. Б.з.б.II мыңжылдықтан б.з. VI ғасырына дейінгі кезең.
2-топ Түркілік кезең.
Қазақ халқы қалыптасыуының орта ғасырлардағы тарихи кезеңі. VI ғасырдың орта шенінен IX ғасырдың ортасына дейін.
3-топ Арғы қазақтар кезеңі.
IX ғасырдың орта шенінен XIII ғасырдың басына дейін.
4-топ Алаш қауымдастығы кезеңі.
XIII ғасырдың ортасынан XV ғасырдың соңына дейін.
5-топ Қазақ халқының қалыптасуы. XV ғасырдың ортасынан бастап.
Критерий:
Қазақ халқының қалыптасу үдерісі қандай кезеңдерге бөлінеді?
Өздері алып отырған кезеңнің ерекшелігі неде?
Өздері алып отырған кезеңде қандай тайпалар/ мемлекеттер өмір сүрді?
Өздері алып отырған кезеңде қандай этникалық өзгерістер орын алды?
Өздері алып отырған кезеңде тайпалар/ мемлекеттер қазақ халқының қалыптасуында қандай рөл атқарды?
Соңында әр топ жұмыс нәтижелері бойынша постер жасайды. Топтардың нөмірленген жұмыстарын сағат тілімен белгілі уақыттан кейін келесі топтарға береді, топтар толықтырулары мен түзетулерін өзге сиямен көрсетіп, белгілейді.
Тапсырма
Сұрақ: Халықтың қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді? Анықталған факторларды топтарға бөліп беру. Әр топ өз факторлары бойынша қазақ халқының қалыптасуы үдерісін түсіндіреді.
1-топ. Қазақ халқының антропологиялық деректер бойынша қалыптасуы. Қола дәуірінен бастап кейінгі орта ғасыр кезеңі аралығындағы антропологиялық ерекшеліктерін салыстырады, ұқсастықтар мен байланысты анықтайды.
Мерзімі
|
Антропологиялық келбетінің сипаттамасы, ерекшелігі
|
Қола дәуірі
|
|
Темір дәуірі
|
|
Ерте орта ғасыр
Кезеңі (VІ-ІХ ғғ)
|
|
Дамыған орта
ғасыр кезеңі
(ІХ-ХІІІ ғғ)
|
|
Кейінгі орта ғасыр
кезеңі (ХV- ХVғғ)
|
|
Қазақ халқының мәдени факторлар бойынша қалыптасуы. Қола дәуірінен бастап кейінгі орта ғасыр кезеңі аралығындағы салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мұраға қалған мәдениеттің ортақтастығын анықтайды.
. Қазақ халқының шаруашылық фактор бойынша қалыптасуы. Қола дәуірінен бастап кейінгі орта ғасыр кезеңі аралығындағы әлеуметтік және шаруашылық әдістерінің ортақтығын анықтайды.
тілдік деректер бойынша қалыптасуы. Қола дәуірінен бастап кейінгі орта ғасыр кезеңі аралығындағы ортақ тілдік ерекшелікті анықтайды. Әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы
саяси ерекшеліктер бойынша қалыптасуы. Саяси және аумақтық кеңістіктің ортақтығын анықтайды.
жұмысты қорғай отырып осы аталған белгілер этностық, нәсілдік, генетикалық, мәдени, тілдік қасиеттер ұзақ тарихи дамудың нәтижесі деген ортақ түсінікке келу керек.
Интерпретация Шежіре ағашына этникалық процестердің сабақтастығын көрсете отырып, Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін белгілейді. Қазақ этносының қалыптасуы – көп ғасырларлық этникалық процестердің нәтижесі екендігіне қорытынды ой түйін жасайды
|
Қазақстан тарихы . Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық, Алматы, 2010 жыл. 2-том, 5-тарау , 285-бет.
Исмагулов О.И. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности. Алма-Ата, 1970.
Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы: оқу-әдістемелік кешен/ А. Б. Қалыш. - Алматы: Қазақ университеті, 2013.- 148 бет.
АристовН. А.Этногенез и этническая история казахского народа.Т.2 - Астана: Алтын кітап, 2007. - 372 с.
Прошлое Казахстана в источниках и материалах/ред.С.Д.Асфендияров. - 2-е изд. - Алматы : Казахстан, 1998.
Исмагулов О.И. Этническая антропология Казахстана. – А.,1982.
|
|
Сабақтың соңы
|
Үй тапсырмасы: Ой толғау «Қазақ халқының қалыптасуында қандай кезең шешуші рөл атқарды?» 150-200 сөз. Кері байланыс:
-Не таң қалдырды.....
- Менің сұрағым бар...
|
|
|
Қосымша ақпарат:
|
E –mail: bnad3rbaeva73@mail.ru
|
Достарыңызбен бөлісу: |