Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 6.3 А бөлімі
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар: 20 Қатыспағандар: жоқ
|
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы
|
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
|
6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру
6.3.1.5 – Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар: Картаның көмегімен монғол шапқыншылығының негізгі бағыттарын анықтай отырып, XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің өзара байланысын сипаттау
Оқушылардың басым бөлігі: Тарихи ақпараттарға сүйене отырып моңғолдардың Қазақстан аумағына жаулап алу жорығының басталуын анықтай отырып, Отырар шайөасын сипаттау.
Кейбір оқушылар: Отырар шайқасының тарихи маңызына тоқтала келе Отырарды қорғаудағы қала халқының, Қайыр ханның ерлігін сипаттау.
|
Бағалау критерийі
|
1. XIII-XV ғасырлардағы монғолдар жаулап алған территорияларды картадан көрсету.
2. М.Шахановтың «Отырар опаты» шығармасының негізінде Отырар шайқасын суреттей отырып, Отырарды қорғаудағы қала халқының, Қайыр ханның ерлігін сипаттау
|
Тілдік мақсаттар:
|
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Жасақ, ұлыс, жебе, түмен, барунгар, кул, жоңғар, Яса, құрылтай, «Отырар опаты», «Моңғолдардың құпия шежіресі»
Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер:
Тыңдалым дағдысы Неліктен Шыңғыс хан әскерлері Отырарды алты ай бойы ала алмады?
Айтылым дағдысы: «Зерттеушілердің айтуынша: «Шыңғысханның ұрпақтары білім жағынан өз ғасырынан жоғары болды». Сендер осы пікірмен келісесіздер ме? Неліктен?» сұрағын қою арқылы өз ойын еркін жеткізе отырып айтылым дағдысын дамыту.
Жазылым дағдысы: ... жылы монғолдың қалың қолы жорыққа аттанды. Парсы тарихшысы ... айтуынша , қала ... айға қоршауда тұрып, ..... айқасқан.
Оқылым дағдысы: топпен талдайды, сипаттайды.
«Отырар опаты»
Монғолдардың Жетісуға шапқыншылығы.
Монғолдардың Отырарға шапқыншылығы.
Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігі.
|
Құндылықтарға баулу:
|
Отырар шайқасындағы халықтың, Қайырханның ерлігін дәріптей отырып Отансүйгіштік, елжандылық, туған жерге, елге деген сүйіспеншілікке тірбиелеу
|
Пән аралық байланыс:
|
Қазақ әдебиеті: М.Шаханов «Отырар опаты», Дүниежүзі тарихы: «Моңғол-татар шапқыншылығы»; География
|
АКТ-ны қолдану дағдылары
|
Сабақта электрондық ресурстарды тиімді қолдану арқылы оқушылардың ізденіс, білімді өз бетімен игеру дағдыларын қалыптастыру.
|
Тақырып бойынша алдынғы білім:
|
Моңғол мемлекетінің құрылу тарихы мен қоғамдық құрылысын біледі.
Шыңғысханның «Жасақ» заңдарымен таныс
«Шыңғысхан» фильмі арқылы моңғол шапқыншылығы туралы әңгімелей алады.
|
Сабақ барысы:
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы:
5 минут
3 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне ризашылық білдіріп, сабаққа сәттілік тілейді.
4 топқа бөлу: «Өз қалаңды қорғау»
Оқушылар өздері ұнататын түстері арқылы топтарға бөлінеді. Стикерде қалалар аты жасырылған.
Өз қалаңды қорғау
I топ: Отырар
II топ: Ащынас.
III топ: Сығанақ
IV топ: Сауран.
Үй жұмысын тексеру:
«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы Блиц сұрақтар қойылады.
1.Монғол империясының қоғамдық құрылысын атап беріңіз...
2. «Жасақ» заңдар жинағының 3 ерекшелігін көрсетіңіз...
3.Шыңғыс хан туралы не білесіз?
(Жауап берген оқушылар смайликтер арқылы бағаланады.)
|
Түрлі-түсті стикерлер
Шыңғыс ханның суреті
Смайликтер
|
Достарыңызбен бөлісу: |