Сабақ тақырыбы: «Қазақстанның биік таулы өлкелері»



бет2/2
Дата05.02.2022
өлшемі53,19 Kb.
#19205
түріСабақ
1   2
Негізгі идеялар:

Қазақстанның биік тауларын картадан анықтай отырып,ол таулардың қандай бөліктерден тұратының,қалай пайда болғанын оқып біледі.

Сабақта қолданылатын материалдар:

флипчарт, стикер, маркер

Оқыту әдістері:

Жеке,жұптық, топтық жұмыс
Power Point таныстырылымы

Дерек көздері:

Мұғалімдерге арналаған нұсқаулық . Оқулық.

Тапсырмалар:



Таныстырылым, тапсырмалар



мерзімді жоспары
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

І. Психологиялық ахуал туғызу
Сергіту
3 минут

Мұғалімнің іс – әрекеті
Оқушыларды жапон тілінен өз есімдерін аударып жазады,түрлі түсті конфетпен топқа бөлу.
Бағалау критерийлерімен таныстыру.

Оқушының іс – әрекеті
Сынып топтарға бөлінеді.
Бағалау критерийлермен танысты.

ІІ. Үй тапсырмасы:
7-минут
ІІІ. Жаңа тақырып
3-минут

Мұғалімнің іс – әрекеті
Картаға түрлі түсті белгілермен жазықтармен аласа тауларға белгі қойылды.


«Бірге ойлаймыз» әдісі
1-қадам.Әр топқа тақырыптарды бөліп беру, оқып, бір-біріне бөліп беру.
1)Ойпаттар- Алтай
2)Жазықтар- Сауыр-Тарбағатай,
Жоңғар(Жетісу)таулы өлкесі
3)Аласа таулар- Тянь-Шань таулы өлкесі
4)Биік таулар- Іле Алатауы



Оқушының іс – әрекеті
Оқушы өзіне ұнатқан белгіні таңдап қандай жер туралы баяндайтынын айтады, баяндайды.

Әр оқушы жеке мәтінді мұқият оқып, жұп құрап түсінгенін айтады, талылайды.


Бүкіл сыныпта талқылайды.
Шағын топқа қорғайды. Бір-бірін тыңдап, есте сақтайды.

Шығармашылық
жұмыс
10-минут
5-минут

Мұғалімнің іс - әрекеті
2-қадам. Берілген тапсырма
бойынша таныстырылым дайындау
10 минут беріледі.
3-қадам. Сағат тілімен әр топ жобаны қорғайды. әр топқа 3-минут
«Екі жұлдыз,бір тілек»
Екі жұлдыз = екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы);
Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.

Оқушының іс – әрекеті

Әр топ жоба жасап, қорғады. Қалған топ оқушылары шеңберлене оттырып тыңдады.


Екі ұнаған нәрсе, жақсартуды қажет ететін нәрсе

Қорытындылау
3-минут
4-минут
5-минут



Мұғалімнің іс – әрекеті
«Бейнефильм» көрсетіледі


«Вейр» әр топ мушелері сұрақтарын жазып жауап береді?


«Картамен жұмыс» аласа таулы өлкелерді картадан көрсету

Оқушының іс – әрекеті
Оқушылар өз көзқарастарын жеткізеді?
Бір –бірімен сұрақ-жауаппен алмасады.

Картамен жұмыс жасады



Бағалау
2-минут

Бағалау бетшесімен бағаланады,марапатталады

Формативті бағалау,жиынтық бағаланды.

Үй тапсырмасы:
2-минут

§16 оқу,менталь карта жасақтау.
Оқушыларға мәнжазба, қосымша деректер жинақтау.

Күнделіктеріне жазып алады.

Рефлексия
1-минут

Мұғалімнің іс – әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазу

Оқушының іс – әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жеткізу.


Алтай – Алтай-Саян аталып кеткен алып тау жүйесінің бір бөлігі. Шекарасы Зайсан көлі мен Байқал көліне дейін созылған. Қазақстанға оның тек оңтүстік-батыс аймағы ғана енеді. Оңтүстік шекарасы – Қара Ертіс өзенінің бассейні және Зайсан көлі, батысы – Қалба жотасы. Жер бедеріне байланысты қазақстандық Алтай үш аумаққа бөлінеді: Оңтүстік Алтай, Кенді Алтай және Қалба жотасы.
Тянь-шань және Хан-Тәңірі. Тянь-шань таулы аймағы Қазақстанның оңтүстік-шығысын алып жатыр. Республикамызға Орталық, Батыс Тянь-Шань және Солтүстік Тянь-Шань (Күнгей Алатау, Шу-Іле Алатау, Желтау, Айтау, Қырғыз Алатауы енеді) тауының барлық бөлігі кіреді. Ал Орталық Тянь-Шань Қытай, Қазақстан, Қырғызстан шекараларында басталады. Осы жерде Қазақстанның ең биік нүктесі – Хан-Тәңірі (6995 м) бар.
Мәр-мар тасты еске салатын үшкір пирамидалы тау алыстан-ақ көзге көрінеді. Таудың айналасында небір аңыздар тараған. Оны кейде Тәңіртау немесе Қантау деп те атайды. Екінші атауға себеп болған – күн батар кезде тау шыңының қызыл түске боялатындығы. Шыңғы жету – әрбір қазақстандық альпинситің арманы деуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет