Мектеп: № 15 мектеп - гимназия
|
Күні: 08.04.2019 ж.
|
Мұғалімнің аты-жөні: Толкимбекова Ш.К.
|
Сынып: 6 - А, 6 - Б
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Қазақстан аумағындағы экологиялық мәселелердің туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру.
|
Сабақ
мақсаттары
|
Оқушылар:
Қазақстанның экологиялық апат аймақтарымен танысады.
Қазақстанның экологиялық апат аймақтарының картасын талдайды, ауқымын анықтайды, себептерін зерделейді.
Экологиялық апат аймақтардың тигізетін себеп – салдарларын болжайды.
|
Бағалау
критерийлері
|
Оқушылар:
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін анықтайды, олардың туындау себептерін талдай отырып жүйелейді.
Экологиялық мәселелерді шешу жолдарын қарастырады.
Қазақстанның болашағын болжайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқытудың тілдік мақсаты :
Oқушыларды пікіртaлас, диaлoгтерге тарту (мысалы, белгілі әдістерді үйрете отырып, талқылау немесе талдау, сұрақ қоюда оқушыларды өз білімін нәтижелі пайдaлануға ынталaндыру, сондай- ақ оқушылар диалогке қатысу, қатыса алуы үшін қажет бай сөздік қормен қамтамасыз ету).
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Семей, Тайсойған полигондары, Невада – Семей қозғалысы, Арал теңізінің
тартылуы, Батыс Қазақстан мен Балқаш көлдерінің экологиясы.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Табиғаттағы барлық заттар биосферадағы заттардың айналымына түседі, бірақ та химия өнеркәсібінен шыққан заттар биосферадағы заттар айналымына қатыса алмайды. Неге?
(Табиғаттағы заттар айналымы эволюция барысында қалыптасқан. Химия өнеркәсібі табиғатта кездеспейтін жаңа заттарды шығарады. Сондықтан ол заттардың ыдырауы мен заттар айналымына түсуі үшін көп уақыт керек).
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Өзара пікір алмаса отырып, бір - бірлерінің ойларын бағалап, жауапкершілікті сезіну, өзара сыйластықпен бір командада жұмыс жасау. Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.
|
Пәнаралық
байланыстар
|
Оқушыларға алған экологиялық білім мен дағдыларды жаратылыстану - математика бағытындағы пәндерде, практикада қолдану арқылы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына ықпал етеді.
|
АКТ қолдану
дағдылары
|
Интербелсенді тақтаны қолдану дағдыларын жетілдіру.
|
Бастапқы білім
|
Адамның іс - әрекетінен жойылып кеткен, жойылуға жақын тұрған және жойылып кетуден аман сақтап қалған түрлерді біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Сынып түрлі – түсті қағаздарды таңдау әдісімен «Табиғаттың қорғаушылары», «Табиғаттың қамқоршылары» топтарына бөлінеді. Әр топ өздерінің атының қаншалықты сабаққа байланысты екендігі туралы ойларын тұжырымдайды.
Үйге берілген тапсырма тексеріледі: мұғалім интербелсенді тақтадан сұрақтарды көрсетеді, ал оқушылар сол сұрақтарға жауап беру арқылы өзін-өзі бағалау жүзеге асырылады.
Қиындық туғызған тапсырмалар мұғалімнің нұсқаулығы бойынша, сыныппен бірге талқыланады.
Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында
«Дұрыс орналастыр»:
Аталған жануарлардың ішінде адамның іс-әрекетінен жойылып кеткендері (А), жойылуға жақын тұрғандары (Ә) және жойылып кетуден адам сақтап қалғандары (Б) бар. Берілген тізімде көрсетілгендерді осы үш топқа бөліп жазыңдар.
Тізім:
Ақбөкен, Дрон, Құлан, Пржевальский жылқысы, Тарпан, Бизон, Зубр, Стеллер сиыры, Ақ аю, Үнділік мүйізтұмсық, Азиялық кобра, Бұлан, Көк кит, Сұр кит, Кашалот, Ақ сұңқар, Қалан, Қарақұйрық, Күдір, Саяхатшы кептер, Құндық, Бұлғын, Амур жолбарысы.
|
Жеке жұмыс
«Дұрыс орналастыр»
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа білім: 1) интер белсенді тақта арқылы тақырып бойынша видеотүсіндірмені қосу, жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
2) «Фотогалерея стратегиясы» бойынша мәтіннен суретті сипаттайтын үзінділерді тауып, түсіндіреді.
Дескрипторлар:
Қазақстанның экологиялық мәселелерін талдайды;
суретке қарап экологиялық мәселелерді сипаттайды;
экологиялық мәселелердің туу себептерін анықтайды.
Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі.
3) Картаға экологиялық апат аймақтарын орналастыр.
Дескрипторлар:
Қазақстанның экологиялық апат аймақтарының картасын жасайды.
Қазақстанның экологиясын талдайды.
Экологиялық мәселелерді шешу жолдарын қарастырады.
Кері байланыс: смайликтер арқылы.
4) Топтық жұмыс. Топта жұмыс жасай отырып жаңа материалды түсіндіру, бірлескен оқу. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды талдап оқып болған соң жаңа топ құрылып бір-біріне түсіндіріп бірлескен оқу ұйымдастырылады.
РАФТ стратегиясы:
I топ:
Рөл – Олжас Сүлейменов
Аудитория - Халық
Формат – Үндеу
Тақырып – Ядролық сынаққа жол жоқ
ІІ топ:
Рөл – Эколог
Аудитория - Оқушылар
Формат – Жолдау
Тақырып – Жасыл желекті Қазақстан
Дескрипторлар:
рөлдердің шынайы ойналуы;
айтылған түсіндірменің нақты, дәлелді болуы.
Кері байланыс: «Басбармақ» стратегиясы.
|
Bilim lаnd сайты
Жаратылыстану. Жалпы білім беретін мектептің 6 - сыныбына арналған оқулық.
Н.Г. Асанов,
А.Р.Соловьева.
Алматы «Атамұра» 2018
|
Сабақтың соңы
|
Сабақты қорытындылау: бүгінгі сабақтың түйінді сөзі қандай сөз деп ойлайсыздар?
Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру).
Оқушылар сабақ соңында өз ойтолғаныстарын білдіру арқылы бүгінгі тақырып бойынша «Жетістік баспалдағы» стратегиясы көмегімен рефлексия жасап, өздерінің қай сатыда екенін анықтайды.
Үйге тапсырма беру: оқу, түсінік айту.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |