Сабақ тақырыбы: Қазақстанның рәміздері Мектеп: Күні



Дата23.08.2017
өлшемі198,97 Kb.
#25128
түріСабақ
Оқу ісінің меңгерушісі:


Сабақ тақырыбы:

Қазақстанның рәміздері

Мектеп:

Күні :




Мұғалімнің есімі: Сулеева А.Ж

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысy;




  • Оқушылардың басым бөлігі: тудағы бейнелердің мағынасын білy;

  • Кейбір оқушылар: мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді үйренy.

Тірек сөздер:

ту – флаг – flag;

елтаңба – герб – coat of arms; әнұран – гимн – anthem;

мемлекеттік рәміз – государственный символ – state symbol.

Ресурстар:

Мультимедиапроектор, Мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакат, ҚР Мемлекеттік Әнұранның дыбыстық жазбасы, «Ту», «Әнұран», флип-шарт, түрлі-түсті маркерлер, «Мемлекеттік ту» тақырыбына таныстырылым, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, мемлекеттік рәміздегі бейнелердің элементтері бар суреттер (қыран, жұлдыз, күн, шаңырақ, қанатты тұлпар), жапсырмалар, өрнек жапсырмалар, «Орындап көр» айдары тапсырмасына арналған ту үлгілері.

Сабақтың мақсаты:

1.3.5.2 тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу

1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көгілдір түсті матадан жасалған. Оның ортасында 32 сәулесі бар күн орналасқан. Күннің астында көкте шарықтаған қыран құс бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Автордың түсіндіруі бойынша ту жобасымен жұмыс істеген алты ай уақыт ішінде қазақ халқының тарихын, әдебиетін оқып, көп ізденген. Ту идеясы тарихтан, ұлттық мәдениеттен алынған. Бiрыңғай көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде – көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн – уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Сақтар, ғұндар, қыпшақтар туды жауынгерлік рухтың белгісі деп ерекше қастерлеген. Олар туда әскердің күші, киесі болады деп сенді. Сол себепті тудың құлауын әскердің жеңілуі деп түсінді, бүкіл әскер болып шайқастарда әскер туын қорғады. Ту алыстан айқын көрінуі үшін ашық, көк, қызыл, сары, жасыл, ақ түсті маталардан жасалынып, кейде бір туда екі-үш түс қатар қолданылды. Тудың әр түсі көшпелілердің төл мәдениеті ретінде белгілі бір ұғымды білдірді. Абылай ханның туы ақ түсті болған. Ақ түс тазалықтың, әділдіктің белгісі саналады. Абылай хан көрнекті мемлекет қайраткері, үш жүздің басын біріктірген атақты хан, қолбасшы және елші ретінде танылды.


Сабақты «Оқып білім аламыз,

Біз көңілді баламыз,

Дүниетану пәнінде

Алғыр, тапқыр боламыз » - деген әнұраннан бастаймыз.

Математикалық сандарды өсу ретімен орналастырады. Санның артында әріптер жасырынады. Сол әріптерден «Рәміздер» деген тақырып шығады.


  • Рәміздер деген не? Нелер жатады? ( Ту, Әнұран, Елтаңба)

  • 3 тілде айту

  • Естеріңде ме , 16 желтоқсан қандай мереке болды?

  • Тәуелсіздігімізге неше жыл?

  • Сол уақытта сендерді рәміздермен және олардың авторларымен таныстырған болатынмын. Кімнің есінде? Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.

Елтаңбаның авторы: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Әнұранның авторлары: Шәмші Қалдаяқов, Ж.Нәжмиденов, Н.Назарбаев

. «Еліміздің туын биікке көтеру үшін қандай үлес қоса аласыңдар? Сен өзің не істер едің?»,– деген сұрақтар қоямын. Өз елінің туына құрмет көрсету – азаматтықтың көрінісі екенін айтып қорытындылаймын.

Елтаңба мен Тудың айырмашылығын 2 шелекке балық жинау әдісі арқылы ажырату.

Келесі тапсырма 3 қатарға кірпінің суретіне сөздер жазып қоямын. «Атамекен», «Қазақстан», «Шаңырақ». Алманың суретіне ұқсайтын стикерларды таратамын.Сол стикерлергеәр қатар осы сөздерден жаңа сөздер ойлап табу керек.

СЕРГІТУ сәті. «Мен қазақпын»

Сөзжұмбақ шешкіземін.

1 Салтанатты жиындарда орындалатын ән? Әнұран

2 Тудың авторы? Шәкен

3 Әнұранның сөзін жазған адамның бірі? Жұмекен

4 Әнұранның әнін жазған ? Шәмші



5 Біздің мемлекетіміз? Қазақстан
Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындату. Әр жұп өз туы қандай болатынын ойластырып, алдын ала дайындалған түрлі-түсті қарындаштармен өз туларын салып көреді. Оқушылардың жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін, тазалықты сақтауларын мұқият қадағалаңыз. Орындалған жұмыстарды «Сөйлейтін қабырғаларға» іліңіз. Әр жұп өзі жасаған туларын таныстырып қорғайды. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.



Ойлан
«Тусыз бірлік болмайды, қарусыз жігіт болмайды» деген мақалды қалай түсінесің?

Әр елдің мемлекеттік рәміздері болады. Олар – елтаңба, ту және әнұран. Қазақстанның рәміздері мемлекетіміздің тарихы туралы әңгімелейді. Олар еліміздегі барлық адамдарды біріктіреді.




Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру








Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Өнер. «Орындап көр» айдарында берілген тапсырманы орындайды.
АКТ. Интернеттен әлемдегі түрлі мемлекеттердің туының үлгілерін жинақтайды.




Жұмыс дәптеріндегі «Менің елімнің рәміздері» тапсырмасын орындау ұсынылады.



Бағалау

Оқушылар:

–– ҚР мемлекеттік туымен танысты; –– тудағы бейнелердің мағынасын;

–– тудың мемлекеттік маңыздылығын білді.


Оқушылар:

–– бақылау жүргізуді; –– ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіруді;


–– сұраққа жауап беруде тиісті лексиканы қолдануды;
–– халқымыздың өткені мен бүгінгісін салыстыруды; –– туды құрметтеуді үйренді.
Бағалау үшін жауаптардың дұрыстығын анықтауды ұсыныңыз.

–– Ту мемлекеттің тәуелсіздігін білдіреді.

–– Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көк түсті.
–– Қазақстанның туында қыран құс бейнеленген.
–– Мемлекеттік рәміздер елдің тарихы туралы сыр шертеді.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.



Ашық сабақ

Сабақ тақырыбы: Қазақстанның рәміздері

1 «В»-сынып

Өткізген: Сулеева А.Ж




Каталог: uploads -> doc -> 1344
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1344 -> Сабақ Тәрбиеші: Мауленова Ж. А.
1344 -> Шемпаев М. Е. Г. Ж. Абраимова Тлегенова Л. Т. «М. Ломоносов атындағы орта мектеп» кмм сыныбы о «Ә» Тәрбиешісі: Ашимова Ж. К
1344 -> Сабақтың /тақырыбы: Реттік сан есім Сабақтың /мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет