Ашық сабақ
Тақырыбы: «Азық-түлік» дүкен ойыны»
Орындаған: Алпейсова Ж.С.
Рудный қаласы 2015 ж
03.12.2015ж.
Сабақтың тақырыбы:«Азық-түлік» дүкен ойыны.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Азық-түліктер тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау,алдыңғы сабақтарда меңгерген сөздерді әр түрлі жағдайда қолдана білуге,анық айтуға жаттықтыру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын,қазақ тілі пәніне деген ққызығушылығын арттыру,ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды бір-біріне қамқор болуға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: оқушылардың білімдерін ойын элементтері арқылы қорыту,жүйелеу сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,дидактикалық ойындар,ауызша,жеке, жұптық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар,доп, әже,слайд т.б
Сабаұтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а)Сәлемдесу;
ә)қонақтармен амандасу;
б)Шаттық шеңбері;
Тіл дамыту сұрақтары:
-Балалар,қазір қандай сабақ?
-Бүгін қандай күн?
-Бір аптада неше күн?
-Жыл мезгілі қандай?
-Қыс айларын ата?
-Ауа-райы қандай?
Иә,қыстыгүні адамдар көп ауырады,ауырмау үшін өзін қалай күту керек?
Адам баласы жақсы тамақтанып,көп дәрумендер жеу керек.
Оның бәрі қайда бар?қайдан аламыз?
Бұның бәрі азық-түліктерде,жеміс-көкөністерде.
Ендеше балалар, өткен тақырыпты еске түсіріп,тамақтарды атап шығайық.
Балалар мінекей азық-түліктерді қайдан алуға болады?
Балалар жауап береді, азық-түлік дүкенінен, слайд (дүкеннің суреті)
Дыбыстық жаттығу:
-Балалар,сабағымызды бастамас бұрын тағы бір қонақпен танысайық.
Бәтима әже:-Сәлеметсіздер ме,балалар!
Балалар:-Сәлеметсіз бе!
Бәтима әже:-Менің атым-Бәтима.Дети,я сегодня пришла к вам с просьбой.Я заблудился.Помогите мне,дойди до продуктового магазина.Поможете?
Мұғалім:-Балалар,көмектесеміз бе?
Балалар:-иә.
Мұғалім:-Ол үшін біз әр түрлі аялдамада тапсырмаларды орындаймыз. Жылдам,қатесіз орындасақ,әжеге тезірек көмектесеміз.
1-аялдама: Жұмбақты шешу.
1. Аппақ-аппақ қардай,
Өзі тәтті балдай.
2. Аппақ ас,сызы бар,
Балалар қызығар.
3. Өзі ащы,
Бірақ,
Дәмді етер асты.
2-аялдама:Сөздерді қазақшаға аудар:
Продукты-азық-түлік,хлеб-нан,мясо-ет,молоко-сүт,кефир-айран,сахар-қант, колбаса-шұжық,яйцо-жұмыртқа.
3-аялдама:Сөз тіркесін құру.
Нан-жұмсақ,дәмді нан,ақ нан.
Сүт сұйық,сүт ақ,сүт дәмді.
Айран ақ,айран қышқыл.
Балмұздақ мұздай,қоңыр,тәтті.
Сергіту сәті:
Нанды шашпа,
Аяғыңмен баспа.
Жерде жатса көтеріп,
Торғайларға таста.
4-аялдама:Сөйлем құру.
Бұл азық-түлік дүкені.Дүкенде нан,шай,қант,май,жұмыртқа,шұжық,кәмпит бар. Мен нан жеймін,нан дәмді.Мен шай ішемін, шай тәтті.
5-аялдама:Сөйлесу.
Балалар,біз дүкенге келдік.Енді Бәтима әжеге керек азық-түліктерді алып беру үшін сатушымен сөйлесейік.(әр оқушы шығып,сатушы мен сатып алушы болып рөлдік ойын көрсетеді.)
-Сәлеметсіз бе?
-Сәлеметсіз бе!
-Сізге не керек?
-Маған қант керек?
-Міне,алыңыз.
-Рахмет,сау болыңыз.
-Бәтима әже балаларға рахметін айтып,кәмпитін үлестіріп,қоштасады.
Қорытынды: Екі жұлдыз,бір тілек.
Қоштасу шеңбері:
Қол ұстасып тұрайық,
Біз шеңберді құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау –сәлемет болайық!
Сабақ аяқталды,сау болыңдар!
Достарыңызбен бөлісу: |