Сынып жетекшісі: Бекенова А.Д.
Пән: Жаратылыстану
|
Мектеп: Шолақаша орта мектебі
|
Күні: 24.01.2017жыл
|
Мұғалімнің есімі: Бекенова А.Д.
|
Сынып: 1 сынып
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Қазір ғарышты қалай зерттейді?
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау;
1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: кейбір ғарыш денелерін сипаттау;
|
Оқушылардың басым бөлігі:ғарышты зерттеуге арналған құралдарды және ұшу аппараттарын сипаттау;
|
Кейбір оқушылар:қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.
|
Күтілетін нәтижелер:
|
Олар құрылғылар мен ұшу аппараттарының не үшін қолданылатынын түсінеді;
расытханалардың қалай жұмыс істейтінін, қазіргі телескоптардың алғашқы телескоптардан айырмашылығын түсінеді.
|
Жетістік критерийлері
|
Оқушылар ғарышты зерттеуге қандай құралдар мен аппараттар қолданылатынын біледі, олардың көмегімен жаңалықтар ашылатынын түсінеді.
Зымыран. Оқушылар зерттеу кезінде алынған зымыранның аппликациясын жасай алады. Әр оқу шыға өзінің ұшатын аппаратын жетілдіріп, элемент тер қосып, атын ойлап табу ұсынылады. Кейбір оқушылар ойдан шығарған бөлшектерін толық сипаттап беруі мүмкін.
ҚБ- Бас бармақ,Бағдаршам,Үш шапалақ.
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.
ғарышты зерттеуде астрономияның рөлін талқылайды
Жер пішінінің өзіне тән ерекшеліктерін атайды
Пәнге тән лексика мен терминология:
астрономия, ғылым, астроном, жұлдыздар, галактика, шоқжұлдыздар, ғылым ретінде астрономияның даму тарихы
Ғаламшар, Жер, шар, ось, полюстар
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Мен астроном болғым келеді, себебі…
Астрономия – қызғылықты ғылым, өйткені…
Мені жұлдыздар қызықтырады, өйткені…
Жер ғаламшарының пішіні қандай?
|
Құндылықтарды
дамыту
|
Оқушыларды ынталанырудың өте маңызды факторы ретінде жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттерді бағдарлайды
|
Пәнаралық байланыстар
|
Физика, математика
Көркем еңбек. Аппликация жасау
|
АКТ қолданудылары
|
Интерактивті тақтадағы жұмыс
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар біздің Жер планетасында өмір сүретінімізді білуі тиіс. Сондай-ақ, олар Жер планетасы ғарышта орналасқанын білуі тиіс.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
«Кім ұтқыр»
ойыны 2 минут
|
Оқушыларды ортаға шығарып алдынғы сабақты естеріне түсіру үшін ойынмен сұрақтар арқылы сұрап шығам.
|
Доп
|
«Көрме»
5 минут
|
Сабақтын тақырыбын ашу үшін Оқушыларға ғарышта виртуалды саяхат жасауды ұсынамын.
оқушыларды көрмеге шақырамын. Көрмеде ғарыш туралы және зерттеу құралдары мен аспан денелерінің суреттерін іліп қоямын.
Ал 1607 жылы итальяндық ғалым Галилео Галилей ең алғашқы телескопты жасады. Сол кезеңде Ай бетінде жай көзге көрінбейтін таулар мен кратерлер бар екендігі анықталды. Галилей түтігін көкжиекке бағыттап, Құс жолының сансыз жұлдыздардың шоғыры екендігін көреді. Обсерватория дегеніміз не, балалар? Естулерің бар ғой. «Обсерватория» (observato—rium) латын тілінен аударғанда «бақылаушы» деген мағынаны біл-діреді. Ол жерде астрономиялық, физикалық, метеорологиялық және тағы басқа зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Ғылыми мекеме арнаулы зертханалық құралдармен, ең бастысы, телескоптармен жабдықталады. Мұнаралар мен павильондардан тұрады. Обсерваториялар адам баласының уақытты есептеу, құрлық пен теңізде жол табу қажеттілігіне орай ежелгі заманда пайда болған.
ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ОБСЕРВАТОРИЯЛАР
БАР МА?
Әрине, бар. Елімізде Астрономия және физика институты 1941 жылы ашылған екен. 1950 жылы Институт Астрофизикалық және Физика-техникалық болып екіге бөлінеді. 1989 жылы Астрофизикалық институтқа оның негізін қалаушы ғалым В.Г.Фе-сенковтың есімі беріледі.
Астрофизикалық институттың құрамында үш обсерватория бар. Оның екеуі теңіз деңгейінен 2800 метр биіктікте, тау басында орналасқан. Бірі − Іле Алатауындағы Үлкен Алматы көлінің маңындағы Күн (Тянь-Шань) обсерваториясы. Ол Алматы қаласынан 30 шақырым жерде. Бұл обсерваторияда Күн дақтарының физикасы, Күн оталысы және Күн тәжінің физикалық құрылымы жөніндегі жұмыстар орындалады. Екіншісі − Алматының шығысынан 100 шақырым жердегі Асы-Түрген обсерваториясы. Үшінші обсерватория институттың өзінде, яғни, Алматы қаласының аумағында орналасқан.
Расытхана (обсерватория) — астрономиялық құбылыстарды бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізетін арнайы мамандандырылған мекеме Асы-Түрген расытханасы — климатты бақылауға арналған Қазақстандағы ең қолайлы бірден-бір расытхана.
Асы-түрген обсерваториясы — Іле Алатауындағы Асы мен Түрген өзендері су айрығы маңындағы теңіз деңгейінен 2700 м биік жота үстіне салынған.
Мұнара-күмбезге Германияда жасалған, айнасының диам. 1 м рефлектор орнатылған. Ол арқылы Күн мен Ай, Күн жүйесіндегі кіші
планеталар мен метеорлық заттар, жасанды аспан денелері, галактикалардың құрылымдары мен динамикасы, жұлдызаралық орта, жарық және
көмескі диффузиялық тұмандықтар мен оларға қатысты жұлдыздар т.б. зерттеледі. Обсерваторияда онға жуық ғылым докторлары, отыздан аса ғылым кандидаттары ғылым-зерттеу жұмыстарын жұргізеді. Асы-түрген обсерваториясы Қазақстандағы әзірге ең ірі, бақылау құралдары автоматтандырылған астрон. зерттеу орны болып табылады.
“Каменское плато” расытханасы Алматыдағы В. Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтқа қарайды.
|
Суреттер
|
Сабақтың ортасы
Презентациямен жұмыс
3 минут
|
Оқушыларды кино тетрге шақырамын.
«Күн жүйесінің планеталарының қашықтық тәртібімен кетуі» бейнежазба
Бұл жерде Байқоңыр туралы бейнежазба ұсынамын.
Қазіргі уақытта әлемде ғарыш аппараттарын ұшыратын ғарыш айлақтары көп емес. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы да бар.
|
Кун жүйесі https://youtu.be/iMZUpP4YjzA
Ғарыш бейнежазба https://youtu.be/hUrhjNgjKaw
|
Топқа бөлу
ҰЖ
20 минут
|
Оқушыларды төрт жұпқа бөліп, нұсқаулықтар беріңіз.
1-топ. “Суретшілер” — ғарыштың суретін салады.
2-топ. “Конструкторлар” — зымыранның үлкен үлгісін қағаздан жасайды.
(Нұсқаулық беріп, қажетінше көмек көрсетіңіз.)
|
Флепчатка,
түрлі-түсті қарандаштар,әр түрлі қағаздар
|
“Тәжірибе”— зымыранды ұшырады.
МҰЖ
5 минут
|
(Шыны ыдысқа құрамында көпіретін газыбар дәрілер салынып, оның бетіне қағаздан жасалған зымыран орналастырылады. Ол он секунд ішінде ұшады.)
|
Дәрілер,
су ,шыны ыдысы.
Қағаздан жасалған зымыран.
|
«Аялдама әдісі»
5 минут
|
Әр топта бір өкіл қалып топта жасаған жұмыстарын басқа топ мүшелеріне түсіндіреді
Осы жұмысты орындағаннан кейін барлық топ мүшелерін жинаңыз. Оқушыларға өздерінің орындаған жұмыстарын талқылап, қорытынды жасау үшін бес минут уақыт беріңіз. Содан кейін қатысушыларды таныстырылымдарын тыңдау үшін ортаға шақырыңыз. Әр топта өзара бағалау жасатып, тапсырма орындаудан алған әсерлері мен бөлісіп, алынған нәтижелер бойынша өз ойларын ортаға салу
|
Таныстырылым
|
2 минут
СЕРГІТУ СӘТІНДЕ
|
Оқушыларға «Әли мен Айя» Ғарышкер туралы! Қазақша мультфильмін қарауға ұсынам.
Айналдыру -3,03-4,08
|
мультфильмhttps://youtu.be/9Wn13gfAQhc
|
Сабақтың соңы
Рефлексия
3 минут
|
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады
|
|
Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Дифференциация бойынша іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады
|
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз
|
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
|