Сабақ Тақырыбы: Азот және фосфор тақырыбын қорытындылау



Дата17.04.2017
өлшемі50,43 Kb.
#14073
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Астана қаласы №66 мектеп-лицей ММ




Ашық сабақ

Тақырыбы: Азот және фосфор тақырыбын қорытындылау

Пәні: Химия

Сыныбы: 10 «Б»

Пән мұғалімі: Жиенбаева А.Н


Астана 2014ж


Азот және фосфор тақырыбын қорытындылау

Сабақтың тақырыбы: «Азот және фосфор» тақырыбын қорытындылау
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Азот және фосфор» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталау, тақырыпты қорытындылау, қосымша мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін көрсете білуге үйрету, ойларын жеткізе білуге дағдыландыру, танымдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың сыныптастарына және мұғалімге қарым - қатынасын нығайту, дүниетанымын қалыптастыру.
Түрі: сайыс сабақ
Типі: бекіту - қорытындылау сабағы
Әдісі: ой қозғау, бақылау, ынталандыру, сергіту.
Көрнекілігі: ХЭПЖ, слайдтар, бағалау және рефлекция парағы, кеспе қағаздар, семантикалық карта.
Пәнаралық байланыс: география, тарих, математика, әдебиет.

Барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Сайыс барысы:
Оқушылар, бүгінгі сабақта біз «Азот және фосфор» тақырыбын қорытындылауға арналған сайыс сабағын өткіземіз. Сайыс 4 кезеңнен тұрады:
«Тапқырлық» кезеңі
«Алғырлық» кезеңі
«Зеректік» кезеңі
«Ойшылдық» кезеңі
Әр кезеңдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар бағалау парағына әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай жазып отырады. Сабақ соңында рефлекция парағын толтырады.

І. «Тапқырлық» кезеңі. (сұрақ - жауап беру)


«Азот» сөзі қандай мағына береді? (тіршіліксіз)
Сіріңкеде қолданылатын фосфор түр өзгерісі? (қара фосфор)
Аммиактың судағы ерітіндісі? (аммиак суы не мүсәтір спирті)
Үш сатыда диссоцияланатын қышқыл? (H3PO4)
Азоттың тотығу дәрежелері? (- 3, - 2, - 1, 0, +1, +2, +3, +4,+5)
Құрамында қоректік элементтер болатын заттар? (тыңайтқыштар)
Қоңыр түсті улы газ ( NO2)
Фосфордың сутекті қосылысы (PH3)
Азотты ашқан ғалым (Д. Резерфорд, 1772 ж)
Фосфор табиғатта қандай түрде кездеседі? (минералдар, тау жыныстары)
Азот қышқылының тұздары? (нитраттар)
Ылғал тартқыш, ақ түсті ұнтақ зат (Р2О5)
Қараңғыда жарқырап, өздігінен тұтанады? (ақ фосфор)
NH4NO3, Al, C – қоспасы? (қопарылғыш зат - аммонал)
Адам сүйегінде қанша фосфор бар? (600 грамм)
Найзағай жарқылында түзілетін газ? (NO)
Фосфорды ашқан ғалым? (Х. Бранд)
Түссіз, өткір иісті, ауадан 2 еседей жеңіл газ? (аммиак)
Фосфордың с. а. м. (31)
Селитараларды атаңдар (натрий, калий, аммоний нитраттары)
Ақ фосфор еритін зат? (СS2)
РО4 - 3 ионды анықтайтын зат? (күміс нитраты)
Азоттың металдармен қосылысы? (нитридтер)
Аммиактың молярлық массасы? (17 г/моль)

ІІ. «Алғырлық» кезеңі.


(Берілген қосылыстардың формулаларын жазып, тотығу дәрежелерін көрсету)
І нұсқа. Аммиак, азот (ІV) оксиді, фосфор қышқылы, натрий нитраты, кальций фосфиді.
ІІ нұсқа. Фосфин, азот қышқылы, фосфор оксиді, литий нитриді, фосфор (ІІІ) хлориді.

ІІІ. «Зеректік» кезеңі (әр оқушыға 1 сұрақтан беріледі)


Фосфор қалай алынады? Фосфор өңдейтін зауыттар орналасқан жерлерді картадан көрсет.
Азоттың табиғаттағы айналымы қалай жүреді?
Фосфордың периодтық жүйедегі орнын түсіндір, атом құрылысын жаз.
Азоттың периодтық жүйедегі орнын, атом құрылысын түсіндір.
Фосфор қосылыстары қайда қолданылады? Сіріңке қалай жасалады?
Ақ фосфор мен қызыл фосфордың айырмашылығын түсіндір.
Тыңайтқыштар қандай топтарға жіктеледі? Азот тыңайтқыштарын ата.
Фосфор жетіспесе өсімдік қандай күйге ұшырайды? Фосфорлы тыңайтқыштардың өсімдікке пайдасы қандай?
Фосфордың табиғаттағы және биологиялық маңызы қандай?
Азот және оның қосылыстары қайда қолданылады?
Фосфор қышқылының диссациациялану теңдеуін жаз, иондарын ата.

ІV. «Ойшылдық» кезеңі (айналымды жүзеге асыру)


(әр қатарға тапсырма беріледі, жауабын бірін - бірі слайд арқылы тексереді.)
1 - тапсырма:
а) N2 → NH3 → NH4Cl→(NH4 ) 2 SO4
ә) P →Р2О5 →Н3РО4 → Na3РО4
Дұрыс жауабы:
а) 4P + 5О5 = 2 Р2О5
Р2О5 + 3H2О = 2Н3РО4
Н3РО4 + 3NaOH = Na3РО4 + 3H2О
ә) N2 + 3H2 = 2NH3
NH3 + HCl = NH4Cl
2NH4Cl + H2SO4 = (NH4 ) 2 SO4 + 2HCl

Сергіту сәті:


ТЕЗ ҚИМЫЛДА! Қатты заттарды атағанда оң қолыңды, сұйық заттарды атағанда сол қолыңды көтер, газдарды атағанда қолыңды мұрныңа апар.
Аммиак суы, кальций фосфаты, азот оксиді, фосфор қышқылы ерітіндісі, азот, натрий нитраты, аммиак, қызыл фосфор, мүсәтір спирті, азот диоксиді, азот қышқылы, мырыш фосфиді, фосфин, ақ фосфор, аммоний сульфаты, калий фосфаты, азот пентаоксиді.

2 - тапсырма: Семантикалық картаны толықтыр:


(семантикалық карта 2 нұсқаға беріледі)

3 - тапсырма: Есепте:


1) Қай тыңайтқыш құрамында азот көп:
NH4NО3, Ca(NО3) 2
2) Қай тыңайтқыш құрамында фосфор көп:
Nа3РО4, К2HРО4
4 - тапсырма: Сенесің бе, сенбейсің бе?
(сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет)
Сенесің бе, азот бейметалл элемент
Сенесің бе, фосфордың таңбасы “пэ”
Сенесің бе, азоттың салмағы өте ауыр
Сенесің бе, ақ фосфордан сіріңке жасайды?
Сенесің бе, фосфор қышқылы өте күшті қышқыл
Сенесің бе, азоттың аллотропиялық түрөзгерісі бар
Сенесің бе, фосфордың үш аллотропиялық түрөзгерісі бар
Сенесің бе, фосфор нәруызда бар
Сенесің бе, аммиакпен дем алуға болады
Сенесің бе, азот диоксиді өсімдікке пайдалы
Сенесің бе, фосфор қышқылы дәрі жасауға жарамайды
Сенесің бе, фосфор қосылыстары нан пісіруде қолданылады

Сен білесің бе?


(Оқушыларға мышьяк, сурьма, висмут туралы мағлұмат беріледі)
МЫШЬЯК Arsenicum As
Мышьяктың барлық табиға қосылыстары өте әдемі болып келеді. Бірақ қосылыстары улы. Орысша атауы мышиный яд“ “тышқанның уы”мағынасынан шыққан деген болжамдар бар. Грекше “күшті, мықты” дегенді білдіреді. Оның бірнеше аллотропиялық түрөзгерісі бар. Ақ мышьякты ертеректе у ретінде пайдаланған, оның адамды өлтіретін мөлшері 20 - 30 мг. Мысалы, галиц князы Дмитрий Шемяка орыстың ұлы князы ІІ Василийді осы умен уландырған. Улылығына қарамастан ақ мышьяк әлі күнге дейін стоматологияда пайдаланылады. Сонымен қатар жартылай өткізгіш ретінде микросхемалар, транзисторлар, күн батареялары жасалады.

СУРЬМА Stibium Sb


Сурьмадан жасалған ыдыстар б. з. д. 3400 жыл бұрынғы Оңтүстік Вавилониядан табылған. Стиби - сурьма жылтыры, антимонт - сурьманың күкіртпен қосылысы табиғатта кездесетін минералдар. Сурьма металдарды еріту қабілетіне ие. Сурьманы түрік тіліндегі сүрме (жағу, бояу) сөзінен алынған деп жорамалданады. Себебі оның ұнтағын қасты, көзді бояу үшін пайдаланған. Сурьма – улы, дұрыс қолданғанда ғана емдік әсері бар, қазірде медицинада пайдаланылады.
Висмут Bismuthum Bi
Әр түрлі аталып, танылуы қиынға түскен элементтің бірі. Оны қорғасын, қалайымен шатастырған. Неміс тілінде “висмут” атауы арабтың “сурьмаға ұқсас” деген сөзінен шыққан. 1642 жылы жарық көрген “Алхимия сөздігінде “Бизематум сұр түсті, жеңіл әрі арзан қорғасын” деп берілген. 18 - ғасырда ғана толық зерттелген. Висмут оксидтері қазірде керамикалық бояулар өндірісінде қолданылады.
4 - тапсырма: Сандар сөйлейді
(берілген сандардың мағынасын ашу)
7, III, V, 1669, 15, - 3, 1772, 31, 14, 78, 5
Қорытынды:
(Бағалау парағы арқылы ұпай саны есептеліп, баға қойылады, рефлекция парағы арқылы оқушылардың сабаққа көзқарасы анықталады )

Жер бетінде адам өмір өткізер,


Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар,-
деп Ж. Баласағұн бабамыз айтқандай білім жолында қанаттарың талмасын, тек биік белестерден көріне беріңдер! Тәуелсіз еліміздің есімін әлемге паш ететін, саналы, абыройлы, білімді ұрпағы болып өсіңдер!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет