Сабақ тақырыбы Бала Абайдан дана Абайға дейін Күні: 27. 02. 2018ж



бет1/4
Дата03.11.2019
өлшемі0,66 Mb.
#51029
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
НУСУПБЕКОВА М.Б. 6-сынып. сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: Қазақ тілі


Мектеп атауы: Д. Бабаев атындағы №115ЖББМ

Бөлім атауы

5-бөлім: Тарихи тұлғалар. 9 сағат. 1- тақырып

Сабақ тақырыбы

1.1.Бала Абайдан дана Абайға дейін

Күні: 27.02.2018ж

Мұғалімнің аты – жөні: Нусупбекова Мейрамгүл Барказатовна

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны: 24

Қатыспағандар: жоқ

Оқу мақсаттары

6.1.1.1. Тыңдалым және айтылым.Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау

6.4.3.1. Әдеби тіл нормалары. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу



Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Тыңдалған мәтіннің құрылымын анықтап, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады; Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді түсінеді және ажырата біледі



Оқушылардың көпшілігі:

Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің лексикалық мағынасын түсінеді және сөйлемде, мәтінде қолданады



Оқушылардың кейбіреуі: Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді сөйлеуде және жазуда осы сөздерді қатыстырып мәтін құрай алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылардың барлығы:

«Телғара» сөзінің мағынасын ұғынады, «ат тергеу» дәстүрі бойынша Абайға жеңгелерінің қойған аты екенін біледі

Астанадан- лек. мағынасын түсінеді: халықтан, қауымнан

«советім» сөзінің мағынасын түсінеді, көнерген сөздермен байланыстырады;

Оқушының көпшілігі : мәтіндегі сөздің «қулар» сөзінің лексикалық тобын табады (дисфемизм) «ақыл, есті болмайды, сыпайы, қасиет» дисфемизмін айтады

Оқушының кейбірі:

Мәтіндегі сөздердің контекстік мағынасын түсініеді, өз сөзінде жаңа мағынада қолданады

Бағалау критерийлері

  • 1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау үшін пікірлесуге қатыса алады;

  • 2.Құрылымдалған айтылым жасай алады (кіріспе, негізгі бөлім, қорытындысы бар)

3. Эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің лексикалық мағынасын түсінеді, қолданады

4. Хабарламалық эссе туралы ұғым алады. Хабарламалық эссе жазады.



Пәнаралық байланыс

АКТ, музыка, әдебиет, тіл, көркем еңбек

АКТ –ны қолдану дағдылары

Суреттер, 4mp3 тірек сызба, графикалық органайзерлер

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтарын игерту

Тіл және мәдениет құндылығы

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игерту сабағы

Алдыңғы білім


Абай Құнанбаевтің өмірі мен шығармашылығынан, Абай «Көзімнің қарасы» әнін, 5-сыныпта өтілген көнерген сөздер, эвфемизм, дисфемизм, табу тақырыптарын еске түсіру

Жоспар

Кезеңдер

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

Сабақтың басы


Оқушылармен амандасу

Абайдың «Көзімнің қарасын» әнін тыңдап тұрып молекула әдісімен бөлінеді. «Молекула -6» деп алтыдан 4 топқа бөлінеді. Топ мүшелерінің міндетін бөледі. Топ жетекшісін бекітеді



  1. Топ. «Көнерген сөздер»

  2. Топ. «Эвфемизм»

  3. Топ. «Дисфемизм»

  4. Топ «Табу» әр топ өздерінің аттарын қорғап, мысал келтіреді

Бағалау: «Үш шапалақ» әдісі

Үй тапсырмасын сұрау:

Әр топ көшбасшысы өз тобындағы мүшелердің үй тапсырмасын қалай жазғандығын сараптап, жақсы жазған бір үміткерден ұсынады.



Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау. Үй тапсырмасындағы дұрыс екі нәрсені атайды және түзететін, толықтыратын, орындалған тапсырманы басқаша жасайтын бір тапсырманы айтады.

3 минут


Кестелер

4 минут

Оқулық


Сабақтың ортасы

«Шеңбер бойынша әңгімелесу» әдісі арқылы оқушылар

«Абай Құнанбаев туралы не білеміз» тақырыбында өздері білетін ақпаратты бөліседі. Абай Шығыс Қазақстан облысында туған. Әкесі - Құнанбай. Анасы – Ұлжан. Туған жылы 1845жылы туған, 1904 жылы дүниеден өткен.



Мұғалім: Жеңгелері Абайды «Телғара» деп атапты. Бұл халықтың қай дәстүрі? («ат тергеу» дәстүрі, 5-сыныпта өткен «Табу» деп аталатын тақырып, ал жеңгелерің сендерді қалай атайды?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады:



Бала Абайдан дана Абайға дейін

  1. Тыңдалым және айтылым: Аудиожазбадан (04.mp3) халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің «Абайға айтарым» өлеңін тыңдап, ондағы негізгі ойды анықтаңдар. Құрылымдық ерекшелігі қандай?

Нұрпейіс Байғанин

Абайға айтарым

Ұстазы көркем сөздің асыл Абай,

Білімді, зейінді асқан, ақын Абай,

Зейіні артық ұшқыр жаннан асқан

Озатша астанадан затың, Абай.

Сіңірген байтақ елге еңбегіңмен

Шашылды жер жүзіне атың, Абай!
Асқар тау, биік шыңсың қол жетпеген,

Білікпен зейініне сөз жетпеген.

Бұтағың көк тіреген сен бәйтерек

Мәуеңе қараса жұрт көз жетпеген.


Зейінің артық асқан, көңілің кеңіс,

Ақылың, ақындығың бәрі тегіс.

Үлгіңнен, Абай ақын, нұсқау көріп

Ақындар күннен-күнге тапты өріс.

Үлгің деп сенің берген, ақын Абай,

Заманда рахатты жедік жеміс.

Аузыңнан шыққан сөзің гауһар-маржан,

Жырыңның бас-аяғы бірдей тегіс.


Абайдың өзі өлсе де, сөзі өлген жоқ,

Абайға ешбір ақын теңелген жоқ.

Мәңгілік бүгінгідей сенің жырың,

Ескіріп айтқан үлгің көнерген жоқ.

Халыққа үлгі берген сенен өзге

Ақында сіз сияқты шебер де жоқ.


Көңіл салып оқыңыз Абай жырын,

Аузынан шыққан жыры шекер-шырын.

Үлгілі айтқан жыры ақын Абай,

Халыққа үлгі берген бізден бұрын.

Мақпалдай қалы кілем секілденіп

Тыңдатқан астанаға жырдан түрін.

Халықтың қамы үшін жырлап өткен

Сайратып шын шежіре шешен тілін.

Ақтарып көңілінен асыл сөзді

Заманның болжап өткен ақыр түбін.

Өзінің терең ой мен ақылынан

Ер Абай болжап кеткен ойдың түбін.

Бұрынғы өткен қулар елемеді,

Советім, халқым білді жырдың бұлын

«Тест инервью» интербелсенді тақтадағы сұрақтар:


  1. Ақынның негізгі ойы қандай?

  2. Көнерген сөздер болса, атаңдар.

Дескрипторы:

Мәтіннің мазмұнын түсінеді, Абай туралы мәліметті толқытырады.

Бағалау парақшасы арқылы бағаланады.


  1. 2. «Бала Абайдан дана Абайға дейін»

  2. 1) Мәтінді оқып, негізгі және қосымша ақпаратты ажыратыңдар.

  3. 2) Әдеби тіл нормалары. Әр топ мәтінінен көнерген сөздерді тауып,

  4. құрылысына қарай ажыратыңдар.

Бала Абай

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (ИбраҺим) Құнанбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.

Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез. Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.

Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді. Әке-шешесінің қасында жүрсе де, жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары



Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули, т.б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов, т.б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.

(http://abaialemi__



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет