Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет12/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Сабақтың қорытындысы

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру



Сабақ қорытындысын шығарған кезде уақыттың ең басты құпиясы – күн тәртібін сақтау қажет екенін естеріне салыңыз. Барлық оқушыларды шеңбер құрып, күн тәртібі туралы қандай шешім қабылдағанын қысқаша айтып берсін. «Сөйлейтін қабырғаға» назар аудартып, «Біз тәртіпті қалаймыз, күн тәртібін сақтаймыз!» деген сөздерді хормен айтқызыңыз.



Оқушылар өз плакаттарында тірек сөздер жазылған үлестірме парақшаларды дұрыс ретпен орналастырып, оларды дауыстап айтады.



Пәнаралық байланыс



Қосымша тапсырмалар



Жаратылыстану. «Кеңес бер» тапсырмасы «Адам» тарауымен байланысты.
Математика. Жұмыс дәптеріндегі «Менің күнім» тапсырмасында оқушылар ұйқыға, серуендеуге және т.б. қанша сағат жұмсалатынын есептейді.



Шығармашылық жұмыс жүргізуге тапсырма беріңіз. Бұл суретпен берілген фоторепортаж немесе күн тәртібі болуы мүмкін екенін айтыңыз. Жаза алатын оқушылар үшін тапсырманы жазбаша орындауға беруге болады.

Бағалау



Оқушылар
– күн тәртібі туралы айта алады;
– жұмыс және демалыс уақытын дұрыс бөле алады.
Оқушылар
– күн тәртібін құрастыруды үйренді;
– күн тәртібін сақтау маңыздылығын түсінді.
Бағалау үшін «Дұрыс жауабын таңда» тапсырмасын ұсыныңыз. Оқушылар сигнал белгісі түріндегі дөңгелектерді пайдаланып, жауаптардың дұрыстығын бағалайды: жауап мағынасы жағынан дұрыс болғанда дөңгелектің жасыл жағы, дұрыс емес болғанда қызыл жағы көрсетіледі.
Күн тәртібі тек балаларға ғана қажет. Мен күн тәртібін сақтаймын.
Демалыс күні күн тәртібін сақтау қажет емес. Сағат онға дейін ұйықтау қажет.
Демалыс күні – бұл ойнайтын және көңіл көтеретін күн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет