Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет153/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Оқу ісінің меңгерушісі: ___________



Сабақ тақырыбы:

Қазақстан Республикасының рәміздері

Мектеп:

Күні :




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:



Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімді түсінеді.




  • Оқушылардың басым бөлігі: Аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздер жөніндегі білімдерін жан – жақты сарапқа сала алады.

  • Кейбір оқушылар: Алған білімдерін өмірде қолданады.

Тірек сөздер:

Рәміздер-символы.

Ресурстар:

Рәміздерге байланысты түрлі – түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал – мәтелдер, Отан, жер туралы нақыл сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу.

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер



Қазақ елі ұлан байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен оңтүстігіне 1600 шақырым, жалпы аумағы 2717,3 мың шаршы шақырым алып аймақты қалай әсірелесе де тұрарлық.
Осындай кең - байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі» бар. Ол – көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмытылған қай ел, қай халық та өз дауысымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды. ҚР – ның Ата заңының 9 – бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар» - делінген. Сондай – ақ осы заңның 34 –бап, 2 тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті» - делінген. Олай болса «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізі естен шығармайық.
Сұрақ: Отан деген не?
«Қазақстан»
Отан –жерім, Отан –суым,
Отан –қуат, нәр береді...
Отан ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Біздің Елтаңба
Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар
Әсем бейне сен көрген
Жай бейне емес, ұғып ал!
Көгілдір түс аясы –
Бейбіт дала елесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны Сөзін жазған:
Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған:
Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай, Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!


Сабақтың қорытындысы



Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру



  • Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген. (Елтаңба)

  • Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)

  • Республика, облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Әнұран)




Пәнаралық байланыс



Қосымша тапсырмалар



Өнер. Оқушылар «Суретін сал» қосымша тапсырмасын орындайды.


АКТ. Қабілеті жоғары оқушылар Paint бағдарламасын пайдаланып, «Суретін сал» тапсырмасын жасай алады.



Суретті бояңдар.





Бағалау



Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға өзін-өзі бағалау үшін «Өзіңді тексер» тапсырмасын ұсынуға болады.


Сұрақтарға жауап ретінде иә (+) немесе жоқ (-) белгілерін қой.





Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




«Өзіңді тексер» қорытынды тексеру тесті

  1. Күн тәртібін сақтау:

а) жақсы оқуға кедергі келтіреді; ә) денсаулықты нығайтуға көмектеседі;


б) бір күн ішінде орындалатын істерді дұрыс жоспарлауға көмектеседі.





  1. Қоғамдық көлікте өзіңді қалай ұстау қажет:

а) ұстағыштан ұстау, көліктен шығуға алдын ала дайындалу; ә) терезеден басыңды шығару, кіре берісте жолаушылардың кіруіне


кедергі келтіру; б) шулап, қатты сөйлесу, үлкендерге орын бермеу.



  1. Қазақ отбасының нышаны. Дәстүр бойынша әкесінен баласына беріліп отырған:

а) босаға; ә) кереге; б) шаңыра.





  1. «Ағаш тамырымен, ал адам .........» мақалын аяқтаңыз: а) достарымен; ә) ақшасымен; б) жұдырығымен.

  2. Көкжиек тұстарын ата: а) оң жақ, сол жақ;

ә) солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс; б) Еуропа, Азия, Африка, Америка.

  1. Кеме жасайтын зауыт қай қалада орналасқан: а) Астана; ә) Орал; б) Қарағанды.

  2. Белгілі бір жердегі атмосфераның жай-күйі: а) жауын-шашын; ә) климат; б) ауа райы.

8. Алғашқы адамдар қайда тұрған: а) киіз үйде; ә) үңгірлерде; б) қамалда.
9. Сақ ханшайымының есімі қандай: а) Тамара; ә) Томирис; б) Елизавета.
10. Қоныс аудару деген не? а) тәртіп нормалары;
ә) адамдардың басқа жерге орын ауыстыруы; б) велосипедпен саяхаттау.
11. Заңдар жинағын жасаған қазақтың ұлы ел билеушісі: а) Қасым хан; ә) Жәнібек; б) Жәңгір.
12. Еліміздің туында не бейнеленген: а) жылқы, шаңырақ, жұлдыз; ә) бидай масақтары, «Бәйтерек»; б) қыран құс, күн, ою.
13. «Бәйтерек» монументінің биіктігі қандай: а) 100 метр; ә) 97 метр; б) 79 метр.
14. Алғашқы өркениет қай жерде пайда болды: а) Солтүстік Африкада; ә) Батыс Еуропада; б) Месопотамияда.
15. Жеке бас гигиенасына арналған заттар: а) тіс щёткасы, тарақ, орамал; ә) қалам, қарындаш, дәптер; б) доп, секіргіш, асық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет