Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет42/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Қосымша тапсырмалар



Математика. Оқушылар жұптарға бөлінген кезде әріп саны өз есімінің әріп санымен сәйкес келетін оқушыны табады.
АКТ. Интернеттен ата-аналарымен бірге «Жақсы әдет» тақырыбына мультфильм тауып, бірге тамашалайды. Егер интернет болмаса, оқушылар SmartArt бағдарламасын қолданып, өз қарым-қатынас схемасын жасай алады.



Жұмыс дәптерінде «Бір- бірімізді зерттейміз» тапсырмасын орындаған кезде оқушылар журналист рөліне еніп, аз араласатын сыныптасының жанына барып, сұхбат құрады. Мұндай сұхбат оқушыларға бір-бірімен жақын араласуға мүмкіндік береді және сынып ұжымының қалыптасуына жақсы әсер етеді. Басқа жағынан алғанда тапсырма қарым-қатынас ережелерінің іс жүзінде қолданылуын бекітеді.


Осылайша, сабақта «өзгертіп айтыңдар», «келісіңдер», «шешім шығарыңдар», «даудың себебін табыңдар» түріндегі тапсырмаларды қолдануға болады.



Бағалау



Оқушылар
– қарым-қатынас дегеннің не және оның не үшін қажет екенін;
– әңгімелесушінің кім екенін;
– кіммен және не үшін араласатынын;
– әртүрлі қарым-қатынас туралы;
– сыныптағы қарым-қатынастың негізгі ережелерін білді.
Оқушылар
– қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызын түсінуге;
– сыныптағы өз қарым-қатынас ережелерін құрастыруға;
– сыныпта қарым-қатынас ережелерін қолдана білуге;
– сыныптастармен және мұғаліммен жақсы қарым-қатынас орнатуға үйренді.
Бағалау кезеңінде «Өзіңді тексер» тапсырмасын беруіңізге болады. Оқушылардан бір-біріне қарым-қатынас ережелерін әңгімелеуін сұраңыз. Мысалы, «әңгімелесушінің сөзін бөлме, мұқият тыңда», «өтінемін», «рахмет» сөздерін қолдан», «ренжітуі мүмкін дөрекі сөздерді айтпа». Оқушылардың өздері ережелерді қалай сайқтайтыны туралы ойланып, жауап берсін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет