Мен араласатын орта. Сабақты «Өрмек» ойнынан бастасаңыз болады. «Барлығы өзім туралы» тарауында оқушылар бұл ойынмен таныс болған. Оқушылардан шеңбер құруын сұраңыз. Орам жіпті алыңыз. Оқушылардан «қарым-қатынас» ұғымын қалай түсінетінін сұраңыз. Жауап бергісі келген оқушы жіптің ұшын алады, ал орам мұғалімнің қолында қалады. Бұдан кейін екінші оқушы бірінші оқушыдан жіптің ұшын алып, өз пікірін білдіреді. Осылайша қарым- қатынас үдерісін көрнекі түрде көрсететін «өрмек» тоқылады.
Егер қарым-қатынас тоқталса, басқа сұрақтар қойыңыз, мысалы: «Қарым-қатынас не үшін қажет?», «Оқушы мектепте кіммен араласады?».
Достарыңызбен бөлісу: |