Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет142/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Сабақтың мақсаты:

1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер



Өте ертеде адамдар өз денсаулығын күтудің қаншалықты маңызды екенін түсінді. Бақытты адам – бұл денсаулығы мықты адам. Мықты денсаулық бізге жақсы өмір сүруге, оқуға және еңбек етуге мүмкіндік береді. Денсаулықты сақтау және нығайту үшін адам өз денесінің құрылысы, өз ағзасы туралы білуі тиіс. Дене жаттығулары ауруларға қарсы тұру қабілетін арттыра отырып, денені өте мықты, күшті және шыдамды етеді. Сонымен қатар күнделікті дене жаттығулары оқушылардың бойында табандылық, алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге деген сенімділікті, бастаған істі аяқтау сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Адам денесінің әр бөлігіне әсер ететін жаттығуларды орындатыңыз. Кеудеге, аяқ пен қол бұлшық етіне салмақ салу, омыртқаның икемділігін арттыруға арналған жаттығулар жасатуыңызға болады. Ғалымдар күніне сегіз минут дене жаттығуымен айналысу адам өмірін ұзартатынын дәлелдеген. Денсаулықты ұзақ жылдар бойы сақтаудың және ауырмаудың тағы бір тәсілі-дәрігерге үнемі қаралып тұру. Біз әдетте ауру асқынғанда ғана дәрігерге барамыз. Бұл дұрыс па? Дәрігерлердің айтуынша, адам денсаулығына шағымданбаса да, өз денсаулығын тексертіп тұру тиіс. Бұл аурудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Біздің ұқсастығымыз неде? «Робот» ойынын жұпта орындатыңыз. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бір-біріне мұқият қарап, кезек бойынша дене мүшелерін атайды. Содан кейін әр оқушы өз әріптесінің нұсқауын анық орындауы тиіс. Мысалы, екі қолды алға созып, жүрелеп отыру, еңкею, үстелге жақындау, бір парақ қағазды алу және т.б. Тапсырмаларды дұрыс орындау нұсқаудың анық берілуіне байланысты екенін ескертіңіз. Әр оқушы кезектесіп, екі рөлді де орындауы қажет. Оқушылардан дене мүшелерінің негізгі атқаратын қызметін атап беруін сұраңыз. Оқушыларға оқулықтағы 1-суретті мұқият қарап, мәтінді оқып шығуға тапсырма беріңіз. «Сөз құрастыр» ойынын өткізіңіз. Оқушылар әріптерден «денсаулық» сөзін құрастырады. Бұл сөзді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хормен айтқызыңыз. Денсаулықтың маңыздылығы туралы әңгіме өткізіңіз. Оқушылардан денсаулықтың негізгі факторларын атауды сұраңыз.
Жауабы: Дұрыс тамақтану, таза ауада серуендеу, таңертеңгілік жаттығу жасау, спортпен шұғылдану және т.б.
Оқушылар оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқиды.
Диалог. Оқушылардан ауырып қалған жағдайда не істеу қажет екенін сұраңыз.
Жауабы: Ауырып қалған жағдайда дәрігерге қаралу қажет. Өз бетімен емделуге болмайды.
Бұл тапсырманы «Дәрігердің қабылдауында» рөлдік ойыны түрінде жүргізсе болады. Бір оқушы – дәрігер, ал басқасы – емделуші. Олар дәрігер мен емделуші арасындағы диалогты құрастыруы қажет. Оқушылардың назарын дәрігер қандай ұсыныс беретініне аударыңыз. Оқушыларды өз денсаулығын сақтау маңыздылығын ойлануға жетелеңіз және олардың назарын таңертеңгілік жаттығуға аудартыңыз. Оқушылар тұтастай алғанда ағза үшін дене жаттығуларының пайдасы туралы айтсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет