Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет144/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Қосымша тапсырмалар



Математика және өнер. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырманы орындаған кезде оқушыларға геометриялық пішіндерді атап, санауды және әртүрлі түске бояуды ұсыныңыз.


АКТ. Оқушыларға интернеттен қозғалыс ойындары мен дене жаттығуларын табуға тапсырма беріңіз.

Сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту мақсатында ойын ұсыныңыз. Мұғалім кезекпен дене мүшелерін атайды, оқушылар соған байланысты дене қозғалысын атап, жасайды. Тиісті қимылды бірінші болып айтқан оқушы жеңеді.

Мысалы, бас – ақпаратты қабылдайды, ойлайды, ауырады.


Диалог
Сәуленің тамағы ауырды. Ол дәрігердің қабылдауына келді. Сәуле мен дәрігер арасындағы диалогты құр.


Бағалау



Оқушылар:
– адамның дене мүшелерін;
– оның негізгі атқаратын қызметін білді;

Оқушылар:


– денсаулықты нығайту үшін дене жаттығуларын ойлап табуды;


– саламатты өмір сүру маңыздылығын түсінуді;


– дәрігерлердің адам денсаулығын сақтаудағы қызметін түсінуді;

– өз денсаулығын күту және сақтау қажеттілігін түсінуді үйренді.


Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға үлестірме парақшалар жазылған «Дұрыс жауабын тап» тапсырмасын беруге болады. Жауабын «иә» немесе «жоқ» деп белгілеу қажет.


Жұмысты өз бетінше немесе жұппен орындатуға болады.



  • Бас – дене мүшесі.

  • Денсаулық – теңдессіз байлық.

  • Үнемі спортпен шұғылданатын адамдар жиі ауырады.

Жаттығу денсаулықты нығайтады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет