Оқушылар өздері ойластырған ережелерінің айырым белгісін (жол белгілері сияқты) жасап, бүкіл сыныпқа таныстыра алады.
Жауабы: «Бір-біріңді жамандама, дөрекі сөз айтпа, өте қатты әңгімелеспе және т.б.»
|
Бұл сабақта тілдік мақсаттар сипаттау, салыстыру, әңгімелесу, талқылау сияқты тапсырмалардың көмегімен іске асырылады. Оқушылар диалог жүргізеді, журналистер рөлін ойнайды. Қарым-қатынасты тәжірибеде қолдану сөйлеу мәдениетін дамытуға көмектеседі.
Сабақта екі тірек сөз үйретіледі. «Әңгімелесуші» ұғымын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөздерді құрамына қарай талдау арқылы түсіндіруге болады. Сонымен қатар «Орындап көр» тапсырмасын орындаған кезде оқушылар өзара әңгімелесуші болып табылатынын түсіндіру қажет.
|