Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет11/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Сабақтың мақсаты:

1.1.2.4 күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер



Денсаулық сақтау мен нығайту шарттарының бірі– мүлтіксіз орындалатын күн тәртібі. Күн тәртібін сақтау кез-келген жұмысты анағұрлым жеңілдетеді, денсаулықты сақтау үшін адам ағзасының барлық мүмкіндіктерін көбірек қолдануға мүмкіндік береді. Күн тәртібі – бұл тәулік бойы қызмет пен демалыстың барлық түрлерін тиімді бөлу. Күн тәртібін сақтайтын адамдар көбірек іс тындырып, аз шаршайды. Күн тәртібі адамды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жауапкершілікке үйретеді. Бұған әйгілі адамдардың қызмет жетістіктері дәлел болады. Мысалы: қазақтың алғашқы теміржолшы-инженері Мұхаметжан Тынышбаев (1879 ж. 12 мамыр – 1937 ж. 21 қараша);
ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров (1946 ж. 27 шілде) және Талғат Мұсабаев (1951 ж. 7 қаңтар); зілтемірші Илья Ильин (1988 ж. 24 мамыр) – екі мәрте олимпиада чемпионы (Пекин – 2008,
Лондон – 2012). Оқыған және жұмыс істеген жылдары олар жұмыс және күн тәртібін сақтауға үйренді, соның нәтижесінде үлкен табыстарға қол жеткізе алды.
Күн тәртібінің негізгі элементтерінің бірі ұйқы болып табылады. Ұйқы – біздің өміріміздің қажетті бөлшегі. Ол ой мен денеге табиғи жолмен демалуға және өз қызметін қалпына келтіруге көмектеседі. Дұрыс ұйқы жұмыс қабілеттілігінің маңызды шарты. Күнде бір уақытта ұйқыға жатып, тез ұйықтап қалу әдетін қалыптастырған дұрыс. Ұйқының ұзақтығын қадағалау қажет: кіші сынып оқушылары ауасы тазартылған бөлмеде кем дегенде 10 сағат ұйықтауы қажет. Олай болмаған жағдайда қатты шаршайды, жүйке жүйелері бұзылады сыныптағы оқушылардан артта қалады. Егер зорығу созылмалы болса, ол баланың өсуіне және дамуына, жалпы денсаулығына кері әсер етеді.

Сабақты тосын сыйдан бастаңыз. Алдын ала сағат салынған қорап дайындаңыз. Оқушылар қорапта не бар екенін білмеуі тиіс. Оларға «құпиясы» бар қорапты көрсетіңіз және ішінде не бар екенін сұраңыз. Оқушылар оны жұмбақтың көмегімен табады: «Уақытты өлшеп, санап, таппайды бір тағат. Бұл не?» Оқушыларға бұл құпияның әуенін тыңдатыңыз. 1-2 оқушыға қораптағы сағаттың тықылын тыңдатыңыз. Бүкіл сыныппен «тық-тық» әуенін хормен айтқызуға болады. Оқушылар қорапта не бар екенін тапқаннан кейін сағатты көрсетіңіз және сағаттың не үшін қажет екенін сұраңыз. Сағаттың көмегімен уақытты өлшейді. Бұл сабақта бір күнгі уақытты ненің көмегімен дұрыс бөлуге болатыны туралы айтылатынын хабарлаңыз.

Әңгіме құрастыр. Оқушыларға бұдан әрі барлық іске үлгеру үшін уақытты бағалай біліп, уақыт құпиясын түсіну маңызды екенін хабарлаңыз. Уақыттың негізгі құпиясын білгісі келетіндігі туралы сұраңыз. Сынып қабырғасында шашыратып ілінген «Т, Ә, Р, Т, І, Б, І» әріптері, тақтада «КҮН» сөзі ілініп тұр. Оқушылардың сөзді жинап, хормен оқуын сұраңыз. Күн тәртібі туралы не білетінін сұраңыз. Оқулықтың 6-бетіндегі мәтінді оқыңыз. Оқушылар оқулықтың «Әңгіме құра» тапсырмасындағы суреттерге қарасын және Асланның күн тәртібі туралы әңгімелеп берсін. Орындап көр. Оқушылардан қайсысының күн тәртібін сақтайтынын сұраңыз. Күн тәртібі не үшін қажет екенін өз сөздерімен түсіндірсін. Тақырыпты бекіту үшін топта осы айдардың тапсырмасын орындатуға болады. Оқушылар бұл жерде өз күн тәртібін құрып көреді. А3 көлеміндегі парақтарды, күн тәртібінің кезеңдері бейнеленген суреттер жинағын топтарға таратып беріңіз. Таймер орнатыңыз. Белгі бойынша жұмысты аяқтап, барлық плакаттарды «сөйлейтін» қабырғаға бекітіп қойыңыз.


Оқушылар барлық плакаттарды қарап шықсын. Күн тәртібі сәттерінің орналасуында айырмашылық байқалса, сол топқа өз плакаттарын түсіндіруге және қорғауға сөз беріңіз. Жұмысты өз бетімен істеудің маңызды екенін естеріне салыңыз. Тайм-менеджмент сақтай отырып, бірлесе жұмыс істеу сабақтың тәрбиелік тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Оқушыларға уақытты құрметтеу қажетігін естеріне салыңыз. Оқушылар күн тәртібін сақтағанда барлық іске үлгеруге болатынын түсінуі қажет.



Кеңес бер. Оқулықтықтағы «Кеңес бер» тапсырмасының суретін қарауды ұсыныңыз. Сұрақтарды оқыңыз. Осындай жағдайды кімнің кезіктіргенін сұраңыз. Оқушылар жұпта балаларға осындай жағдайға тап болмас үшін қалай көмектесу қажеттігі туралы кеңес ойлап тапсын. 1-2 жұптың жауаптарын тыңдап, олардың жауаптарын «келісемін», «келіспеймін» деп белгілесін.

«Сен білесің бе?» айдарындағы мәтінді оқыңыз.


Менің демалыс күнім. Кейіпкердің сүйікті істері туралы «Нехочуха» мультфильмінен үзінді көрсетіңіз. Аптаның қай күндерінде аттракциондар паркіне, киноға баруға болатынын сұраңыз. Оқулықтағы «Менің демалыс күнім» тапсырмасын орындау үшін «Әңгіме құрастыр» тапсырмасындағы суреттерге тағы да қарап шығып, баланың күн тәртібінде не өзгеретіні туралы жауап беруін сұраңыз. Содан кейін бір-екі сөзбен өздері демалыста немен айналысатынын айтсын. Оқулықтағы демалыс күні туралы мәтінді оқыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет