Орындап көр. Жұмысты жұпта өткізіңіз. Оқушылар шағын тақтайшаны немесе ермексазды пайдаланып, жазу жазатын негіз жасайды. Одан кейін тақтайшаға ұшы үшкір ағаш таяқшамен таңбалар мен белгілер арқылы хат жазады. Оқушылар жұп болып «хаттарын» бір-біріне беріп, алмасады және оларды оқуға тырысады. Ағаш таяқшамен өз есімін, тегін, тұратын қаласын және т.б. жазуды ұсынуға болады.
|
Тірек сөздерді еске сақтау үшін оқушылармен «Өз үштігіңді тап» ойынын өткізіңіз. Әр оқушыға бір тілде тірек сөздердің біреуі жазылған үлестірме парақшалар таратыңыз. Сөздер қайталануы мүмкін. Ең бастысы барлық тірек сөздер қамтылуы тиіс. «Баста» белгісін беріңіз. Оқушылар екі тілде тірек сөздер жазылған үлестірме парақшалары бар оқушыды табуы тиіс. Ойынның қорытындысын шығарыңыз. Әр оқушы тірек сөздерді айтуы тиіс.
|