Оқушылар:
– адамның дене мүшелерін;
– оның негізгі атқаратын қызметін білді;
Оқушылар:
– денсаулықты нығайту үшін дене жаттығуларын ойлап табуды;
– саламатты өмір сүру маңыздылығын түсінуді;
– дәрігерлердің адам денсаулығын сақтаудағы қызметін түсінуді;
– өз денсаулығын күту және сақтау қажеттілігін түсінуді үйренді.
Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға үлестірме парақшалар жазылған «Дұрыс жауабын тап» тапсырмасын беруге болады. Жауабын «иә» немесе «жоқ» деп белгілеу қажет.
Жұмысты өз бетінше немесе жұппен орындатуға болады.
Бас – дене мүшесі.
Денсаулық – теңдессіз байлық.
Үнемі спортпен шұғылданатын адамдар жиі ауырады.
Жаттығу денсаулықты нығайтады.
|