Сен білесің бе? Оқушылардан шұғыл көмек көрсететін қызметтердің нөмірін сұраңыз. Оқушыларға айдардың мәтінін хормен оқытыңыз. Сабақты «Мен білемін» ойынымен аяқтаңыз. Заттардың суреттерін көрсетіңіз. Оқушылар дұрыс қолданылмаған жағдайда қауіп-қатер туғызатын заттарды көргенде алақандарын соғулары қажет. Оқушылардан мына заттар қандай жағдайда қауіпті болуы мүмкін екенін сұраңыз.
Жауабы: Тұрмыстық құралдар тұтанып кетуі немесе ток соғуы мүмкін.
|
Жұмысты топта жүргізіңіз. Бірінші топ оқушылары қазақ әліпбиіндегі УҚАІПІЗІКСД әріптерін алады және «қауіпсіздік» сөзін құрайды. Олардың міндеті бұл сөзді ағылшын және орыс тілдерінде қайталауы тиіс. Басқа топ орыс тіліндегі әріптерден «безопасность» сөзін құрайды. Бұл сөз орыс және ағылшын тілдерінде айтылады.
|