Не көріп тұрсың? Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-суретке аударыңыз. Олардан сұрақтарға жауап беріп, суретке ат қоюын сұраңыз. Оқушылар «көкжиек» сөзінің мағынасын қалай түсінетінін айтсын. Жауаптарын тыңдаңыз. Айналада көріп тұрған кеңістік көкжиек екенін түсіндіріңіз. Оқушылардың біріне оқулықтағы 1-мәтінді оқуды ұсыныңыз.
Тұсбағдар және сағат.Бұл тапсырманы топта өткізіңіз. Ол үшін оқушыларға көкжиек тұстарының атауы жазылған үлестірме парақшаларды таратыңыз. Оқушылар таңдап алынған үлестірме парақшаларына сәйкес топтарға бөлінеді. Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аударыңыз (егер мүмкіндік болса, әр топқа тұсбағдар мен қол сағатын таратыңыз). Олардан бұл заттардың арасында қандай ұқсастық бар екенін сұраңыз. Оқушыларға оқулықтағы 2-мәтінмен танысуды ұсыныңыз.