Орындап көр. Бұл тапсырма тұсбағдарды қолдана отырып, жергілікті жерде бағдарлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Деректі материалды қолдана отырып, оқушыларға тұсбағдарды қалай қолдануға болатынын түсіндіріңіз. Әр топқа солтүстікте, оңтүстікте, батыста және шығыста орналасқан нысандарды (ғимараттар, тұрғын үйлер, дүкендер, саябақтар) анықтауға тапсырма беріңіз.
|
Бұл сабақта оқушылар бірқатар жаңа ұғымдармен алғаш рет танысады, сондықтан да оқушылардың үш тілдегі тірек сөздерді тыңдауына және айтуына назар аударыңыз. Тірек сөздерді естерінде жақсы сақтауы үшін «Есте сақта» ойынын өткізіңіз. Бұл ойын үшін көкжиек тұстарының атауы көрсетілген үлестірме парақшаларды қолданыңыз. Оқушы тірек сөздердің біреуін қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде айтады және өзінен сол жағында тұрған оқушының есімін қосады. Ол өз кезегінде бұл сөзді басқа тілде айтады. Осылайша, оқушылар үш тілде барлық тірек сөздерді айтып шығуы тиіс.
|