Қала туралы әңгімеле. Оқушыларға оқулықтағы 1-суретке мұқият қарауға тапсырма беріңіз. Сұрақтарға жауап берсін. Содан кейін 1-мәтінді өз бетімен оқуға беріңіз.
Ауыл туралы әңгімеле. Оқулықтағы сұрақтарды қолдана отырып, суреттер бойынша әңгіме өткізіңіз. Қосымша мынадай сұрақтар қойыңыз:
«Кімдерді қалалық деп атайды?» «Ауыл тұрғындары немен айналысады?» «Сенің қайда тұрғың келеді? Неліктен?»
Оқушылардың жауаптарын қала және ауыл туралы ақпаратпен толықтырыңыз. Оқушыларға мәтінді оқуға беріңіз. Қабілеті жоғары оқушыларға қала мен ауыл арасындағы байланысты анықтауға тапсырма беріңіз. Олар күнделікті өмірден мысалдар келтірсін. Оқушылардың назарын қалада
театрлар, фабрикалар, зауыттар, ойын-сауық орталықтары бар екеніне аударыңыз. Оқушылардан Қазақстанның қандай қалаларына барғысы келетінін сұраңыз. Мәдениет орындарында тәртіп және тазалық сақтау, жолдардағы қауіпсіздік туралы әңгіме өткізіңіз. Қажетті көшелерді іздеудің қазіргі заманғы тәсілдері – жергілікті жер сұлбасы, навигатор және т.б. туралы әңгімелеп беріңіз. Интерактивті тақтадан спутниктік байланыс көмегімен өз туған өлкесін, өзі барғысы келген жерлерді қалай анықтауға болатынын көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |