Мен кіммін? Оқушыларға Ш.Уәлихановтың портретін көрсетіңіз. Оларға бұл адам туралы не білетінін анықтаңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Оқушылар өз бетімен көрнекті тарихи қайраткер туралы айдардың мәтінін оқып шықсын. Оқылған ақпаратты деректі материалдардан алынатын ақпаратпен толықтырыңыз. Ш.Уәлихановтың нағыз отансүйгіш тұлға болғанын және өз халқының игілігі үшін көп қызмет атқарғанын ерекше атап кетіңіз.
|
Сабақ барысында оқушылар тірек сөздерді қолдана отырып, сұрақтарға жауап береді, сөйлемдер құрайды, өз көзқарастарын білдіреді. Тірек сөздер оқушылар үшін жаңа, сол себепті бұл сөздерді 3 тілде хормен дауыстап айтқызыңыз. Қабілеті жоғары оқушылар тірек сөздермен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлемдер құрай алады.
|