IV.Шығармашылық жұмыс
|
Күлтегін- жырдағы оқиғаны ұйымдастырушы негізгі тұлға.Оны түркі халықтарының ерлік туралы ұғымының жиынтық бейнесі деуге болады.Күлтегінде түркілерге тән ержүрек, өршіл,қайсар, қайтпас мінез бар.Елдің «Сондай батырым болса» деген арманына сай нағыз батыр.
47жас жасаған әскербасы,Бумын,Қапаған, Істемі қағандардың ұрпағы, Білге қағанның туған інісі, жырдағы ең өзекті тұлға, эпостық образ.
3. Қүлтегін бейнесіне жан-жақты талдау жасау.
Күлтегін - атқа мықты,бекем бекзада деген сөз.
Күлтегін тұлпарлары - Алып шалшы ақ айғыр, Азманақ, Қарагер, Башғы боз ат
Күлтегін өмірінің жырда әртүрлі жас белесімен айқын сипатталуын теріп жазып көру.
...інім Күлтегін жеті жаста қалды...-7жас;
...Он жаста...інім Күлтегін ер атанды...-10 жас;
...Он алты жасқа келгенде. ...ел-жұртын сонша молайтты...-16 жас;
Жиырма бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық...-21 жас;
Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде...-26 жас;
Күлтегіннің жиырма жеті жасында. ..-27 жас;
Күлтегін сол соғыста отыз жаста еді...-30жас;
Күлтегін отыз бір жаста еді...-31жас;
Күлтегін өлгенде қырық жеті жаста еді...-47 жас;
4. Жырды батырлар жырымен салыстыру.
«Күлтегін» жыры
Қойға шапқан бөрідей,
Талқандап қуып береді...
Әкем қағанның
қосыны бөрідей,
Талқандап қуып
береді...
Айдарлысын құл қылды,
Тұлымдысын тұл қылды...
Бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды...
|
V.Қорытындылау
|
Батырлар жыры – елдікті,
«Күлтегін»жыры- елдікті,
Исатай-Махамбет-еркіндікті,
Желтоқсан көтерілісі-тәуелсіздікті ту етті, сол үшін күресті.
« Бүкіл түркі халқы үшін
Түн ұйқымды төрт бөлдім,
Жанып күйдім, өрт болдым» («Күлтегін»жырынан.) деген жыр жолдарын бүгінгі күнмен байланыстыр.(Өзіндік пікірін сабақтан алған әсерімен байланыстыру).
|
Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |