Сабақ тақырыбы: Батырлар жырлары туралы түсінік Жалпы мақсат



бет57/98
Дата07.02.2022
өлшемі3,31 Mb.
#97075
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   98
Байланысты:
6-қазақ әдеб ҚМЖ
Ереже Зерде
ІІІ. Жаңа тақырып

Әбу Сәрсенбаев "Сен құрметте оны, қарағым"
(Өлеңді мәнерлеп оқып шығу)
1) Өлеңде не туралы айтылған?
2) ІІ дүние жүзілік соғыс туралы не білесіңдер, ақын сөзін кімдерге арнаған?
3) Соғыс мүгедектерін көргенде сендердің бойларыңды қандай сезім билейді?
Дамыту: Жоспар
1. Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
2. Денесін оқ пәршелесе де
Ел намысын қорғап қалды.
3. Сенің келешегің үшін берді ол,
Азаттық жолда аяғын.
- Жақсы, балалар, Ұлы Отан Соғысы қай жылдары болғанын білесіңдер ме?
- Бұл кезеңдегі батырлардан кімдерді білесіңдер?
- Олар біздің келешегіміз үшін күресті. Осы тәуелсіздік жолында еліміз тағы қандай қиындық кезеңдерді бастан кешірді? Желтоқсан ерлерінен кімдерді білесіңдер?
-Балалар, биыл тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын тойладық. Ал сол тәуелсіздік бізге оңайлықпен келді ме?
- Біз бұл тәуелсіздікке ата-бабаларымыздың, аға-әпкелеріміздің төгілген қанымен, аққан терімен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен қол жеткізген елміз.
- Қан майданда шайқасқан талай ерлеріміз, ең болмаса сүйегіміз туған жер топырағына жетсе деп, майданға кетерде"бір уыс топырақты" ақ орамалға түйіп алып кеткен еді.
Туған жер дегенде тебіренбейтін көңіл, бұлқынбайтын жүрек бола ма? Әбу Сәрсенбав та өзі майдан даласында жүрсе де, туған еліне арнап "Туған жер" өлеңін шығарған болатын.
Туған жер.
а) Туған жер топырағы
ә) Қайда жүрсем, өзің тұрдың есімде
б) Сен — ұлысың, адам — сенің жемісің
в) Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер. Өлең кімге арналған?
Лирика — ақынның сезімін, көңіл-күйін, қуанышы мен сүйінішін, арман-аңсарын, өмірге деген көзқарасын, ішкі толғанысын, дүниетанымын сыр ғып шертетін өлең.
-Бұл өлең қандай ұйқаспен жазылған?
-Неше шумақтан тұрады?
- Неше буынды өлең?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет