Уақыты:
|
Қазақ әдебиеті
|
Мұғалім:
|
Сынып:
|
Сабақ тақырыбы:
|
Батырлар жырлары туралы түсінік
|
Жалпы мақсат:
|
Батырлар жыры туралы түсінігін кеңейту,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
|
Сілтеме:
|
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
6-сыныпқа арналған оқулығы
Үлестірме материалдары
|
Оқу нәтижесі:
|
Ертегілер мен батырлар жырын салыстыра алады.
Батырлар жырындағы ерлік,батырлық,ел қорғау мәселесін түсінеді.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
«Батырлар жыры» кітабы, дидактикалық материалдар
|
Оқыту әдістері:
|
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
|
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.
|
Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.
|
ІІ. Қызығушылықты ояту
|
«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.
|
Талдау,жинақтау,қорыту
|
ІІІ. Жаңа тақырып
|
Батырлар жыры -- ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау,елінің,халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр.Батырлар елінсүйген,ата мекенін,намысын қорғау,елдігін сақтау үшін ата жауына қарсы жан қияр ерлікке барған,көзсіз батырлық,ерлік көрсеткен.
Ең алдымен оның басты қаһарманы –батыр. Батырлар жырының барлығында ол әдеттен тыс жағдайда дүниеге келеді. Бір балаға зар болған ата-анасы оны тәңіріден тілеп алады. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі және тез ер жетеді. Алғашқы ерлігін өзіне жар таңдау сапарында көрсетеді.
|
Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |