Сабақ тақырыбы: Батырлар жырлары туралы түсінік Жалпы мақсат



бет98/98
Дата07.02.2022
өлшемі3,31 Mb.
#97075
түріСабақ
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98
Байланысты:
6-қазақ әдеб ҚМЖ

+

-

Қарапайымдылық

Дөрекілік

Адал еңбек

Ұятсыздық

Әділетсіздік

Ұрлық

Мейірімділік

Қаталдық

Арлылық

Өктемдік

Адалдық

Дүниеқоңыздық

Сенгіштік

Пасықтық

 Қаламгер шеберлігі
Шығарманың соңындағы авторлық шешім қандай, оған сіздің көзқарасыңыз?
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
жеңудің бәрі жеңіс пе?
Ой түйін
РАФТ
Р - роль
А - аудитория
Ф - форма
Т – тақырып

IV.Шығармашылық жұмыс
а) Әңгіменің компазициялық құрылымы
(Әңгімені түгел баяндап болғаннан кейін әңгіме желісі бойынша жоспар құрамыз)
Әңгіме құрылысына талдау (мультимедиа арқылы, кесте бойынша)

Р/с

Оқиға желісі

Оқиға өрісі

1

Оқиғаның басталуы


2

Оқиғаның дамуы


3

Оқиғаның байланысуы, өрбуі


4.

Оқиғаның шиеленісуі


5.

Оқиғаның шарықтау шегі


6.

Оқиғаның шешімі


Әдеби теориялық ұғымдар:

Эпитет

Теңеу

Метафора

Жазықты адам.

Жасымықтай, атыздай, еңгезедей, құмырсқадай, аюдай, трактордай, аяздай, бидайдай, күректей, ноқаттай, шыбықтай,құлдай, балапандай, құстай, ошақтай, киіктей, қыздай, қаршадай, жаңбырдай, мас кісідей, айырдай

Таңға ілініп, көзінен от таймайды, басы кеудесіне құлап, көз жасым көл болды, көзі маңдайға шыққан қалпы.


ә) Дермене туралы толық мағлұмат беріледі
Дермене – жусанның дәрі жасайтын түрі.
б) Оқушыларға Саралжын елінде өсетін өсімдіктер және дәрілік өсімдіктер туралы біліп келу алыдын ала тапсырылады.

  1. Оқушылардан өздері тұратын жерлерде қандай өсімдіктер өсетіндігі сұралады.

  2. Солардың ішінде дәрілік өсімдіктердің түрлерін айтқызамын. Дәрілік өсімдіктердің қандай пайдасы бар екеніндігінен толық мәлімет беріледі.

«Обал мен сауап»  Тірек сигналдар
а) Обал-ұғым атауы. Дерексіз зат есім. Көзбен көрмейміз, қолмен ұстамаймыз.
Обал сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Неге, кімге қатысты айтылады?

Не себепті айтылады?

1.Пайдасынан басқа зияны жоқ, жан біткенге қылдай қиянат келтірмейтін, бейкүнә, жазықсыз аңдар мен құстар, жануарлар мен жәндіктерге айтылады.


2.Қасиетті, киелі аналатын тағам атауларына қатысты айтылады.


3.Адамға қатысты айтылады. Мысалы көрген қорлық, кеткен ақы, төгілген жас, көрген қиянат.

ә) Сауап сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?



  1. «Дұрыс болды, оған сол керек» деген мағынада жұмсалады.

  2. Алғыс, ықылас, қошемет, рахмет ұғымын білдіреді.

Еркін жазу статегиясы.
Оқушылар шығармашылығына ерік беру
Адамгершілік, адалдық тақырыбына өлең құрау.
СӘЙКЕСТЕНДІРУ 
Кейіпкерлер іс-әрекеті мен портретін сәйкестендіру.

Тоқсанбай
Ергешбай
Омаш

мейірімді
қатыгез
есті
қонақжай
қомағай
арсыз
иманды
тойымсыз
көргенсіз
төзімді
ұғымды
оспадар
елгезек
имансыз
ақпейіл
балажан
тірбиелі
әдепсіз
ұры
аяр
қанағатшыл
арлы, адал
арам ойлы
өнегелі
еңгезердей
қағылез


V.Қорытындылау

Омаш іс-әрекетіне баға бере келе өмірде мұндай жандардың, мұндай оқиғалардың әлі де болса кездесетініне тоқталамыз. Оқушылады жаманнан жиреніп, жақсыдан үйреніп, ізгілік жолын ұстануға шақырмын.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

«Дермене» хикаятының толық нұсқасын оқу

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »


Уақыты:

Қазақ әдебиеті



Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Манас жыры

Жалпы мақсат:

Әлем әдебиетінен түсінік беріп,қырғыздың «Манас» жырына тоқталу,жырдың ауыз әдебиетіндегі батырлар жырымен ұқсастығын түсіндіре кету;
«Манас» жырын эпикалық шығарма екендігін дәлелдей отырып,Манас бейнесін ашу;
Оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
6-сыныпқа арналған оқулығы
Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Манас жырын оқыта отырып, ауыз әдебиетіндегі батырлар жырының ұқсастығы мен ерекшелігін сабақтастыру арқылы білімдерін кеңейту.
Оқушыларды имандылыққа, достыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Мәнерлеп оқуға, тапқырлықпен жауап беруге үйрету, таным қабілетін дамыту.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Кітаптар, дидактикалық материалдар т.б



Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.





Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту.



ІІІ. Жаңа тақырып

Туысқан қырғыз халқының ақындық өнерінің ұлы үлгісі «Манас жыры» өзінің тарихи тағдырымен де, көркемдік болмыс-бітімімен де қырғыз халқы үшін зор бағалы, мәдени әлеуметтік маңызы өте жоғары әдеби ескерткіш болып табылады. Манас эпосын алғаш зерттеген қазақ ғұламасы Шоқан Уалиханов. Ол 1856 жылы қырғыз жерінде болған сапарында манасшыдан «Көкентай ханның асын» жазып алып, орыс тілінде жариялады. Манастың басқа тілге аударылуына, орыс және европа ғалымдарының ден қоюына жол ашты. Шыңғыс Айтматов: «Қырғыз елінің байырғы ата мұрасының ең биік шоқысы-ұлы Манас эпосы» деген пікірі бар. Шындығында «Манас жыры» өзінің қайталанбас қуатымен талай ғасырлардың қайғылы, зарлы оқиғаларын бойына сіңіріп, философиялық мазмұнды жинақтауы тұрғысынан, елдің тарихына, тұрмыс-тіршілік, отбасы жағдайы, әртүрлі салт-сана, әлеуметтік, қоғамдық тұрмысын кеңінен және толық қамтуы жағынан дүниедегі ең сирек кездесетін әлемдік поэтикалық ескерткіштерінің үлгілеріне жатқызады. Манас эпосы Гиннес рекордтар кітабына енген. Толық тексін жарияласа 40 томға жетеді екен.1958 жылы кітап күйінде шыққан көлемі 500 000 жол.
Оқушыларды 2 топқа бөліп, тапсырмалар беріледі.
1-топқа
«Манастың дүниежүзілік эпостың барша жұрт таныған асыл қазыналарының қатарына батыл қосуға болады. Манас-поэзияның түпсіз терең мұхиты. Қырғыз эпосы Гиннес рекордтар кітабына енген. Толық тексін жарияласа 40 томғм жетеді екен.1958 жылы кітап күйінде шыққан көлемі 500 000 жол.

  • 1-тапсырма

2-топқа
«Манастың дүниежүзілік эпостың барша жұрт таныған асыл қазыналарының қатарына батыл қосуға болады. Манас-поэзияның түпсіз терең мұхиты. Қырғыз эпосы Гомер эпосы сияқты ғасырлар бойы жасалып, ғасырлар бойы дамып келеді»-деген ғұлама ғалым М. Әуезов.
Өз ойыңызды қорытындылап жеткізіңіз. Манас жырының тәрбиелік мәні қандай?
2-тапсырма
Әр топқа бір сөйлем ұсынылады. Оқушылар сөздерді топтастыру арқылы сабақ тақырыбының басты мәселелерін шығарып, тірек-схема жасап, қарсы топ дұрыс оқуы керек.
Мысалы 1-топқа берілетін тірек-схемасының үлгісі
Өз басым өзге елге сапарға шығып
Әрқашан қажет тұтып Өзге жұрттың табалдырығын аттасам
Өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін
Бірі Манас Бірі М.Әуезов
Екі түрлі ұлттық асылым бар.
Бұл тірек-схемадан Қырғыз халқының көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың сөзін оқисыздар: « Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттасам, әрқашан қажет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін, екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі Манас, бірі М.Әуезов»
3-тапсырма
2-топқа. Ұлы ғалым, зерттеуші Ш.Уалихановтың пікірін.
«Манас-Қырғыздың ескі мифтерінен, аңыздарынан, ертегілерінен жиналып, бір адам-Манас төңірегіне топтастырылған энциклопедия. Бұл жағынан ол даланың Иллиядасы тәрізді»
Алдыңғы үлгі бойынша тірек-схема құрастырамыз.
4-тапсырма
Кубик алынып алты жағы нөмірленіп, тапсырма беріледі.

  1. Манас жырының мазмұнын қысқаша баяндап беріңіз.

  2. Манастың батырлығы, ерлігі қандай әрекеттермен суреттелген?

  3. Манас жырының өзіндік ерекшелігі?

  4. Бүгінгі таңдағы Манас бейнесі қандай?

  5. Манас мінген тұлпар жырда қалай суреттелген?

  6. Манас жырының тәрбиелік мәні ?

5 тапсырма
Венн диаграммасы айқасып жатқан 2 дөңгелектен тұрады. Шеңбердің екі жағына салыстыруға берілген нысананың сипаттамалары, ал айқасып жатқан жеріне ортақ белгілері жазылады.
Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Плакат алдын ала сызылып, дайындалады. Әр топтан бір оқушы шығып, батырлар жырындағы ұйқастарды жазады.
1- Топқа
Алпамыс жыры Манас жыры
Балалық шақтарындағы ұқсастықтары
2- Топқа
Батырлар серігі тұлпарлардың ұқсастықтар
Алпамыстың тұлпары Манастың тұлпары
6-тапсырма
Түсініктеме күнделігінде парақты тең бөлікке бөлу керек. Оң жағына шығармадағы өзіңізге әсер еткен тұстарын, үзінділерін жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайында пікірін жазады.Үзінділер қандай себеппен әсер етті, қандай оқиғаларды еске түсіреді? Бұл тапсырманы әр топтан бір оқушы жазбаша түрде орындайды. Қалған оқушыларға тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген топ ұпайларын көбейтеді.

IV.Шығармашылық жұмыс

7-Тапсырма
Ойтолғау жазбаша орындалады. Бәрі бір мезетте топ болып орындайды. Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Мысалы:

  1. 1. Манас жыры-ұлт қазынасы.

  2. 2. Манас жырындағы суреттелген салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар.

Топтан шешен тілді оқушы шығып, жазған ойтолғауын қорғайды. Қорғау кезінде қойылатын талаптар: Өзін-өзі ұстауы, сөз мәнері, жүйелілігі, қисындылығы, дауыс ырғағы, тілінің көркемдігі, есте сақтау қабілеті, аудиториямен байланысы ескеріледі.
«Манас эпосы-туысқан қырғыз халқының ғасырлар бойы тек ауызша жырланып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келе жатқан орасан зор эпикалық туындысы»-деген М.Әуезовтің сөзі бар. Расында да «Манас жыры»ешқашан өшпейтін, өлмейтін, мәңгілік халық қазынасын қайнар көзі болып табылады.

V.Қорытындылау

Постер қорғау.
« Манас» жыры қай халықтың шығармасы?
Манас қалай өсті?
Манас батырлығы қалай өрбіді?
Манас қырғыздарды кімдерден қорғады?

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

«Туады ерлер ел үшін» шағын мәтін жазу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »




Уақыты:

Қазақ әдебиеті



Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Д.Лондон. «Мексика ұлы» әңгімесі.

Жалпы мақсат:

Әлем әдебиеті туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;
Оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу;
Оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
6-сыныпқа арналған оқулығы
Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әлем әдебиеті туралы түсінік беру

Сабақта қолданылатын материалдар:

Кітаптар, суреттер т.б



Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.





Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген «Манас» жырын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Манас пен Алпамыстың балалық шақтарында қандай ұқсастықтар бар?
2. манастың адамгершілік, ерлік, батырлық мінездері қандай әрекеттерінен көрінеді?
3. Жырда жау батырлары қалай суреттелген?

Талдау,жинақтау,қорыту.



ІІІ. Жаңа тақырып

Джек Лондон -әлем оқырмандарына кеңінен таныс американ жазушысы. Оның қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктерді, өмірге құштарлықты, ерлік пен адамгершілікті,жануарлар әлемін жыр ететін «Ақ азу», «Өмірге құштарлық», «Солтүстік жорығы», «Әйел ерлігі», Киш туралы аңыз», « Мартин Иден», сияқты біраз шығармалары қазақ тіліне аударылған. Солардың бірі –«Мексика ұлы» атты әңгімесі
«Мексика ұлы» әңгімесінің мазмұнын түсіндіріп беремін
Мексикандық Ривера мен Дэни Уорд екеуі бокстасады..
Венн диаграммасы: Ривера мен Дэниге салыстырмалы мінездеме беріңдер.




Ривера


Дэни







IV. Қосымша мәлімет

Джек Лондон

Jack London




Туған кездегі есімі

John Griffith Chaney

Туған күні

12 қаңтар 1876

Туған жері

Сан-Франциско,Калифорния, АҚШ

Қайтыс болған күні

22 қараша 1916 (40 жас)

Қайтыс болған жері

Глен-Эллен, Калифорния,АҚШ

Азаматтығы

АҚШ

Мансабы

жазушы

Жанры

шытырманды оқиғалар

Дебюті

«Жапон жағалауындағы Тайфун»

Қолтаңбасы





V.Қорытындылау

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
Шығармадан қандай ой түйуге болады?
Ривераның намысын жанап, қажырын күшейткен қандай күш?
Қазақ әдебиетінде спорт тақырыбына жазылған қандай шығармаларды білесіңдер?

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды



VI. Үйге тапсырмасын беру

Джек Лондонның «Мексика ұлы» әңгімесін оқып,мазмұндап келуге беремін.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет