ІІ.Қызығушылықты ояту
|
1. Алпамыстың туған жерінің аты қандай?
2. Алпамыстың руы не?
3. Байбөрі біздің ауданымыздағы қандай әулиеге келген?
|
Талдау,жинақтау,қорыту.
|
ІІІ. Жаңа тақырып
|
Power Point таныстырылымы, электрондық оқулық арқылы сабақты түсіндіру,сұрақтар қою,тыңдау. Кейс стади әдісімен аяқталмаған мәтін ұсыну.
|
Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау. Топпен ынтымақтастықта қарым- катынас жасау. Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту, талқылау.
|
IV.Шығармашылық жұмыс
|
«Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы.
А-айлалы
Л-лапылдаған
П-патриот
А-арлы
М-махаббатқа берік
Ы-ынталы
С-саналы.
Міне, осы сөздерден - ақ, Алпамыстың қандай батыр екендігі көрініп тұр, бейнесі ашылып тұр. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жылдан жылға гүлденіп келеді. Осы бейбітшілік өмірді бізге әперген еліміздің алып батырлары емес пе?
Алпамыс жырын құрылысына қарай талдатамын.
1. Басталуы: Байбөрінің Ұлтанды асырап алуы
2. Дамуы: Алпамыстың дүниеге келуі.
3. Шиеленісуі:
4. Шарықтау шегі:
5. Шешімі:
Кітаппен жұмыс: «Алпамыс батыр» жырын құрылысына бөлген бөлімдерін мәнерлеп оқытқызамын.
|
V.Қорытындылау
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |