Сабақ тақырыбы: Бейімбет Майлин. Күлпаш. Сабақтың мақсаты



Дата08.01.2017
өлшемі36,97 Kb.
түріСабақ
78 орта мектеп

Ашық сабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы : Б.Майлин. Күлпаш

Сыныбы: 3

Мұғалімі : Жолдасбаева А.



2015-2016 ж.ж
Сабақ тақырыбы:Бейімбет Майлин. Күлпаш.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Б.Маилиннің Күлпаш әңгімесін сауатты оқи білу.

Тарихи әңгіменің мазмұны мен идеясын түсіну.

Ел тарихы туралы білімдерін толықтыру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдіс- тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, топтық,жұптық жұмыс, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: Суреттер топтамасы. Бейнекөрсетілім көрсету.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу ,оқушыларды түгендеу

Ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Б) Смайликтер. Біздің көңіл-күй.

Сабақ бастамас бұрын балалар бір-бірімізге сәттілік тілейік.


Оқушыларды топтастыру үшін таратпалар беріледі. Таратпада жазылған сөздерге қарап оқушылар үш топқа топтасады.
Біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?
Қазақ тарихында ерлігімен есте қалған қандай батырлар туралы білдік?
Бүгінгі сабағымыз кімдер туралы болады деп ойлайсыңдар? Ендеше біз, Күлпаш әңгімесін оқи отырып кімдер туралы білеміз? Ата - бабаларымыздың өмірі жайында білеміз?
Жаңа сабақ. Б.Майлин. Күлпаш.

  1. Күлпаш әңгімесінің авторы Б.Майлин туралы білу үшін суреттер топтамасына назар аударайық.

1894-1938 жылы қазіргі Қостанай облысы Тобылды ауданында дүниеге келген. Ол бір жасқа толмай жатып әкесінен 6 жасқа шығарда анасынан айрылған. Жетімдік зардабын шегіп байларға жалданады. Алғаш ауыл молдасынан сауат ашқан. Медреселерде қазақ –орысша мектептерден білім алған. Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алған жазушы туған әдебиетімізде әңгіме жазған шебер жазушы, аты тарихта қалған жазықсыз жала құрбаны.

Өлең жолдары.

Жырлағаным –кедейдің жыры,

Сырлағаным –кедейдің сыры.

Сырым да бір, жырым да бір -

Мен дағы сол кедейдің бірі.

1930-1932 жылдары Қазақстан халқының саны 6 млн асқан болса, соның 2 млн астамы аштықтан қырылып қалды.

Ол туралы «Күлпаш» әңгімесінен оқи отырып түсінесіңдер.

Бейнеролик көрсету.

Әр топқа тапсырмалар беріледі


1-топ бірінші бөлімді оқып, өз сөзімен түсіндіру.

2-топ екінші бөлім

3-топ с урет бойынша мәтіндегі қою қарамен жазылған сөздерді пайдаланып әңгіме құра.

Мәтін ішінен мағынасы түсініксіз сөздерді түртіп алып отырамыз. Сөздікпен жұмыс жасаймыз.


Топтық жұмысты «Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау.»

ҮІ. Сергіту сәті «Би терапиясы»

Сергіп ойнап бәріміз,

Жаттығуды жасайық.

Биді билеп сергіп-ап,

Білімге білім қосайық.

Жаңа сабақты пысықтау.

Венн диаграммасы

Әр топ өздері алған кейіпкерлерін қазіргі заман адамдарымен салыстыра сипаттап айтады.





Қорытындылау

1.Бұл оқиға қай кезеңде болған?

Осы кезеңде

Иә/жоқ

Ашаршылық кезінде

Иә/жоқ

Жоңғар соғысы кезінде

Иә/жоқ

Дәлелде:

2.Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге күтеді?

Әкесін сағынды

Иә/жоқ

Қарны ашқаннан

Иә/жоқ

Тоңғаннан

Иә/жоқ

Дәлелде:

3.Мақтыммен Күлпаш неге жылады?


Үйге келгеніне қуанғаннан

Иә/жоқ

Үйінен шыға алмағандықтан

Иә/жоқ

Дорбасы бос келгендіктен

Иә/жоқ

Дәлелде:

Дәптермен жұмыс.

Өрім-өрім –тозығы жеткен

Ызғырық –суық жел

Бөкебай –шәлі

Өлмелі- кедей-кедей

Үйге тапсырма. Б.Майлин. «Күлпаш» әңгімесін оқу,әңгімелеу



Бағалау
Рефлексия

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Каталог: uploads -> doc -> 09b0
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09b0 -> Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: Ойын теориясы Сабақтың үлгісі / Тип занятия/ Type of the lesson: дәріс
09b0 -> Қожабергенова Әсем Раскеллдіқызы Сарықамыс негізгі мектебі Ағылшын пән мұғалімі
09b0 -> «Әнші жүрек» атты қазақша караоке сайысының жоспары Әзірлеген: Мүлкібаева Р. Б
09b0 -> Сайыстың тақырыбы: «Информатика лидерлері». Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ақпанның 13-18 аралығында мектебімізде «Физика, информатика және математика»
09b0 -> Байқаудың, викторинаның, олимпиаданың атауы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет