Сабақ тақырыбы: Безендіргіш машина тігістерін тігіп үйрету. Сабақ мақсаты: Білімділік



бет3/3
Дата19.02.2017
өлшемі285,3 Kb.
#11058
түріСабақ
1   2   3

Бүкпелі

Бедерлі бүкпе безендіргіш тігістердің сыртқы көрінісі сырып және бастыра тігетін тігістерей. Бүкпе тігістің біріккен тігістен айырмашылығы – тұтас бір бөлшекте орындалады. Әйел мен балалар киімінің алдыңғы, артқы бойы, жеңі, қалтасында жай және күрделі бүкпе сәндік тігісі қолданылады.



Жай бүкпелі тігіс

Жай бүкпе тігісте бөлшектің теріс бетіне тігіс сызығын белгілейді де, осы сызық бойынша матаны бүгіп және бүгілген сызықта 1,5 – 2 мм арақашықтықта астанан қосымша матаны қоя отырып, бүгіп тігеді. Тігісті айыра үтіктейді немесе жатқыза үтіктейді. Егер үлгісі бойынша сәндік тігісін талап етсе, оң бетінен орындайды.

Күрделі бүкпелі тігіс

Күрделі бүкпе безендіргіш тігісте бөлшектің оң бетінен сызықты белгілейді және астына қосымша матаны қоя отырып тігіс жүргізеді. Бөлшек пен қосымшаны екі жаққа бүгіп және бөлшектегі тігістен 1,5 – 2 мм арақашықтықта бүгіп тігеді, оң бетінен сәндік тігісін жүргізеді.

Шеттік тігіс

Шеттік тігістері негізінен әйелдер киімінде және ведомстовалық киімдерде қолданылады.




Сырып тігу

Алдымен қиықтарын теңестіріп жиекті жапсырып тігіп алады тігіс ені 0,5 – 1 см, одан соң екінші бөлшекті үстіне қойып қиықтарды теңестіріп бірінші болшектен сол тігістің үстінен немесе жанынан екінші тігіс жүргізеді. Тігістерді айыра үтіктейді.






Жапсыра тігу

Қиықтарды теңестіріп жиекті жапсырып тігіп алады тігіс ені 0,5 – 1 см, одан соң екінші бөлшекті үстіне қойып қиықтарды теңестіріп бірінші болшектен сол тігістің үстінен немесе жанынан екінші тігіс жүргізеді. Тігісті жатқыз үтіктейді, оң жақ бетінен безендіргіш тігіс жүргізеді тігіс ені 0,1 – 0,5 см, немесе модельдің үлгісіне байланысты.

Жөрмеу

Қиықтарды теңестіріп жиекті жапсырып тігіп алады тігіс ені 0,5 – 1 см, одан соң екінші бөлшекті үстіне қойып қиықтарды теңестіріп бірінші болшектен сол тігістің үстінен немесе жанынан екінші тігіс жүргізеді, тігісті жатқыза үтіктейді жиек шығарып.

Жаңа тақырыпты игеру байланысты еңбек тәсілдерін көрсету:

Безендіргіш тігістердің тігілу әдістерін көрсету. (бедерлі тігіс, шеттік тігіс)


Еңбек тәсілдерін көрсеткенде оқушылар назарын аудару:

Тігістердің тізу тігілуіне назар аудару. Тігістердің ендері бірдей болуына назар аудару. Машинамен тіккен кезде қолдың дұрыс орналасуына назар аудару .



Кіріспе нұсқаудың жаңа материалы бойынша білімдерін пысықтау:

  1. Безендіргіш тігістердің түрлерін атап айтыныз?

  2. Безендіргіш тігістердің түрлерін киім дайындауда қолданылуы?

  3. Тігістің басында және соңында не қойылады?

  4. Бекітпе ұзындығы және не үшін қажет?

  5. Бекітпе қай тігісте қолданылады?

ІІІ. Жаттығулар мен оқушылардың өз бетімен жұмыстандыру: (155-165 мин)

Оқушылар көрсеткен безендіргіш тігістерді өз беттерімен орындайды.



ІV. Соңғы нұсқау: 25 мин.

  1. Өндірістік оқыту сабағын қорытындылау. Бүгінгі сабақта оқушылар безендіргіш тігісті тігіп үйренді.

  2. Оқушылардың жеке бағаларын хабарлау.

  3. Үй жұмысын тапсыру.

  4. Жұмыс орындарын және шеберхананы жинау.


Өндірістік оқыту шебері: Батыргалиева А.К.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет