Бекітемін
дир. ӨОЖ орынбасары
________________
№ 9 сабақ жоспары
Бағдарлама жоспары: 4. Машина тігістерін жасау.
Сабақ тақырыбы: 5. Безендіргіш машина тігістерін тігіп үйрету.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Технологиялық реттілік пен техникалық жағдайларды қатаң сақтай
отырып, безендіргіш машина тігістерін тігіп үйрету барысында
практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды өндірістік жұмыс орнында теориядан алған
білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жұмыс барысында ұқыптылыққа, шыдамдылыққа,
жолдастық көмек пен өзін – өзі бақылай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың материалдық жабдықталуы: Бор, сызғыш, күнделік, Тігін машиналары.
Сабақ түрі: Машина тігістерін тігіп үйрену сабағы .
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі – 5-6 мин.
Оқушылармен амандасу.
Жоқ оқушыларды белгілеу.
Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Кіріспе нұсқау:
Жиекті тігістердің түрлерін ата?
Жиектеп тігу тігісінің түрлері және қолданылуы?
Бүгіп тігу тігісінің түрлері және қолданылуы?
Жөрмеп тігу тігісінің түрлері және қолданылуы?
Тігістердің сапасы қандай техникалық шарттарды сақтауы тиіс?
Тігісті орныдау ережесі?
Сабақ тақырыбы мен мақсытын хабарлау:
Безендіргіш машина тігістерін тігіп үйрету.
Жаңа материалды баяндау: Безендіргіш тігістердің түрлері киімнің негізгі бөлшектерін безендіруге қолданылады, безендіргіш тігістерін арнайы тігін машиналарында орындайды. Безендіргіш тігістерге бедерлі, шеттікпен, қатпарлы тігіс жатады. Бөлшек пен бұйымды сәндеуге бекітпе, түймелік, түйме мен ілгек қадау және сәндік инешаншымдар кіреді.
Безендіргіш тігістер
Шеттікпен
Қатпарлы
Бедерлі
Бастыра тігу
Қайырып тігу
Жапсыра тігу
Қарапайым әрлеуіші
Бүгіп тігу
Сырып тігу
Қарапйым біріктіруші
Күрделі тігіс
Жиектеу
Жөрмеу
Бүкпелі
Баумен қайып тігу
Достарыңызбен бөлісу: |