«Тұран» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Пәні: Әліппе
Тақырыбы: Ұұ дыбысы мен әрпі
Жетісай
|
Сабақ тақырыбы: Білімді мыңды жығар.
Сабақ мақссаты: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау.Білім сапасын, ынтасын, қабілетін байқау.
Пәндік нәтиже: тапқырлығын ,іздемпаздығын,ой-өрісін дамыту,
дүниетанымын кеңейту.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: тіл байлығын,шығармашылық қиялын,
логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тұлғалық нәтиже: ұйымшылдыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер,жалауша,топ аттары жазылған сөздер.
Сабақ барысы : 1)Ұйымдастыру кезеңі
2) Мұғалім сөзі
Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар-демекші
бүгінгі 4 «А» ,4 «Ә», 4 «Б» сынып оқушыларының «Білімді мыңды жығар»
атты интелектуалды ойынын тамашалауға қош келдіңіздер!
Ал оқушы, ұстаздар,
Ортаға назар салайық!
Білімділер шықпақ ортаға,
Қол соғып қарсы алайық!-деп қол шапалақпен сайысерлерді ортаға шақырамыз.Біліміміздің артып,санамыздың өскенін ,сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
(сайыскерлер өздерін таныстырады) Әр топ өз ұрандарымен таныстыру.
Ашық жарқын жүзді
Әділ қазылар біздің.
Таңдап баға беруге ,
Шақырамыз төрге. 6
Мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша орынбасары:А.Ермағамбетова
Бастауыш сынып мұғалімдері:
Ойын 6 кезеңнен тұрады:
1-кезең «Бәйге»
2-кезең «Тіл өнер»
3-кезең «Сыр сандық»
4-кезең «Жорға»
5-кезең «Кім шапшаң»
6-кезең «Талапкер» деп аталады.
Алғашқы сайыс: «Бәйге» 10 сұрақтан тұрады.
Ойын шарты: Сұраққа тез жауап беру.Әр сұраққа 5 ұпай
Қабанбайға Абылайханның қойған аты- Дарабоз
Қандай кенді қара алтын дейміз? (Мұнай)
Әнұранның сөзін жазған кім? Ж.Нәжмеденов
Н.Назарбаев
4.ҚР-сы қай жылы тәуелсіздігін алды? (1991ж16желтоқсан)
5. Сөйлеудің түрлерін ата? (ауызекі және жазбаша)
6.Көше қиылысында жолды не көрсетеді? (бағдаршам)
7. 2 сағ.12 мин қанша минут бар? (132 мин)
8. 20-ның ширегі (5)
9.Алтындай жылтырайтын қызғылт түсті металл (мыс)
10.Екі сабақтың ортасында не бар? (үзіліс)
«Ойшылдар» тобы.
Алматы қай таудың баурайында орналасқан ? (Іле Алатауы)
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлем не деп аталады?(жай сөйлем)
Кел,балалар өлеңінің авторы: (Ы.Алтынсарин)
147:7 бөліндісі нешеге тең? (201)
Масса өлшем бірліктерін ата? (тонна,ц,кг,г.)
Орман дәрігері
30 тамыз қандай күн?(констиуция күні) 7
Қазақ киносының негізін қалаған адам әртіс кім? (Ш.Айманов)
Жер бетінің кішірейтіліп берілген кескіні.(карта)
Сөйлем түрлерін ата.
«Тапқырлар» тобы
Тарихта болған адамның басына құралатын шығарма (аңыз)
Мәтіннің түрлерін ата?
Құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын не деп атайды?(жазық)
Сиыр малының пірін ата?(Зеңгі баба)
Қай құс жұмыртқа баспайды?(Көкек)
5 сағатта неше минут бар?(300 минут)
Өсімдіктің жер асты мүшесі(Тамыр)
Сабалақтың шын аты кім?(Әбілмансұр)
Күйдің атасы атанған қобызшы (Қорқыт)
10.Қалталы аң (Кенгуру)
2-кезең. «Тіл өнері» сайысы.
Жұмбақты шешіп оны орыс тіліне аудару.Әр дұрыс жауап екі тілге 5 ұпай,орыс тілге 4 ұпай.
Қайсы топ жалаушаны 1-ші көтерсе,сол топ 1-ші жауап береді.
1.Мықымын таянып,
Тұрмайды аянып.
Ертемен тұрады,
Қоқымды қуады. (сыпырғыш-веник) 8
2. Жұмыста оны көремін,
Қиып қырқып жүреді.
Тек өзіне керегін,
Ойып алып жүреді.(Қайшы-ножница)
3.Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (күн-солнце)
4.Көтеріп орман,тоғай,тастың бәрін
Жапанда шөгіп жатыр,үлкен нарын. (тау-гора)
5.Шарлап келіп даланы
Үйіме үйін салады. (қарлығаш-ласточка)
6.Жуынып болғаныңда
Жүреді қолдарыңда. (сүлгі-полотенце) 9
7.Жоқ өзінде
бас та ,қас та, мойында
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш-линейка)
8.Екі аяқ кезек-кезек тебеді,
Ол тынымсыз домалап
Зыр жүгіре береді. (доп-мяч)
9. Жер астында жер азық,
Жеуге болар ас қазық. (сәбіз-морков)
10.Табаны суды сүйеді,
Қабағы күнге күйеді.(күріш-рис)
11.Он екіге жетіп,жүргені кері кетіп.(сағат-часы)
12.Сылдыр сұйық су емес,
Ішсең сусын қанады.
Ақ болсада қар емес,
Шешуін кім табады? (сүт-молоко)
13.Сақталады алты ай жаз,
Сондықтанда сары аяз.(тоңазытқыш-холодильник)
15.Дәмі де жоқ,түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. (су-вода)
Ана тілсіз іс өрге баса алмайды.
Ана тілсіз тарихта жасалмайды-дей айта отырып келесі кезең
«Сыр сандық» Әр дұрыс жауапқа 3 ұпай.
Бұл кезеңде бірнеше сөздер беріледі.Бұл сөздер әдебиеттікоқу,ана тілі пәнінен оқып танысқанбыз.Ондай сөздер сандықша ішіне салынған .Әр ойыншы ойланып ,мағынасын айтады.
«Білімділер» тобы
Дуалы ауыз-айтқаны келетін адам
Миуалы,мәулет-жемісті 10
Лақап ат-қосымша есім
Шілдехана-нәрестенің дүниеге келу тойы.
«Ойшылдар» тобы.
Даусы жерді көшірді-даусы айналаны жаңғыртты.
Тауы шағылыпты-іске аспапты,беті қатыпты
Ділда –алтын ақша
Тізе бүгу-бағыну
Несібе-сыбаға,ризық,үлес.
4-кезең.
-Ұқыпты ұтар,
-Ізденгн табар.
-Оқыған озар
-Еріншек тозар-дей отырып келесі жорға сайысына кезек берілсін.
Әр топ тақтадағы ұяшықтарды таңдайды.Онда пәндер берілген
1-ші ұяшық-дүниетану.
Қызыл ұяшық-қазақ тілі.Көк ұяшық-математика.
Дүниетану «Алматы»
Жер бетіндегі заттарды төбесінен қарағандай етіп бейнелейтін сызбаны не деп атайды?-План
Қатты тау жыныстарының бұзылуы не деп аталады?(үгілу)
Қарағанды көмір бассейні кімнің есімімен аталады? (Апақ байжанов)
Жер бетінің өте биік жерлері не деп аталады? (тау)
Пайдалы қазбалардың түрлерін ата?(кенді.кенге жатпайтын,жанғыш)
Майлы қоймалжың ,сұйық зат(мұнай)
Дүниетану «Атамұра»
Алғашқы адамдардың пайдаланған заттарын ата?(сүйек,тас,таяқ,аңның мүйізі.
Хлопс пирамидасының биіктігі (147м)
Бағдарлау деген не?(көкжиек тұстарына байланысты бағытты анықтау)
Көкжиек тұстарын тұсбағарсыз қандай жұлдызға қарап анықтауға болады?(темірқазық)
Бетінде төбе көп кездесетін жазықты не деп атайды?(төбелі жазық)
Алюминий неден алынады? (Бокситтен)
Қазақ тілі «Атамұра»
Мәттіннің түрлерін ата?(әңімелеу,сипаттау,пайымдау) 11 1
Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп,өзара үндесіп айтылуын не деп атаймыз? (дыбыс үндестігі)
Құрмалас сөйлем деген не?
Жеке бір сөзден жасалған сөйлем мүшесін не дейміз?
Сөз таптарын ата?
Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп тұратын сөйлем мүшелерін не деп атайды?(сөйлемнің біріңғай мүшелері)
Қазақ тілі «Алматы»
Екі немесе бірнеше сөздің бір-бірімен байланысуы не деп аталады?
Екі немесе оданда көп жай сөйлемнен құралған сөйлем (Құрмалас сөйлем)
Сөйлем құрамында нақты сұрақтарға жауап беретін сөздер не деп аталады?(сөйлем мүшелері)
Бірдей сұраққа жауап беріп ,сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып тұрған сөздер сөйлемнің қандай мүшелері деп аталады?
Бақыт кілті - еңбек мақалында тұрлаулы мүшені тап?
Сөздің соңғы буынының жуан ,жіңішке болуына қарай қосымшалардың да жуан не жіңішке түрде жалғануын не деп атайды?(буын үндестігі)
Математика
Уақыт өлшем бірлігін ата?
1 бөлке нан 24 тг тұрады.6 бөлке қанша тұрады?(144 тг)
Шаршының қабырғасы 20см.Ауданы қанша см? (400)
Текшенің қабырғасы 9см,көлемі қанша см? (729см куб.)
Қиылсу кезінде тік бұрыш құрайтын түзулер? (перпендекуляр түзу)
Мотоциклшы 120 км арақашықтықты 2 сағат жүріп өтті.Ол қандай жылдамдықпен жүрді?(60км/сағ)
5-кезең.
Жүйрік озар жалғасып тап сайыста,
Мықтыларың жауап берші қалыспа.
Логикалық сұрақтар мен есептер,
Тез жауап бер ойланып тұрып қалма.
Қосарланып жегілген 3 ат 1 сағаттың ішінде 12 км жол жүрді.Осы уақыттың ішінде 1ат неше км жол жүрді? (12 км)
Үңгірден тиіннің 6 құйрығы көрініп тұр.Үңгірде неше тиін тұр?(6тиін)
Үшбұрышта 3қоян тұр.Әр қоянға қарама-қарсы 2 қояннан отыр.Сонда қоянның саны нешеу?(3 қоян)
1 кг ет 1 сағатта піседі.Жарты кг ет қанша уақытта піседі?(1сағат)
Аулада бірнеше қой бар.Олардың әрқайсысының маңында 7 қой бар.Сонда аулада қанша қой бар?(8 қой)
Кітап 50 тгжәне оның жарты бағасындай кітаптың бағасы қандай?(50+25)
Ағаш басында 7 шымшық отыр еді,оған тағыда бесеуі қосылды.Бір кезде бір мысық келіпбіреуін ұстап алды.Сонда қанша шымшық қалды? (1 шымшық)
Бір үйдің 3 ұлы бар.Олардың әрқайсында 1әпке,1қарындас бар.Бұл үйдің қанша баласы бар?(3 ұл,2 қыз)
Ойынымыздың соңғы кезеңі «Талапкер» деп аталады.
Сендерге өлең жолдары берілген ,көп нүктенің орнына сөздер қойып,өлең құрастыруларың керек.
«Білімділер» тобына «Ойшылдар» тобы
... өріп тараған 2. ... қошақан, 12
... қараған. ... қалмайды.
Құртпен майын жинаған Сүп-сүйкімді момақан
... сыйлаған. ... аумайды.
«Тапқырлар» тобы
3. ... бала әрқашан
Қуанады ...
... баласын.
-Әр тілде сөйле адамды таң қылып,
Ана тілді білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң,байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Қорытындылау.
Сырлары көп ғылымның,
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің ,
Керек екен бәріне,-деп Фариза апамыз айтқандай өмір жолымызда шамшырақ –білім болмақ.Сонымен талаптарың артып,білім шыңына жете беріңдер.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Сабақ тақырыбы: Ұұдыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Ұұ дыбысы мен әрпін оқушыларға таныстыру.
Баспа және жажба түрлерімен таныстыру.
Дыбыстарды қатыстырып буын,сөз,сөйлем құрастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын молайту,
Ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Сауаттылыққа,әдептіліккетәрбиелеу.
Сабақ түрі:аралас,ойын .
Сабақты өту әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,бейнелеу.
Сабақтың көрнекілігі:суреттер,әріптер,кеспе буындар.
Сабақтың барысы: : Ұйымдастыру кезеңі
Балалар бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше сабақ.Сабағымызға қонақтар келіп отыр.Қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басты иіп бәріміз.
Психологиялық дайындық .
Өткен сабақты пысықтау.
Зз дыбысы қандай дыбыс? Здыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
З дыбысынан келетін сөздер айтқызу.Оларды буынға бөлу.
Мысалы:За-да, зе-рек,зер-де.
«Дәрігер боламын» өлеңін жатқа айтқызу.
Жаңа сабақ
Ұұ дыбысы мен әрпі.
Ұ дыбысы дауысты жуан дыбыс.Өкпеден шыққан ауа,кедергіге ұшырамай еркін шығады.Ұұдыбысы сөздің басында,ортасында келеді.
Ұ дыбысын ауада жазып көрейік.Осы дыбысқа байланысты қандай сөздер білеміз?
Ұшақ,ұшақ , ұн, мұрын, құм тағы басқа сөздер.
Кітаппен жұмыс
Ұршық сөзне түсінік беріп кету.
Ұршық сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Ұршық,ұшақ,тікұшақ, ғарыш сөздерін буынға бөліп айтқызу.
Сөзжұмбақты шешу.
Егер осы сөзжұмбақты дұрыс шешек бүгінгі жаға сабағымыздың тақырыбы шығады.
«Ұшқыш» мәтінін мәнерлеп оқып беру, түсіндіру.Оқушыларға өз сөздерімен әңгімелету.
Оқушыларға мәтінді тізбектеп оқыту.
Дәптермен жұмыс.
Оқушыларға дәптерге ұұ ддыбысының басәрпін ,кіші әрпін жаздыру.
Сергіту сәті.
Ойын «Буындардан сөз құрау»
Ұр-шық, Ұ-зын. Құр-мет.
Сөздік диктант жазу.
Ұзақ,ұлан,ұлу,ұн,ұршық,ұзын.
Суретпен жұмыс.Мәтін құрау.
Ұзақ шөлдеді,су ішкісі келді.Аулада құмыраға құйылған суды көрді.Су құмыраның түбінде ғана еді.Ол құмырының ішін тасқа толтырды.Құмырадағы су көтерілді.Қарға суды ішті.
Оқушыларға 3 мин уақыт беріледі.Ұ дыбысы кездесетін суреттер салу.
Ойын. «Сөз ойла,тез ойла»
Сабақты қорытындылау.
Ішінде «ұ» дыбысы кездесетін жұмбақтар жасыру.
Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Ұұ дыбысы қандай дыбыс.
Ұұдыбысынан келетін қандай сөздермен таныстық.
Осымен сабағымыз аяқталды .Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды мақтау,мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |