Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 1 минут
|
- Сәлемдесу, сыныпты түгелдеу;
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
- Сабақтың жоспарымен таныстыру
|
|
Сабақ мақсатын қою
1 минут
|
Мақсат: Сабақ мақсатын оқушылармен бірлесе анықтау.
Мұғалім жаңа оқу мақсаттарын көрсету үшін презентацияны пайдаланады және оқушылармен мақсатқа жету критерийлерін талқылайды
|
Қосымша
Презентация
|
Сабақтың ортасы
Алдыңғы білімді қайталау
3 минут
|
Алдыңғы сабақ бойынша қосымша білу, түсіну сұрақтары қойылады. Қосымша сұрақтарға қолдарын көтеріп жауап береді.
-
1)Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?
-
2)Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
-
3)Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
-
4)Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің түбірі қалай табылады?
-
5)Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің шығару алгориті қандай?
-
-
Мұғалім жалпылама бағалау жүргізеді.
Белгісіз айнымалысы бар теңдік теңдеу деп аталады. Тура теңдікке айналдыратын айнымалының әрбір мәні теңдеудің түбірі деп аталады. Теңдеуді шешу дегеніміз – оның барлық түбірлерін табу немесе түбірі жоқ екенін дәлелдеу.
Егер теңдеудің екі жағын нөлден өзге санға көбейтсе немесе бөлсе, теңдеудің түбірі өзгермейді.
Егер қандай да бір қосылғышты қарама- қарсы таңбамен теңдеудің бір жағынан екінші жағына ауыстырса, теңдеудің түбірі өзгермейді.
Бір х айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп
ах + b = 0 түріндегі теңдеуді айтамыз. Мұндағы a және b – кез келген сандар (коэффициенттер).
|
Қосымша
Презентация
|
Жаңа білімді пысықтау
15минут
|
Оқушыларға жұптық жұмысқа есептер беріледі, олар бір сабақта бірнеше оқушымен жұптық жұмыс жасай алады. Оқушылар жұптық жұмыста берілген есептерді жұбымен бірге шығарады.
Теңдеудің түбірін табыңыз:
(5,3 - 2,8)х + 2,5х = 1: (- ( - ))
Теңдеуді шешіңіз: 1,6(х - 3) = 0,8(х - 5)
Теңдеуді шешіңіз:
а) -13,7 - (-х) = - 4,9
б) х + 32 = 30
№859
Сызықтық теңдеу құрып, оны шешіңіз:
1) 5,4х+19 және 3х+7 өрнектері х-тің қандай мәнінде тең болады?
2) х-тің қандай мәнінде 9,7- 4,3х өрнектің мәні 0,8х+4,6 өрнектің мәнінен артық болады?
№873
теңдеуінің түбірі:
-
1) -1 2) -3,2 3) 0,7 4) 5 болатындай етіп, n санын таңдап алыңдар.
Оқушылар: Оқушы сабақтағы іс-әрекеттердің оқу мақсатымен қандай байланысы бар екенін түсіндіре алады.
Оқушылар сабақтағы барлық іс-әрекетке белсене қатысады. Оқушылар сыни тұрғысынан ойлана отырып зерттеп, қорытынды шығарады. Оқушылар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды.
|
Физминутка https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E
Қосымша
Презентация
|
Сабақты бекіту
-
минут
| -
Деңгейлік тапсырмалар беріледі. Оқушылар өздері төмендегі тапсырмалардың ішінен 3 есеп шығарады. Есептің деңгейіне қарай бірін-бірі дескриптор бойынша бағалайды.
-
Оқулықпен жұмыс: № 849.
-
1) х+0,24 = 20 + 0,99 х
-
(х= 1976 ж. – Марқакөл табиғи қорығы құрылған жыл)
-
2) 3у – 2 (169,9 +у) = 150 – (у +339,8) (у= 102,979 га – қорық ауданы)
-
3) 50 z + (z +6.2) = 200z
-
(z = 40 га орман алқабы).
-
№ 856.
-
1) (16х-170)+ 2(7х -165)= 85 +1400 –(56х – 58)
-
(х=1958 – Қорғалжын қорығы құрылған жыл)
-
2) 1350+5(у+100)= 15(у-10)-589
-
(у=258,9 мың га – қорық ауданы)
-
3) 9(z -73) – 8(z+375)=238 – 11(z -7)
-
(z = 331 – қорықтағы өсімдік түрлері) 4) 17(х+13)-19(х-21) +249 = 25(5х-53)-3(7х + 576) (х=37 – қорықтағы сүтқоректілер түрі)
-
5) 8(у-325) – 17(у +940) = 6(1096-у)-94(у-17)
-
(у= 294 қорықтағы құстар түрі, оның ішінде
-
алқызыл фламинго)
-
6) 85 z – 27 -19(1+ z) =43(1- z)+91+91 z
-
(z= 10 – қорықтағы балықтар түрі).
-
Дескриптор
Оқу мақсаты
|
|
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
|
Жақшаларды дұрыс ашады
|
Айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, бос мүшелерді теңдеудің оң жағына дұрыс жинақтайды
|
Ұқсас мүшелерді дұрыс біріктіреді
|
Теңдеудің екі бөлігін де айнымалының коэффициентіне бөліп теңдеудің түбірін дұрыс табады
|
|
|
Сабақтың соңы
5минут
|
Рефлексия
Сабақ мақсатына қайта оралады.
-Сабақтың мақсатын қайта сұрау.
-Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай?
-Біз қандай тапсырмалар орындап жатырмыз?
-Неліктен осы тапсырмаларды орындап жатырсыздар?
Топтағы оқушылар сұрақтарға жауаптарды талқылайды, ал топтың бір өкілі нәтижелерді жариялайды.
Оқу мақсаты
|
Білемін
|
Білдім
|
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу
|
|
|
Оқушылар рефлексиялық картаны толтырып, мұғалімге талдауға жібереді.
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.
Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.
|
Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.
Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау .
Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды.
|
Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|