ҰЖ: «Сұраққа жауап» ( Жүзіп шығу әдісі )
Үйге алдын- ала тақырыпқа қатысты сұрақтар беріледі. Оқушылар қойылған сұрақ жауабын білсе орнындарынан тұрады, ішінен бір оқушы жауап береді. Қалған оқушылар дұрыс немесе қате пікір екенін айтып толықтыру жасайды
C-1: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді қалай шешеміз?
C-2: Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің шешімі дегеніміз не? ( Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысын тура теңсіздікке айналдыратын айнымалының мәндері).
С-3: Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің шешімін табу алгоритмін қандай?
(-Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін табу керек;
-Табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндеу керек;
- Координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін табу керек;
- Жүйедегі теңсізідктердің барлығына ортақ шешімдер жиыны жүйенің шешімдері болады;
- Жүйенің шешімдері сан аралығымен немесе теңсіздікпен жазылады).
Бағалау: Ауызша оқушылардың бірін-бірі бағалауы арқылы жүргізіледі
|