Курс – 1
Топ – П-12каз
Оқытушы – А.Б. Макжанова
Арнайы-технологиялық пәндер
циклдік комиссиясының
отырысында қаралды
П(Ц)К төрағасы
____________ Д.Ж.Айдаркожина
№ 7 хаттама
Қарағанды қ.
2014-2015 оқу жылы
Сабақ жоспары Күні: 15 сәуір 2015 жыл.
Уақыты: 09.30.
Аудитория: 106.
Мамандық: 0201000 «Құқықтану»
Топ: П -12каз.
Сабақтың тақырыбы: Біратомды спирттер. Құрамы, құрылысы, қасиеттері.
Сабақтың мақсаты Білімділік Оқушыларға оттекті органикалық қосылыстардың негізгі қасиеттерімен таныстыру, молекулалық байланыстың ерекшелігін түсіндіру, химияның өмірмен байланысын ұғындыру. Молекулалық құрылысын анықтау әдістері, белгілі функционалдық топпен анықталатын гомологтарының химиялық қасиеттерінің ұқсастықтары туралы білімді тереңдету.
Дамытушылық Заттардың қасиеттері олардың құрылысына тәуелді екендігіне көз жеткізу, құрылысындағы, қасиеттеріндегі негізгі ерекшеліктерін ажырата білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік Салауатты өмір салтын насихаттау. Спирттік ішімдіктің адам өміріне кері әсерін айта отырып жаман әдеттерден сақтандыру. Денсаулығын сақтай білуге, ел келешегі бүгіннен ойлауға жетелеу.