ІІ. Мотивация. (Оқушылардың сабаққа қатысы, дайындығына, топқа бөлу, төрт жыл мезгілмен бөлу)
Оқушылар топқа бөлінеді
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)
1. Шоқан кім? Ол туралы не білеміз? 2. Шоқан Мысықпен қай жерде кездесті? 3. Мысық Шоқанның келгеніне неге қуанды? Ол туралы не білесіңдер? 4. Мысық жасаған мүсіндерді Шоқан қалай бағалады? 5. Шоқанның қайырымдылығын қайдан көруге болады?
Әр топтан жеке жауап береді.Бір топта бағалаушы болады.
2. Ой қозғау. Миға шабуыл. 3 мин
Мерзімі Болған оқиғалар
1903 жыл Қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген
1925 жыл жыл Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған
1928 жыл Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен жарық көрді
1935-51 ж.ж. “Май”, “Батыр”, “Сәтбаев”, “Еділ-Дон”, “Келес қызы” поэмалары жарық көрген
1954, 1956, 1959 ж.ж. “Қажымұқан” повесі қайта басылды
1970 жылы “Қажымұқан” повесі орыс тілінде жарық көрді
1935, 1936, 1937ж.ж. “Алатаудың бауыры”, “Амантай”, “Тапқыш” кітаптары жарық көрді.
Қажымұқанның өмірі туралы қысқаша түсініктеме беру
Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді.
Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген.Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған.
1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды.
1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте чемпион атанады.
Оқушылар берілген тапсырманы топ болып орындайды.
Сергіту сәті 1 минут
«Ұшты-ұшты» ойын (2 минут)
ІV. Ой-толғау
Топтар шығармашылық жұмыстар орындау
5 минут
1 минут бағалау «Екі жұлдыз бір тілек »арқылы бағалау.
2. «Еркін жауап» стратегиясы
- Мұқанның балалық шағы қайда, қандай жағдайда өтті?
- Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды?
- Мұқан бір шана шөпті бай үйіна қалай жеткізді?
- Мұқанның ерекше күшін байқап, оған достық көмекке келгендер кімдер?
- Добрый-Рабый, Лебедев дегендер кімдер?
- Лебедев мектебі Мұқанға нелерді үйретті?
-Қазақтың ата-анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай берілген? Мұқан бойында тағы қандай үлгі қасиеттер көрінеді?
3. «Танып білу» стратегиясы.
Мақсаты: Шығарма мазмұнын қандай деңгейді меңгергендерін пысықтау үшін шығармадан үзінділер келтіру, оқушыларға «Кімнің сөзі? Қай кезде айтылды?» деген сұрақтар беру. («Семантикалық карта»)
4. «Кубизм» стратегиясы
Талдаңыз
Шығарманың композициялық құрылысына талдаңыз
Суреттеңіз
Мұқанның сыртқы түрі, мінез құлқын суреттейтін тұстарды шығарманың әр тұсынан іріктеп алып, балуанның өсу жолына мінездеме бер
Қолданыңыз
«Қажымұқан» сөзін қолданып бес жолды өлең құрастырыңыз
Жұптық жұмыс жүреді.
V. Бағалау (1 мин)
Бағалау белшесіндегі қорытынды бағамен таныстырады.
Оқушылар өздері бағалайды.
VІ. Үй тапсырмасын беру (2 мин)
Оқу, әңгімелеу. «Әке көрген оқ жонар» ой толғау.
Үй тапсырмасын орындайды.
Кейіпкерлер стратегиясы(6 мин) VII. Рефлекция (2 мин)
«Кейіпкерлер» стратегиясы
Мақсаты: Кейіпкерлер бейнесін кесте арқылы жинақтау.
Мұқан, Орлий Масликов, Иван Лебедев, Дубный
Іс-әрекеті Мінезі Кейіпкер мінезін толықтыру
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы оқушы ойын білу үшін кері байланыс сұрақтарын береді.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын оқушылар берілген сұраққа жауап беріп айтады.
Оқушының
аты-жөні
1- тапсырма
Үй тапсырмасындағы
сұраққа жауабы
2-тапсырма
Топтық жұмыстардың орындалуы
3-тапсырма
Шығармашылық тапсырмасы Тірек сөздерді дұрыс қолдана білуі;