І. Ұйымдастыру. Амандасу, оқушыларды түгендеу.
Ширату жаттығуы «Менің құрбым» жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады, бір-біріне бүгінгі күнге сәттілік тілейді.
Саралау тәсілі «Жіктеу» әдісі бойынша «Құпия сандық» үлестірмелер бойынша 2 топқа бөлу. Нұсқау: Оқушылар құпия сандықшадан үлестірме қағаз суырады. Суырған қағаздарда теріс, оң көрсеткішті дәрежелер жазылған сандар суырады. 25, 34, 53, 42, 2-3, 4-2, 3-1 , (-1)2. Осы сандар арқылы 2 топқа бөлінеді. «Теріс көрсеткішті дәреже», «Оң көрсеткішті дәреже»,
Сұрақ-жауап әдісі: «Сұрақты қағып ал» өткен сабаққа шолу.
Теріс көрсеткішті дәреже туралы не білеміз?
Оң көрсеткішті дәреже туралы не білеміз?
Бүтін көрсеткішті дәреженің қандай қасиеттері бар?
Санның стандартты түрі дегеніміз не?
Стандарт түрде жазылған сандарды қалай салыстыруға және оларға қандай амалдар қолдануға болады?