Құндылықтарды дарыту
|
Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана. Оқушылардың бойына жауапкершілік, мақсаттылықты дамыту. Өзінің біліміне сыни көзбен қарап, ашықтыққа тәрбиелеу. Ынтымақтаса жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
|
Пәнаралық байланыс
|
Геометрия
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Презентация көмегімен оқушылар негізгі ұғымдарды нақтылайды және бекіту жаттығуларын орындайды.
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар әріпті өрнек және дәреже ұғымдарымен таныс. Дәрежелерді көбейту, бөлу, дәрежені дәрежеге шығару қасиеттерін біледі.
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа білімді игеру сабағы
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
І. Оқушылардың зейінін шоғырландыру.
«Мозайка» әдісі бойынша Астананың суретін құрастыру арқылы 4 топқа бөлінеді.
Оқушылар дәрежелердің қасиетін қолданып жасырылған сөзді табады. Бұл жаттығу оқушылардың зейінін сабақтың тақырыбының аясында шоғырландыруға бағытталған. Оқушылар бұл тапсырманы өз беттерімен орындайды. Орындалған тапсырманың дұрыстығын тақтадағы жауабымен салыстыру арқылы тексереді.
Дәрежелердің қасиетін қолданып берілген өрнектерді ықшамдаңыз және жауаптарын сәйкестендіріп төменде қандай сөз жасырылғанын табыңыз.
|