Сабақ Тақырыбы: Бұл кім? Мұғалімнің аты-жөні



бет105/198
Дата31.01.2022
өлшемі236,9 Kb.
#116436
түріСабақ
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   198
Байланысты:
1 сынып ҚМЖ 2019-20ж

(МК, Ұ) 3-тапсырмада балалар топпен жұмыс істейді.Ең алдымен тапсырмада берілген сөйлесу үлгісі тыңдалады.Мұғалім оқушылардан неше адамның даусын естігенін сұрайды.Соған қарай сөйлесуге қатысатын балалар санын анықтайды.Оқулық бойынша сөйлесуге екі оқушы және мұғалім қатысады.Негізі бұл диалогті 3 бала және мұғалімнің қатысуымен жүргізуге болады.Ол үшін сыныптағы оқушылар 3 баладан тұратын шағын топтарға бөлінеді.Топтағы бірінші бала сұрақ қояды,екінші бала жауап береді,үшінші бала екінші баланың жауабын қайталайды.Мысалы :

1-оқушы:-Сен қайда барасың?

2-оқушы:-Мен үйге барамын.

Мұғалім:-Ол қайда барады?

3-оқушы:-Ол үйге барады.

(МК, Ұ) 4-тапсырмада оқушылар баралы, бармайды етістігінің қолданысын берілген сөйлемдерді толықтырып айту арқылы қайталайды .Сөйлемнің қасында қойылған белгі бойынша оқушылар барады,бармайды сөздерін қолданады.Осы тапсырмада берілген «Сенің досың қайда барады?»деген сұрақ бойынша оқушылар өздерінің достары қайда баратынын айту арқылы бару етістігін III жақта қолданады.



(МК, Ұ) Мұғалім ә дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды.Алмабектің ә дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды ә дыбысымен және оның әрпімен таныстырады .Аудиодискіден ә дыбысынын айтылуын және ә дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау,қайталау жұмыстары жүргізіледі .Мәселен, ә дыбысын айтқанда жақ кең ашылып ,ауа еркін шығады.Мұғалім оқушыларға дауысты ,дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді.Оқушылар ә дыбысының дауысты дыбыс екенімен танысады.Мұғалім оқулықта дауысты дыбыстар қызыл түспен дауыссыз дыбыстар көк түспен берілгенін түсіндіреді.

Ә дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді.Сондай-ақ мұғалім оқушыларға ә дыбысы кездесетін есімдер туралы да мәлімет береді.

«Есте сақта»айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды,мұғалім ә дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   198




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет